Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Макро менеджмент.doc
Скачиваний:
110
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.08 Mб
Скачать

1. Экономикалық белсенді емес халық - жұмыс күші құралына кірмейтін ел тұрғындары. Бұған кіретіндер:

  1. Оқушылар және күндізгі бөлім студенттері;

  2. Зейнеткерлер;

  3. Үй шаруашылығымен айналысатын адамдар;

  4. Жұмыс табудан үмітін үзгендер;

2. Экономикалық белсенді халық (батыс экономикалық әдебиетінде “қоғамның жиынтық жұмыс күні”) – еңбекке жарамды адамдардың бөлігі, жұмыс күнін тауармен қызымет өндіруге ұсынатын.

Халықтың экономикалық белсенділік деңгейі – бұл экономикалық белсенді адамдар санының жалпы халық санындағы үлесі. Бұндай деңгей мына формуламен анықталады:

Dб = Xe – П х 100 , бұнда активтік

Хе

Dб – экономикалық белсенді халық деңгейі:

Хе – халық саны.

П – экономикалық белсенді емес халық.

Өз кезегінде, экономикалық екі топқа бөлінеді:

  1. Жұмыс бастылар – 16 және одан жоғары жастағылар:

    1. Жалданып окыу үшін жұмыс істегендер;

    2. Оқусыз жанұялық кәсіпорындарда еңбектенгендер;

  2. Жұмыссыздар – 16 және одан жоғары жастағы адамдар:

    1. Жұмыстары жоқ (кірісті іс) ;

    2. Жұмыс істеумен айналысқан;

    3. Жұмыс істеуге дайын;

    4. Жұмыс бастылық қызыметінің жолдамасымен оқылған;

Жұмыс бастылық және жұмыссыздық мәліметтерінің негізінде жұмыссыздық деңгейі анықталыды. Жұмыссыздық деңгейі мына формула бойынша анықталады:

Dж = Эа – Жб х 100 , мұнда

Эа

Dж – жұмыссыздық дең гейі

Эа – экономикалық белсенді халық саны

Жб- жұмыс бастылық

Ағымдық жұмыссыздық – бұл нормалы сапаға ие жұмыс күшінің, ой мен дене еңбегінің жұмысшыларының уақытша (жұмыссыз қалуы) қолының бос болуы.

Жекелеген сапалардың біркелкі дамымауынан, әсіресе мерзімді қайталанушы құлдырауға байланысты экономикада жұмыс күшіне сұраныс жеткіліксіз болады, және керісінше шаруашылықтың көтерілу кезеңінде оған қажеттілік артады.

Бұндай жұмыссыздықты экономикалық циклдарға байланысты циклдық деп атайды. Циклдық жұмыссыздықта өндірістік құлдырауына байланысты жұмыссыздар саны өте жоғарылайды.

Жасырын жұмыссыздық – ауыл шаруашылығында орын алады. Іркілген (тоқырау) жұмыссыздық өте реттелмеген жұмыспен айналысатын адамдарды қамтиды. Жұмыссыздқтың аталған формаларының барлығы жалпы белгілерге ие. Олардың барлығы микроэкономикалық деңгейдегі седептерден туған және өндірістің техникалық құралының өзгеруіне байланысты, оның индустриаялизациялануы қол еңбегін кең көлемде ығыстырды. Өндірістің қазіргі даму кезеңі жұмыссыздықтың макроэкономика көлеміндегі себептерді туғызды. Бұл себептер ҒТР тікелей байланысты .Жұмысшы күшінің жұмыс бастылығының азаюының жаңа формасы технологиялық жұмыссыздық.Құрылымдыұ жұмыссыздық, өндірістің орын ауыстыруымен байланысты.Қазіргі экономикалық теорияда жұмыссыздықтың үш түрін ерекше бөледі.

Функциондық жұмыссыздық, жұмыс күшінің аймақтылық, кәсіптік, жасына қатысты қозғалысымен (жаңа орынға көшу, басқа кәсіпке бейімделуі, оқуы, бала бағу) байланысты. Өзінің мазмұны жағынан функциодық жұмыссыздықты өз еркімен болатын жұмыссыздарға жатқызуға болады.

Құрылымдық жұмыссыздық жекелеген аймақтар мен халық шаруашылығы салаларының даму ерекшеліктерімен байланысты. Экономиканың бір сектордағы немесе аймақтағы жұмыссыздық күшінің артуы басқа жерде оның жеткіліксіз болуымен қатар жүреді.

