Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Макро менеджмент.doc
Скачиваний:
110
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.08 Mб
Скачать

1. Жиынтық ұсыныс сілкінісінің әсері қалай байқалады?

а) жиынтық ұсыныс қисығының солға жылжуынан (жоғарыға); ә) жиынтық ұсыныс қисығының оңға жылжуынан (төменге); б) қисық бойымен солға жылжуынан (төменге);

в) жиынтық ұсыныс қисығы көлбеуінің өзгеруінен.

2. Мұнайға деген бағаның өсуі ұсыныстың сілкінісі ретінде қарастырылуы мүмкін, бірақ ол:

а) мұнай ұсынысының өсуіне алып келеді; ә) жалақы шығындарын арттырады; б) мұнайды тұтынушылардың тәуелсіздігін шектейді; в) материалдық шығындарды арттырады.

3. «Храповик» әсері нені көрсетеді?

а) жиынтық сұраныс қысқарған жағдайдағы бағалар деңгейінің артуын; ә) жиынтық сұраныс қысқарған жағдайдағы бағалар деңгейінің тұрақтылығын; б) жиынтық сұраныс қысқарған жағдайдағы бағалар деңгейінің төмендеуін; в) жиынтық сұраныс артқан жағдайдағы бағалар деңгейінің төмендеуін.

4. Классикалық бағытты жақтаушылардың ең негізгі қағидасы:

а) экономикадағы мемлекеттік сектордың басым болуы; ә) ең төменгі жалақы туралы заң енгізу; б) жиынтық сұранысты ынталандыру үшін мемлекеттік шығындарды өсіру;

в) экономикаға мемлекеттің араласпау саясаты.

5. Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторлары:

а) ұлттық өнімге деген сұраныс көлемінің өзгерісін тудырады; ә) ұлттық өнімге деген жиынтық сұраныстың өзгерісін тудырады; б) ұлттық өнімге деген жиынтық сұраныс көлемінің өзгерісін тудырады; в) ұлттық өнімге деген жиынтық ұсыныстың өзгерісін тудырады.

6. AS қисығының Кейнсиандық кесіндісіне сәйкес AD-ң өсуі кезінде бағалар мен ЖІӨ көлемі қалай өзгереді?

а) бағалар тұрақты, ал өндіріс көлемі ұлғаяды; ә) бағалар өседі, ал өндіріс көлемі өзгеріссіз қалады; б) бағалар өседі, ал өндіріс көлемі ұлғаяды; в) бағалар өседі, ал өндіріс көлемі төмендейді.

7. Жиынтық сұраныс қисығының өзгерісі нені көрсете алмайды:

а) бір уақыттағы баға деңгейі мен нақты ЖҰӨ деңгейінің өсуін; ә) бір уақыттағы баға деңгейінің өсуі мен нақты ЖҰӨ деңгейініңтөмендеуін; б) тек қана нақты ЖҰӨ деңгейінің өсуін; в) тек қана баға деңгейінің өсуін.

8. Жиынтық ұсыныстың «сілкінісі» (шок) – бұл:

а) өндіріс көлемінің күрт төмендеуі; ә) шығарылым көлемінің төмендеуі; б) бағалардың өсуі; в) факторларға деген бағалардың шапшаң өсуі.

9. Қандай фактор AS қисығын оңға қарай жылжытады?

а) ресурстарға деген бағаның өсуі; ә) фирма пайдасына салынатын салық мөлшерлемелерінің өсуі; б) ресурстарға деген бағаның төмендеуі; в) еңбек өнімділігінің төмендеуі.

10. AS қисығының Классикалық кесіндісіне сәйкес AD-ң өсуі кезінде бағалар мен ЖІӨ көлемі қалай өзгереді?

а) бағалар тұрақты, ал өндіріс көлемі ұлғаяды; ә) бағалар өседі, ал өндіріс көлемі өзгеріссіз қалады; б) бағалар өседі, ал өндіріс көлемі ұлғаяды; в) бағалар өседі, ал өндіріс көлемі төмендейді.

11. “AD-AS” үлгісінде экономикалық өсу қалай бейнеленуі мүмкін:

а) AD мен AS қисықтарының бір мезгілде оңға жылжуы арқылы; ә) AD қисығының оңға жылжуы арқылы; б) AS қисығының солға жылжуы арқылы; в) AS қисығының оңға жылжуы арқылы.

12. Қай кезде жиынтық сұраныстың артуында өндірістің тепе-теңдік көлемінің өсуі орындалады?

а) AS қисығының кейнсиандық кесіндісінде; ә) AS қисығының аралық кесіндісінде;

б) AS қисығының классикалық кесіндісінде; в) AS қисығының аралық және классикалық кесінділерінде.

13. AS қисығының аралық кесіндісіне сәйкес AD-ң өсуі кезінде бағалар мен ЖІӨ көлемі қалай өзгереді?

а) бағалар тұрақты, ал өндіріс көлемі ұлғаяды; ә) бағалар өседі, ал өндіріс көлемі өзгеріссіз қалады; б) бағалар өседі, ал өндіріс көлемі ұлғаяды; в) бағалар өседі, ал өндіріс көлемі төмендейді.

14. Жиынтық ұсыныс қисығының кейнсиандық кесіндісіне сәйкес жиынтық сұраныстың өсуі: а) бағаның өсуіне алып келеді, бірақ нақты көріністегі ЖҰӨ динамикасына әсер етпейді; ә) бағаның төмендеуі мен нақты көріністегі ЖҰӨ көлемінің өсуіне алып келеді; б) нақты көріністегі ЖҰӨ көлемінің ұлғаюына алып келеді, бірақ баға деңгейіне әсер етпейді; в) баға деңгейі мен нақты көріністегі ЖҰӨ көлемінің ұлғаюына алып келеді.