Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Макро менеджмент.doc
Скачиваний:
110
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Аралық бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Жаттығулар, есептер, т.Б. Тапсырмалар:

  1. Экономикада келесі мәліметтер берілген (млрд. долл.):

Трансферттік төлемдер

4,0

Жалпы ішкі инвестициялар

16,2

Бизнеске салынатын жанама салық

7,0

Жеке табыс салығы

2,6

Таза экспорт

1,1

Корпорацияның бөлінбеген пайдасы

2,8

Амортизация

7,9

Жеке тұтыну шығындары

77,2

Корпорацияның пайдасына салынатын салық

1,4

Әлеуметтік сақтандыру салымдары

0,2

Қызметтер мен тауарларды мемлекеттік сатып алу

8,5

А) ЖҰӨ көрсеткіштерін және жеке қолда бар табыстың көрсеткіштерін есептеңдер.

Б) Жеке жинақтардың көлемі қанша?

В) Экономикадағы капитал қорының көлемі қаншаға өсті? (есеп ЖІӨ=ЖҰӨ жағдайында шығарылады).

  1. Экономика жағдайы келесі көрсеткіштермен берілген:

Тұтыну шығындары (С) = 2300

Инвестициялар (I)= 700

Мемлекеттік шығындар (О) = 800

Мемлекеттік трансферттер (TR) = 100

Мемлекеттік қарыз бойынша %-ті төлеу (N) = 100

Салықтар (T) = 800

ЖІӨ = ЖҰТ

Есептеңдер:

А) жеке жинақтар;

Б) мемлекеттік жинақтар;

В) мемлекеттік облигациялардың бағасын (құнын) және мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін шығарылған қосымша ақша көлемін. Мына жағдай анық: тапшылық 80%-ке облигация шығарумен қаржыландырылады.

  1. 3 игілік өндіріледі және тұтынылады дейік. Кестеде саны және бағасы (1 бірлікке) 2 кезеңге берілген Ласпейрес, Пааше, Фишер индекстерін (1992 ж. базистік кезең) есептеңдер:

Жылдар

1992

1992

2002

2002

бағасы

саны

бағасы

саны

кітаптар

20

20

30

7

джинсілер

52

10

75

5

теледидарлар

1200

5

800

3

4. Тұтынушы ай сайын 1 кг сиыр еті мен 1 кг балық сатып алады деп ұйғарайық. Базистік жылы сиыр етінің де, балықтың да 1 кг-ның бағасы 1000 теңге болды дейік. 2002 жылы сиыр етінің бағасы көтеріліп, 200 теңге болды, ал балықтың бағасы өзгермей, бұрынғы қалпында қалды. Осыған орай 2002 жылы ТБИ қандай болады.

5. Экономика келесідей мәліметтермен берілген:

ЖҰӨ - 4800, Таза инвестиция – 800, Тұтыну – 300, Мемлекеттік сатып алымдар – 960.

Табу керек: таза экспортты, қолда бар табысты, жинақты, таза ұлттық өнімді.

6. ­Төмендегі берілген мәліметтерді пайдалана отырып есептеңіз (ақша бірлікпен): а) ТҰӨ -ді; б) ҰТ – ты; в) жеке табысты; г) қолда бар табысты.

- ЖҰӨ - 7800.

- Амортизациялық аударымдар – 500.

- Корпорацияның бөлінбеген пайдасы – 300.

- Әлеуметтік сақтандыру жарналары – 350.

- Мемлекеттің жеке тұлғаларға төлетін трансферттік төлемдері – 530.

- Корпорацияның пайдасына салық салу – 140.

- Азаматтардан алынатын табыс салығы – 650.

- Бизнеске деген жанама салықтар – 490.

7. - Шикізат өндіру (мақта) – 100.

- Шикізатты өңдеуге жеткізу – 160.

- Шикізатты өңдеу (мата) – 300.