Циклдық жұмыссыздық экономикалық конъюктураның өзгеруімен анықталады. Ол циклдық өрлеу кезеңінде азайып, дағдарыстар тұсында көбейеді.

Құрылымдық және функциондық жұмыссыздықтар оның табиғи деңгейін білдіреді. Бұл жағдайда инфляция орташа көлемде жүреді. Циклдық факторлар жұмыссыздықты “табиғи” деңгейден жоғарлатады. Батыс экономикалық әдебиетінде “толық жұмыс бастылықтың” жағаша түсінігін кездестіреміз. Т.ж.б. еңбек еткісі келетін халық санының жұмыс орны сандарына сәйкестігі, бірақ табиғи жұмыссыздық шегеріліп тасталады. Т.ж. – бұл құрылымдық және функциондық жұмыссыздар жұмыссыздықтың табиғи деңгейі – құрылымдық және фрикциондық жұмыссыз суммасының деңгейі. Бұл деңгей барлық жұмыс күні құрамындағы табиғи жұмыссыздық үлесін көрсетеді. Өндірісің адамдық факторының толық жұмыспен қамтылмауы елдің өндірістік потенциялына зиян әкеледі. Өндірістік потенциял – бұл жұмыссыздықтың табиғи деңгейін есепке ала отырып, экономика салыстырмалы ресурстарды толық пайдалану жағдайында өндіре алатын жалпы ұлттық өнімнің нақты көлемі. Егер жұмыссыздық табиғи деңгейінен жоғары өсетін болса, онда бұл әлеументтік және экономикалық шығындар әкеледі.

Макроэкономиканы белгілі зерттеуші Артур Оукен жұмыссыздық деңгейімен артта қалу деп аталатын - өндірілмеген немесе қайтарымсыз жоғалған өнім арасындағы математикалық қатнасты көрсетті.Оукен заңы деп атау алған бұндай қатынас егер жұмыссыздық деңгейі табиғи деңгейден 1% асатын болса, онда жалпы ұлттық өнім көлемінің артта қалуы 2.5% көрсетеді.Бұл жұмысқа байланысты өнімді жоғалтуды есептеуге мүмкіндік береді.

‘’Жұмыссыздықтың табиғи нормасын’’мойындау Батыс елдерінде үкіметтің басшылық дағдарысына жауапкершілігі артады.Бірақ бұл мемлекетті жұмыс басшылық саясатын жүргізуден босатылады. Батыс елдерінде соңғы отыз жылдан асатын уақытта мемлекет еңдекшілердің қауіпсіздігін қамтамассыз етуі үшін пайдаланатын әлеументтік амартизаторлар жүйесі қызмет етеді . Бұл жүйеге жалдамалы жұмысшыларды жұмыссыздықтан қорғайтын және оларды еңбекке құқықты қамтамассыз етудің арнаулы шаралары кіреді.Бұндай жүйенің бірінші элементі жұмыс бастылықты реттеу. Мемлекет келесі әрекетті қолданады:

- жаппай жұмыссыздық кезеңінде заңды белгіленген жұмыс күші мен жұмыс аптасының ұзақтығын қысқартады

2.Инфляция және үсыныс шоктары. Инфляцияның өсуіне әсер ететін факторлар және себептер. Сұраныс инфляциясы, шығындар инфляциясы. Күтілген және күтілмеген инфляция.

Әр түрлі негіздеудің болуында инфляция келесі түрлерге топталады.Инфляциялық процестердің сиаптына қарай ашық және жабық инфляция.

Инфляциялық шок: бір кезеңдегі бағананың өте жоғары көтерілуі. Таралу орнына есепке ала отырып инфляцияны келесі түрлерге бөлеміз 1. Жергілікті (локальная) – баға өсуі бір жер шеңберінен аспайды. 2. Әлемдәк инфляция елдер тобын не бүкіл әлемдік экономиканы қамтиды.

