Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Макро менеджмент.doc
Скачиваний:
110
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.08 Mб
Скачать

1.Негізгі әдебиет

1. Сакс Д. Макроэкономика: глобальный подход. М.: МГУ

баспасы , 1998.

2. Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика. — М.: МГУ

баспасы, 1997.

3.В. М. Гальперин, П. И. Гребников, А.'И. Леусский, Л. С. Макроэкономика.

4. Тарасевич. Макроэкономика. - Санкт-Петербургский государственный университет экономики и финансов. -1997.-720 бет.

5.Долан Э. Дж. Макроэкономика. С.-Петербург, 1994.

6.Микро-макроэкономика. Практикум, Задачи, тесты,

ситуации. С.-П., 1994.

7.Мэнкью Н.Г. Макроэкономика. М.: МГУ аашайй, 1994.

8.С. Фишер, Р. Дорнбуш, Р. Шмалензи. Экономика. — Дело. — Макроэкономика.

М.-1993.- 830 бет.

9.. Мамыров Н.К. Тлеужанова М.А. "Макроэкономика"

Экономика Алматы 2003.

2. Қосымша әдебиет

1. Ален Р. «Математическая экономия». - М.: «Иностранная литература», 1963 .

2.Баумоль У. «Математическая экономия». - М.: «Иностранная литература», 1963

3.Гальперин ВМ. «Микроэкономика».- «Экономическая школа»,1994.

4.Мамыров Н.К., Кулекеев Ж.А,, Султанбекова Г.К. Макроэкономика. - Алматы: Экономика Каз ГАУ, 1997.

5.Тарануха Ю.В., Земляков Д.Н. Микроэкономика. Макроэкономика. М. «Дело и сервис» 2002г.

6.Гурасьян Г.М. «Экономическая теория: ключевые вопросы» М. Инфра-М. 2003г.

7.Борисов Е.Ф. «Основы экономики» М. Юристъ. 2003г.

5 Тақырып. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс. Аd -as үлгісі

1. Жиынтық сқраныс мәні және оны анықтаушы факторлар.

2. Ақшаның сандық теориясының теңдеуі.

3. Жиынтық ұсыныстағы классикалық көзқарас. Икемді еңбек ақы.

4. Жиынтық ұсыныс қисығын құру. Жиынтық ұсыныстағы кейнсиандық көзқарас.

Мақсаты: макроэкономикалық тепе-теңдіктің негізгі моделін құрайтын жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысқа жалпы шолу жасау, қысқа және ұзақ мерзімдегі олардың ауытқуын қарастыру, және де экономикадағы тұрақтандыру саясатын іске асыру мәселелерін ортаға салу. Ол үшін мына сұрақтар қарастырылып талқылану қажет.

Дәріс жоспары:

  1. Жиынтық сұраныс және оған әсер етуші факторлар.

  2. Жиынтық ұсыныс, оның Кейнсиандық және классикалық үлгілері.

  3. АD - АS үлгілері макроэкономикалық тепе - теңдік.

Негізгі түсініктер: жиынтық сұраныс; жиынтық сұраныстың құрауыштары; жиынтық шығындар; тұтыну шығындары; инвестициялық сұраныс; мемлекеттің тауарлар мен қызметтерге деген сұранысы; сыртқы әлемнің таза сұранысы – таза экспорт; жиынтық сұраныс функциясы; Кейнс әсері (пайыз мөлшерлемесінің әсері); байлық әсері (Пигу әсері); импорттық сатып алымдар әсері; жиынтық сұраныстың факторлары; жиынтық ұсыныс; жиынтық ұсыныс функциясы; қысқа мерзімдік кейнстік жиынтық ұсыныстың қисығы; аралық жиынтық ұсыныс қисығы; ұзақ мерзімдік классикалық жиынтық ұсыныстың қисығы; макроэкономикалық тепе-теңдік; сілкіністер; жағымды және жағымсыз сілкіністер; жиынтық сұраныстың сілкіністері; жиынтық ұсыныстың сілкіністері; сұраныс инфляциясы; ұсыныс (шығындар) инфляциясы; стагфляция; «Храповик» эффектісі; тұрақтандыру саясаты.