- Өңделген шикізатты дайындаушыға жеткізу (тігін фабрикасына) жеткізу – 370.

- соңғы өнімді шығару (көйлек) – 550.

- соңғы өнімді көтерме сатушыға жеткізу – 610.

- соңғы өнімді бөлшек сатушының сатуы – 710.

Осы мәліметтерді пайдалана отырып сатудың жалпы құнын және қосылған құнды анықтаңыз (ақша бірлікпен).

8. Төмендегі мәліметтеріне сәйкес жеке табысты, қолда бар табысты, жеке жинақтарды анықтаңыз:

Көрсеткіштер (ағ.бағамен,млрд.тг.)

2000 ж.

1. Еңбекақы

2. Әлеуметтік трансферттер

3. Меншіктен түскен табыстар

4. Басқа да табыстар

5. Салықтар және басқа да төлемдер

6. Тұтыну шығындары

2453,7

502,6

268,4

517,9

291,1

2911,4

9. Кестені толтырыңыз:

Y

C

I

G

Xn

T

Sp

(жеке жинақтар)

Sg (мем.жинақтар)

Sn (ұлттық жинақтар)

1

5000

3000

700

1000

900

2

5000

3000

900

1000

1000

3

5000

3200

900

900

1000

10. Төмендегі мәліметтерді пайдалана отырып ЖҰӨ-ді екі әдіспен (шығындар әдісімен және табыстар әдісімен) есептеңіз (млн.тг.):

Тұтыну шығындары – 3226; жалпы ішкі таза инвестициялар – 765; жеке салықтар – 590; трансферттік төлемдер – 768; мемлекеттік сатып алымдар – 964; корпорацияның бөлінбеген пайдасы – 79; корпорацияның пайдасына салық салу – 145; экспорт - 202; импорт – 295; әлеуметтік сақтандыру жарналары – 445; амортизациялық аударымдар – 505; бизнеске деген жанама салықтар – 393; жалақы – 2905; арендалық төлемдер – 20; пайыздар – 392; жеке салымдардан түскен табыс – 325; дивидендтер – 98.

11. ЖІӨ - 4000, тұтыну – 2500, инвестициялар – 400, мемлекеттік шығындар – 1200, экспорт – 200. Табу керек: а) Импорт көлемі қаншаға тең? б) Жеке жинақтардың көлемі қаншаға тең?

12. ЖІӨ - 5000, жеке қолда бар табыстар – 4100, мемлекеттік бюджет тапшылығы – 200, тұтыну – 3800, инвестициялар – 200. Табу керек: а) Таза экспорт көлемі қаншаға тең? б) Жеке жинақтар көлемі қаншаға тең?

13. Мына берілгендер бойынша а) ЖҰӨ-ді (шығындар бойынша және табыстар бойынша), б) ТҰӨ-ді, в) ҰТ-ты есептеңіздер.

Берілгендер (млрд. тг.):

  • несиеге деген пайыз – 12,

  • жалпы жеке инвестициялар – 55,

  • жалақы – 218,

  • корпорацияның пайдасы – 113,

  • жанама салықтар, салықтық емес төлемдер – 22,

  • ренталық төлемдер – 20,

  • корпорацияның пайдасына деген салықтар – 50,

  • таза экспорт – 9,

  • мемлекеттік сатып алымдар – 90,

  • таза жеке инвестициялар – 45,

  • меншіктен түсетін табыстар – 21,

  • мемлекеттік кәсіпорындарға субсидиялар беру – 2,

  • тұрғындарға берілетін трансферттік төлемдер – 23,

  • тұтыну шығындары – 260.

14. Ұлттық өндіріс мынадай 2 тауардан тұрады делік: Х (тұтыну тауарлары), У (өндіріс құрал-жабдықтары). Ағымдағы жылы Х өнімінің 500 мөлшері өндірілді, әрқайсысының бағасы 2 теңге, ал У тауарының 20 мөлшері өндірілді, олардың әрқайсысының бағасы 10 теңгеге тең. Жыл аяғына қарай пайдаланудағы 5 машина жаңартылды. Табу керек: а) ЖҰӨ - ді, б) ТҰӨ - ді, в) Тұтыну көлемін және инвестиция көлемін, г) Таза инвестициялар көлемін.