Инфляция баға өсу қарқыны бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

Ашық инфляция . Рынокты экономикалы елдерге тән. Ашық инфляция рыноктық процестерді бұрмалағанмен, өндірушілермен тұтынушыларға капиталды тиімді қолдану сферасын көрсететін белгі рөлін бағаға қалдырады.Басыңқы инфляция. Бұл жасырын инфляция. Баға мен кірісті әкімшіл-әміршіл бақылайтын экономикаға тән.Баға қарқынының өсуіне байланысты инфляция түрлері:

  1. Қалыпты баға жылына 10% төмен өседі

  2. Жоғары қарқынды 20% -200% дейін

  3. Шперинфляция 500-1000%

Инфляция себептері:

  1. Қағаз ақша эммиссиясына (мемлекеттік монополия) , сыртқы саудаға (өндірістік)

Инфляция бағасы. Инфляция бағасы деп оның соңғы нәтижесінің қоғамдық және оның құрылымдық бөлімдерінің кірісіне әсерін түсінеміз.

Тәжірибеде инфляция бағасының үш варианты кездеседі. Позитивті (кірістің өсуін білдіреді). Нөлдік және негативтік (тиімсіз).

Позитивті варианталарының болуы кездейсоқ емес: егер тауардың қымбаттауы ешкімге тйімсіз болса онда инфляция тек қателіктен болар еді.

Бәрінен бұрын инфляция мемлекетке кіріс әкеледі. Бұлардың бұл түрі ежелден сеньораж (фр. Seigneur age – ақша басу) құқы үшін баж (пошмина) Орта ғасырда феодал (сеньор) өз территориясында монета жасауға ерекше құқыққа ие болған және осындай жолмен пайда тапқан. Қазір сеньораж – мемлекеттің артықшылығы. Мемлекет өз шығындарын қаржыландыруүшін тікелей салықтарды көбейтуге шешім таба алмаған жағдайда, орталық банк арқылы жаңа ақша басуды ұйымдастырады. Бірақ сеньораж халық қолындағы ескі ақшалардың құнын түсіреді. Бұл қолда бар ақша инфляциялық салық деп аталады. Инфляциялық салық көлемі - Ис = ақшаның қаншаға құнсызданғанын көрсететін инфляция деңгейіне (И) және халықта бар ақшаның суммасына (А) тең. Ис = И х А. Бағаның өсуінен көптеген сауда және өнеркәсіп монополиялары үлкен ұтыс алады. Олар жүйені жасанды тапшылық жасайды.

II. Нольдік вариант – сирек құбылыс – инфляция “бағасы” – бұл жағдайда баға өсуіне байланысты шығындар тиолығынан кірістің өсуімен жабылады. Жеке кәсіп орындарда ұлттық көлемде ақшалай кірісті “автоматты инденсасация” жүргізіледі.

III. Негатифті вариант (инфляция “бағасы”) фирмалармен үй шаруашылығының кірістердің шығындалуына әкелетін инфляция ‘бағасы” жиі пайда болады.

  1. Ақшаны үйде ұстаудан

  2. Меню шығындары.

  3. Заңдық тәжрибенің жетілмегендігіне байланысты шығындар.

  4. Салық заңдарының жетілмегендігіне байланысты шығындар. Салық заңдарының көптеген ережелері инфляция әсерлерін есептеусіз құрылған.

  5. Инфляциялық күтудің дұрыс еместігіне байланысты шығындар.

Баға индексі – бағаның жалпы (орташа) деңгейінің өзгеруін көрсетеді.

Баға индексі үш сандық мәнге ие болады:

    1. Баға индексі 100% тең, яғни баға өзгеріс болып табылады.

    2. Баға деңгейі 100% жоғры, мысалы, 140% базалық жыл салықтарында ағымды жылда баға 1,4 есе өсіп, ақшаның инфляциялық құнсыздануы болды.

    3. Баға индексі 100% төмен, 80% есептейік. Бұл девляцияны білдіреді.

3.Адаптивті жене рационалды (ұтымды) күтімдер,Өзгертілген Филлипс қисығы. Қысқа жөне үзақ мерзімді кезең. Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер және инфляцияға қарсы саясат.

Инфляция –жалпы тепе-теңдік бұзылу формасы, жалпы баға деңгейінің жоғарлауы. Сұраныс пен ұсыныс болмысының бұзылуы. Инфляцияны – бағаның өздіксіз жалпы өсуі деп агықтама беруге болады. өздіксіз – яағни баға тұрақты өседі және жалпы яғни бағаның өсуі барлық рынокты қамтиды және бұл бүкіл экономика үшін тән. Ақша құнсызданады оның сатып алу деңгейі төмендейді.

Инфляция қарқыны.