Қысқаша мазмұны.Макроэкономикадағы жиынтық сұраныс (AD) сатып алушылардың жиынтық сұраныстары ретінде қарастырылып, өндірілген өнім көлемі мен бағаның жалпы деңгейі арасындағы кері тәуелділікті сипаттайды. Ал бұл тәуелділік жиынтық сұраныс қисығы арқылы анықталады.

Жиынтық сұранысқа әсер ететін бағалық факторлар немесе жиынтық сұраныс қисығының теріс көлбеулі болуы мынадай негізгі үш әсерге байланысты:

  • Кейнс әсері (пайыз мөлшерлемесінің әсері);

  • Пигу әсері (нақты кассалық қалдықтар әсері немесе байлық әсері);

  • Импорттық сатып алымдар әсері.

Жиынтық сұранысқа әсер ететін бағалық емес факторлар:

  • тұтыну шығындарының өзгерістері;

  • инвестициялық шығындардың өзгерістері;

  • мемлекеттік шығындардың өзгерістері;

  • таза экспорт шығындарының өзгерістері;

  • ақша ұсынысы;

  • ақша айналымының жылдадығы.

Макроэкономикада жиынтық ұсыныс (AS) ұлттық экономикада өндірілген барлық соңғы өнімдер мен көрсетілген қызметтер көлемі ретінде сипатталады және ол басқаша нақты ЖІӨ деп аталады. Жиынтық ұсыныс қисығының үш кесіндісі бар:

  • кейнстік (көлденең) кесінді;

  • аралық (жоғарыға ұмтылушы) кесінді;

  • классикалық (тік) кесінді.

Жиынтық ұсыныс қисығын жылжытатын факторлар:

  • ресурстарға деген бағалардың өзгеруі;

  • өнім өндірудегі өнімділіктің және технологияның өзгеруі;

  • салықтар мен дотациялар деңгейінің өзгеруі;

  • климаттық жағдайлардың өзгеруі;

  • құқықтық нормалардың өзгеруі және т.б.

Ұзақ мерзімді кезеңде жиынтық ұсыныс мөлшері экономикадағы ресурстардың саны мен сапасы арқылы және қолда бар технологиямен анықталады, сондықтанда бұл жерде өндіріс көлемі бағалар деңгейінің және басқа да атаулы көрсеткіштердің өзгеуіне байланысты болмайды; барлық бағалар икемді әрі жұмсақ, ресурстардың бағалары тауар бағаларының өзгеруіне қарай пропорционалды түрде өзгереді, және жиынтық ұсыныс қисығы тік сызықты болып табылады.

Қысқа мерзімді кезеңде бағалар икемсіз, әрі қатаң болып келеді, және ресурстардың шектеусіз жағдайында жиынтық ұсыныс қисығы көлденең сызықты болып табылады.

Әртүрлі макроэкономикалық үлгілерде қысқа мерзімді кезеңдегі жиынтық ұсыныстың қисығы неліктен оң көлбеулі сипатқа ие болатындығы туралы себептері әртүрлі түсіндіріледі. Қысқа мерзімді жиынтық ұсыныстың оң көлбеулі сипаттылығын түсіндіретін мынадай себептер (үлгілер) бар:

  • қатаң атаулы жалақы үлгісі;

  • жұмыскерлердің тұрақсыздығы туралы үлгі;

  • жетілмеген ақпарат үлгісі;

  • икемсіз бағалар үлгісі.

Егер ұлттық экономикада барлық өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтер берілген баға деңгейінде сатып алынса, онда AD – AS үлгісіндегі макроэкономикалық тепе – теңдік орнайды.

Ұлттық экономикада жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың кенеттен өзгеруін сілкіністер (шок) деп атайды, олар жиынтық сұраныс тарапынан да, жиынтық ұсыныс тарапынан да орын алады. Сонымен қатар, сілкіністердің жағымды және жағымсыз деген түрлерін де атап көрсетуге болады. AD – AS үлгісі негізінде осы кенеттен өзгерген жағдайлардың экономикаға әсерін зерттеу және оны тұрақтандыру үшін мемлекеттің рөлі талдап көрсетіледі.