15. Өткен жылы белгілі бір мемлекетте мынадай көрсеткіштер орын алды (ақша бірлікпен): ЖҰӨ - 500, жеке сектордың жеке инвестициялары – 75, мемлекеттік сатып алымдар – 80, үй шаруашылықтарының тұтынулары – 250, мемлекеттік бюджетке тікелей салықтардың түсуі – 30, жанама салықтардың түсуі – 20, кәсіпкерлерге субвенциялар – 25, экспорт – 150, импорт – 110. Табу керек: а) үй шаруашылықтарының қолда қалған табыстарын; б) амортизациялық қорды; в) мемлекеттік бюджет жағдайын.

16. Кестенің мәліметтері бойынша 2005 жылдың бағалар индексі мен дефляторды анықтаңыз:

Өнім

2004 ж

2005 ж

Баға

Саны

Баға

Саны

НАН

І

200

1

300

ЕТ

3

100

4

150

КИІМ

6

60

8

50

17. Мынадай көрсеткіштер берілген (ақша бірлікпен): ЖҰӨ - 480, жалпы инвестиция көлемі – 80, таза инвестиция көлемі – 30, үй шаруашылықтарының тұтыну көлемі – 300, мемлекеттік шығындар – 96, мемлекеттік бюджет артықшылығы – 3. Табу керек: а) таза ұлттық өнімді; б) таза экспортты; в) үй шаруашылықтарының қолда қалған табыстарын және олардың жинақтау көлемін.

18. Мынадай көрсеткіштер берілген (ақша бірлікпен): ҰТ – 500, қолда бар табыс – 410, жанама салықтардың субсидиялардан асып кетуі – 20, үй шаруашылықтарының тұтынуы – 380, сауда балансының тапшылығы (импорттың экспорттан асып кетуі) – 10. Табу керек: а) жинақтар мен жеке инвестициялар көлемін; б) мемлекеттік шығындарды; в) тікелей салықтар сомасын, егер мемлекеттік бюджет тапшылығы 10-ға тең болса.

19. ЖҰӨ - 8281, амортизациялық төлемдер – ЖҰӨ көлемінің 6 пайызын құрайды, корпорацияның бөлінбеген пайдасы – 470, жанама салықтар – 520, субсидиялар – 250, корпорацияның пайдасына салықтар – 157, табыс салығы – 723, трансферттік төлемдер – 605, әлеуметтік сақтандыру жарналары – 115.

Табу керек: а) ТҰӨ-ді; б) ҰТ-ты; в) халықтың қолда қалған табыстарын.

20. Жалақы – 1800, корпорацияның пайдасы – 300, амортизациялық аударымдар – 600, ренталық табыстар – салынған капитал құнының 15 пайызын құрайды, трансферттер – 150, жанама салықтар – 300, капитал құны – 6000. ЖҰӨ көлемін есептеу қажет. Бұл есепте қай әдісті қолданамыз?

21. Келесі макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесін қолдана отырып мемлекеттік жинақтар көлемін және үй шаруашылықтарының жинақтау көлемін есептеңіз:

  1. Нақты ұлттық табыстың тепе-теңдік көлемі – 8500.

  2. Экспорт – 160.

  3. Импорт – 80.

  4. Тұрғындардың төлейтін табыс салықтары – 630.

  5. Мемлекеттік бюджеттен трансферттер формасында төленетін төлемдер – 280.

  6. Инвестициялар көлемі – 1480.

  7. Экономикадағы шеңбер айналымын қамтамасыз ететін үй шаруашылықтарының тұтыну шығындары – 6200.