Баға индекстері. Макраэкономикада индекстер кеңінен қолданылады. Олардың арасында кең таралған (тұтыну тауарлар бағасының индексі) өмір құнының бағасы және Ж.Ұ.Ө. дефляторы. Олардың байлығы белгілі бір уақыт аралығындағы бағаның орташа деңгейінің салыстырмалы өзгерісін көрсетеді.

Өмір құнын индексі көмегімен тұтыну тауарларының рыноктық себеттің белгіленген бағасы өзгереді. АҚШ – та бұндай индекс ай сайын еңбек статикасы бюросымен есептеледі. Тұтыну себетінде белгілі бір уақыт аралығында тауар мен қызметтің 400 түрі есептеледі.

“рыноктық себеттің” осы кездегі бағасы

Баға индексі =

Базалық кезеңдегі баға

Ертеректе АҚШ – та базалық кезеңге 1967 ж. қабылданса, қазір 1982 ж.

АҚШ – та 1996ж. өмір құны индексі 129% құрады. Бұл нені білдіреді? Тауар мен қызмет жиынтығына тұтынушылар қазір 1,29 есе көп төлейді, баға 14 жылда 29% өскен.

өмір құны индексі ең төменгі еңбек ақыны есептеуде пайдаланады, еңбек ақы деңгейі оған тәуелді. Дамыған елдерде жарты жылда бір еңбек ақыны түзету жүргізіледі инфляция 1% өскенде еңбек ақының өсуі 0,5% құрайды. Көтерме баға индексі (өндірістік міндеттегі тауарлар бағасының индексі) өндірісте пайдаланылатын аралық тауарлардың белгілі санын баға өзгерісін қарастырады. Көтерме бағаның өзгеруі шикізатқа, материялдарға жартылай фабрикаттарға өнімнің соңғы түрлеріне көтерме рыноктар баға динамикасын көрсетеді. Бағаның жалпы дегейін өлшеуде Ж.Ұ.Ө. баға индексі – Ж.Ұ.Ө. дефляторы жиі қолданылады.

Номиналды Ж.Ұ.Ө.

Ж.Ұ.Ө. дефляторы= 100%

Реалды Ж.Ұ.Ө.

Номиналды Ж.Ұ.Ө. – ағымдағы даға бойынша осы жылғы шығындар.

Реалды Ж.Ұ.Ө. – базалық жылдағы баға бойынша осы жылғы шығындар.

Реалды Ж.Ұ.Ө. бағаның өсуі есебінен әсіресе әскери, қазіргі кезеңдегі мемлекеттің функциясымен байланысты басқа шығындарға мемлекеттік монополия:

  1. еңбек ақының көлемімен ұзақтығына бағыт беріп отыратын кәсіподақ монополиясы.

  2. баға мен жеке шығындарды анық тауға ірі фирмалардың монополизмі.

Финанстің қисық сызығы.

1958ж. ағылшын экономисті А.Ф. инфляциялық жұмыспен қамтуға ықпалын көрсететін “сұраныс инфляциясы” үлгісін ұсынды. Ол 1861-1956ж. Ұлыбритания санақтар деректерін пайдалана отырып, Англядағы жұмыссыздықтың 2,5 – 3% артық көбеюі баға мен жалақы өсуін төмендететінін дәлелдеді.

А.Филипс есебінің теориялық негізін экономист жасады. Американ экономистері П.Самуэльсон және Р.Солоу Филипстің қисық сызығына өзгерістер енгізіп, жалақы ставкасын тауар бағалары өсу қарқынымен ауыстырады. Толық жұмыс пен қамту және өндіріс бағасының тұрақтылығын анықтайтын жағдайда үкімет Филипс қисық сызығын өзгеріссіз экономикалық саясат жасауда қолданады.

P

P2

P3

P1

U2 U3 U1 Жұмыссыздық деңгейі

Егер үкімет жұмыссыздық деңгейі өте жоғары U1 есептесе, онда оны төмендету үшін бюджеттік және ақша несие шаралары қолданылады, олар өз кезегінде сұранысты көбейтеді. Бұл өндірістің ұлғаюына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әкеледі. Жұмыс нормасы U2 мөлшеріне дейін төмендету, инфляция қарқынын P2 – ге дейін жоғарлатады. Мұндай жағдай дағдарысқа әкеледі. Сондықтан мемлекет несие беруді тежеу, бюджет шығындарын кеміту шараларын жүргізеді. Нәтижесінде бағаның өсу қарқыны P3 – ке дейін төмендеп, ал жұмыссыздық өсіп, оның нормасы U3 болады.