Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
khimia_shpor_dayyn_mine-1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2.Ластануды тазарту. Сандық анализде иондарды бөлу Қатты фазаның (тұнбаның) түзілу күрделі процесс, оны мына схемамен көрсетуге болады.

Анықталатын компонент + тұнба түсіргіш - индукциялық кезең (алғашқы кристалдардың түзілуі)

тұнбаның түзілуі(үлкен бөлшектердің түзілуі)

1.бөліп-бөліп,тұнбаға түсіргішті құю алғашқы кристалдардыңбетінде заттың бөлінуі тұнбаның түзілуі

2.жылдам тұнбаға, түсіргішті тез құю алғашқы кристалл үлкен агрегаттарға кристаллды қосылуы (коагуляция) аморфты тұнбаның түзілуі

Кристалды тұнбаның түзілуі.

Аналитикалық мақсатта күрделі кристаллды тұнбамен жұмыс жасаған ыңғайлы. Осыны ескеріп күрделі кристалды тұнбаның түзілуіне жағдай жасау қажет.

Аморфты тұнбаның түзілуі.

Аморфты тұнбалар коллоидтты бөлшектердің бірігуінен түзіледі. Коагуляция және пептизация процессін болдырмау үшін, аморфты тұнба түзілуіне жағдай жасау қажет.

3.Сандық және сапалық анализ негіздерінің әдістері.

Аналитикалық химия екі бөлімнен тұрады: химиялық (классткалық) және физика-химиялық анализ.

Химиялық анализ әдісі екі негізгі бөліктен тұрады:

а)гравиметриялық; б)титриметриялық.

Физика - химиялық анализ әдісі:

а)оптикалық анализ және спектралды анализге,

б)электрохимиялық анализге

в)хроматографиялық анализге және т.б. бөлінеді.

Бұлардан да басқа әдістер бар, мысалы: металлдарды анықтау, судың кермектілігін анықтау, тамақ өнімдерін анализдеу, органикалық қосылыстарды анықтау. Соңғы жылдары компьютерді және математикалық әдістерді химиялық анализдерде кеңінен қолданып келеді. Заттармен азық-түліктердің сапасын анықтау әдістеріне қойылатын талаптар:

-Әдісті стандарттау және унификациялау;

-Анализдеу әдістемесін бекіту;

-Заттың сапасын көрсететін құжатта тіркеу.

Аналитикалық сигнал.

Барлық аналитикалық әдістер аналитикалық сигналды өлшеу мен анықтауға негізделген.

Аналитикалық сигнал-бұл заттардың физикалық және химиялық қасиеттерін анықтау үшін және компоненттердің сандық, сапалық мөлшерін табу үшін қолданатын факторлар.

Физикалық анализ әдісінде (химиялық реакциясыз) аналитикалық сигнал ретінде қайнау температурасын алады;

Гравиметриялық анализде аналитикалық сигнал ретінде тұнбаның массасын алады;

Титриметриметриалық анализде аналитикалық сигнал ретінде титрдың көлемі алынады.

Физико-химиялық анализ әдісінде аналитикалық сигнал ретінде физикалық мәндерді алады. Мысалы, тоқ күші, оптикалық тығыздық, электр өткізгіштіктер.

4. Сүтқышқылды, майқышқылды ашыту.

Бұл процесс ерекше микроорганизмдер - сүт қышқылы бактерияларының көмегімен жүреді. Мұнда глюкоза қанты екі молекуланы сүт қышқылына айналады. Оны мына реакция бойынша жазылады:

С6Н12Ос ® 2СН3СНСООН + 18 ккал энергия

Сүт қышқылының ашу процесінің ішкі табиғаты біршама жақсы зерттелген.

Ашу процесінің сипатына қарай сүт қышқылы бактерияларын екі топқа бөлуге болады: а) гомоферментативті сүт қышқылы бактериялар. Олар қанттан тек қана сүт қышқылын түзеді. б) гетероферментативті сүт қышқылы бактериялары. Қанттан сүт қышқылын, едәуір молшерде сірке қышқылын, этил спиртін, глицерин және көмір қышқыл газын түзеді. Формуласы:С6Н12Ос® СН3СНОНСООН+СН3СООН+СН2СН2ОН+СН2ОННСОН СН2ОН+СО 2

Сүт қышқылы бактерияның клеткасы шар және таяқша тәрізді болады, қозғалмайды, спора түзбейді және ауалы немесе ауасыз жерде тіршілік етуге бейімделген. Бірақ қышқыл ортаға шар тәріздер төзімсіз. Ал таяқша тәріздер төзімдірек.

Сүт қышқылы бактериялары 7-ден 42 градус жылылық арасында тіршілік етеалады. Әрине, бұлар спора түзбейтіндіктен температура жоғарылағанда қырылып калады. Тіршілік ету барысында олар қышқыл түзеді. сөйтіп, ортаны қышқылдандырып, басқа микроорганизмдердің тіршілік етуіне жол бермейді. Реакциясы бейтарап ортада өте жақсы тіршілік етеді.

Май қышқылының ашу процесі деп углеводтардың, спирттердің және басқа да заттардың анаэробты жағдайда, ерекше бактериялар тобының әсерінен болатын күрделі биохимиялық процесті атайды. Оны қоздыратын Клостридиум туысына жататан грам-оң, спора түзетін таяқша бацилдар. Оттегі бұл микроорганизм үшін улы қасиет көрсеткенімен де оның споралары аэробты жағдайда тіршілігін жоймайды. Май қышқылының ашу процесі төмендегі реакция бойынша жүреді.

4С6Н12О6 =3СН3СН2СН2СООН + 2СН3СООН + 8СО2+ 8Н2

қант май қышқылы сірке қышқылы

май қышқылының ашу процесінде ортада бутил және этил спирттері, ацетон, сірке, капрон және каприл қышқылдары сияқты қосымша өнімдер пайда болады.

Май қышқылының ашу процесі табиғатта кең тараған. Оны топырақтан, қөлдердің түбіндегі балшықтан, тоғайдардан және ластанған өзендерден, көлдерден кездестіруге болады. Жалпы бұл прцесс органикалық заттардың минералдануы кезінде үлкен роль атқарады. Май қышқылы ашу процесін қоздыратын клостридиум бутрикум – мөлшері 1-2 х 10 мкм дейін баратын ірі таяқшалар қозғалғыш келеді. Бірақ өскен клеткалардың жіпшелері жоғалған соң ұршық тәрізденіп жұмырланып, қозғалмайтын болады. Бұл кезде оның клеткасына гранулеза деп аталатын қор заттары жиналады.

Май қышқылы бактерияларының бір өкілі- клостридиум Пастеуурианум, белгілі жағдайда ауа азотын сіңіре алады.

 № 5 билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]