Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
khimia_shpor_dayyn_mine-1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

1. Гормондарға жалпы сипаттама.

Эндокрин (грек endokrin – ішке шығарамын) бездерінде немесе ішкі секреция бездерінде гормондар түзіледі, ол гормондар қанға қосылады да, қан арқылы синтезделген жерден қашықта орналасқан нысанаға алынған жасушаға жетеді. Эндокрин бездерінің гормон арқылы берілетін хабары тез емес, баяу жетеді, бірақ оның әсері ұзақ болады.

Гормондардың түзілуін жүйке жүйесі, әсіресе ми қабығы реттеп отырады.

Гормон дегеніміз – биохимиялық процестерді реттейтін және адам мен жануарлардың асас маңызды тіршілік қызметіне қоздырушы әсер ететін химиялық зат.

“Гормон” деген термин гректің қоздырамын деген сөзінен шыққан (hormao – қоздырамын, қозғалтамын). Химиялық құрамына қарай гормондар – белок, полипептид, липидтер немесе стероидтарға жатады. Гормондар ішкі секрециялық бездерден басқада, ас қорыту жолының мүшелерінде, бүйректе, бауырда да түзіледі. Барлық гормондар ағзадағы зат алмасу процестеріне әсер етеді.

Гормондар тек жасуша деп аталатындарға ғана әсер етеді, ол клеткалардың ерекше маманданған рецепторлары (receptor – қабылдаушы деген латын сөзінен шыққан) болады, ондай рецепторлар плазмалық мембранаға немесе клетка ішіне орналасақан және олармен байланысқан. Гормондар тиісті рецепторлармен өзара әрекеттесу нәтижесінде ғана биохимиялық процестергеәсер етеді, биохимиялық процестерді тездетеді, ал кейде тежейді. Гормонның жалпы өмірі ұзақ емес, әдетте ол бір сағатттан кем.

Гормондар ағзада аса маңызды үш түрлі қызмет атқарады:

-физикалық, жыныстық жетілуіне және ақыл-ойдың дамуына көмектеседі;

-физиологиялық мүмкіндік жасайды және оны қамтамасыз етеді;

-бірқатар асас маңызды физиологиялық көрсеткіштердің (осмостық қысымының, қандағы глюкоза деңгейінің) бірқалыпта болуына қамтамасыз етеді.

Эндокрин бездерінің құрылым мен қызметін, одан бөлініп шығатын секреттерді және зат алмасуда гормондардың реттегіш механизмдерін зерттейтін биохимия тарауын эндокринология деп атайды.

Соңғы кездерде өсімдіктерден де олардың өсуін реттейтін гормондар табылған. Химиялық табиғатына қараай гормондар 4 топқа бөлінеді.

-Белоктік және пептидтік: инсулин, глюкагон, гипофиз, гипоталамус, қалқанша маңындағы без гормондары.

-Тироксин, адреналин, норадреналин, т.с.с. амин қышқылдарының туындылары болып табылатын -гормондар.

-Стероидтық: жыныс бездерінің гормоны, бүйрек без гормоны, т.б.

-Жергілікті әсер ететін гормондар: полиқанықпаған май қышқылдарының – простагландиндер.

2.Гравиметриялық анализ әдісінің мәні.

Гравиметриялық анализ заттардың массасын анықтауға негізделген.

Гравиметриялық анализдің екі түрі бар: айдау әдісі және тұнбаға түсіру әдісі.

айдау әдісімен ұшқыш заттардың массасын анықтайды;

 тұндыру әдісімен тұнбаға түсетін заттарды анықтайды.

Гетерогенді ортадағы тепе-теңдік (С.Ж.Ж.- студенттің жеке жұмысы)

Аз еритін қосылыстарды тұнбаға түсіргенде гетерогенді жүйемен кездесеміз. Тұнба ерітіндімен беттескенде екі жүйе болады –қатты және сұйық. Бұл жағдайда тұнба ериді, осы кезде динамикалық тепе-теңдік орнайды.

тұнба АВ А+ + В- ер-ді.

Массалық әсерлесу заңы бойынша, тепе-теңдік орнағанда,

 КАВ немесе соnst [А+][В-]  КАв; соnst

мұндағы;

[А+][В-] - концентрациялық көбейткіш (КК);

КАВ - ерігіштік көбейткіш (ЕК).

ЕК-бұл гетерогенді тепе-теңдіктің тұрақтысы (константа) тұнба ер-ді яғни ЕКАК [А+][В-]

Титриметриялық анализ анықтауға берілген затқа жұмсалған титранттын (реактивтің) дәл көлемін өлшеуге негізделген әдіс, сондықтан оны кейде көлемдік анализ деп атайды.

Сол жұмсалған титранттың көлемі арқылы анықталатын заттың мөлшерін табады. Титрант ретінде берілген ерітіндінің концентрациясы жоғары дәлдікпен анықталған болу керек. Бұндай ерітінді титрленген немесе стандартты деп аталады. Ал титрленетін (анализге берілген ерітінді) жұмысшы енрітінді деп аталады.

Титрлеу - бұл титрант титрлейтін ерітіндіні жайлап (тамшылатып) қосып отыру.

Эквиваленттік нүкте (Э.Н.) – бұл титрлейтін ерітінді мен титранттың көлемі химиялық эквивалентті түрде тең болған кезі.

Эквиваленттік нүктеге жеткен кезде эквиваленттік заң орындалады.

Титрант ерітіндісін стандарттау – бұл оның жоғары дәлдікпен концентрациясын тұрақтандыру.

Титриметриялық анализ бірнеше топқа бөлінеді:

 титрлеу реакциясының типіне қарай;

 титрлеу әдісіне байланысты;

 титрлеу түріне байланысты.

Реакция түріне байланысты классификациялау:

 қышқылдық – негіздік титрлеу әдісі (протон алмасу);

 тотығу – тотықсыздану әдісі (перманганатометрия, иодометрия т.б.);

 кешен түзу әдісі (комплексонометрия, меркуриметрия т.б.);

 тұнбаға түсіру әдісі (аргентометрия, меркурометрия т.б.).

Титрлеу әдісі.

 тура титрлеу;

 кері титрлеу.

Титрлеу түрі.

 пипетирлеу әдісімен титрлеу;

 жеке өлшеу әдісімен титрлеу.

Титриметрия әдісіндегі есептеулер.

Титриметрия әдісінде эквиваленттік факторға (fэ), эквиваленттік молярлы масса (Мэ), эквиваленттік молярлы концентрациясы (Сэ), молярлы концентрация (С).

Титриметриялық анализ әдісінде концентрацияны титр (Т) арқылы өрнектейміз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]