Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
khimia_shpor_dayyn_mine-1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

4) Витаминдік және витаминдік емес коферменттер

Коферменттер (лат. тілінде Ко-бірге және фермент деген сөзден ишыққан)–құрамында белок жоқ органикалық қосылыстар, олар апоферментпен тығыз байланысқан.

Коферменттер – төменгі молекулалы заттар, олар жоғары температураға төзімді келеді және ферменттің белоктық бөлігінен оңай ажырайды.

Көптеген ферменттер витаминдерге жатады немесе витаминдер туындысы болып табылады. Коферменттерге активті тобы бар витаминдер –тиаминпирофосфат (В1 витаминінің туындысы), никотинамидті коферменттер (РР витамині) жатады. В2, В6, В12 витаминдері және т.б. витаминдер кіреді. Сондықтан да витаминдер жетіспеуі коферменттердің синтезін бұзады, соның салдарынан тиісті ферменттердің түзілуі тежеледі. Осыдан зат алмасу бұзылады және адам мен организм бір қалыпты тіршілік ете алмайды.

Витаминдік емес коферменттер де бар, мысалы, металлпорфириндер, нуклеотидтер, пептидтер, т.б. Мұндай коферменттер зат алмасудың аралық өнімдерінен түзіледі және әрқашан организмде болады.

В1 витамині (тиамин, антиневриттік витамин, аневрин)

Тамақ құрмында тиамин немесе В1 витамині жоқ болса, бери-бери немесе полиневрит деген ауруға шалдығады.

В1 витамині қауызынан тазаланбаған күріште,ірі тартылған ұнда,тағы басқа өсімдік тағамдарында кездеседі.Сүтте,жұмыртқаның сары уызында,бауырда, бүйректе,етте көп болады.

Химиялық табиғаты мен биологиялық маңызы

В1 витаминінің жалпы формуласы - C12H17N4OSCIHCI Тиаминнің құрамында 2 гетероциклды сақина болады:пирамидин және тиазол. Тиазол молекуласында амин тобы мен күкірттің кездесуіне байланысты тиамин деген атқа ие болады.

Табиғатта таралуы. Тиамин өсімдіктер тектес өнімдер, әсіресе бидай, күріш, қара бидай дәндерінің қауызы,ашытқы оған бай келеді. Жануар тектес өнімдерден: бауырда, мида, бұлшық еттерде, жүректе, жұмыртқаның сары уызында, сүтте кездеседі. Рационда көмірсулардың мөлшері көбейген сайын ағзаның тиаминге деген Тиаминнің адам ағзасы үшін тәуліктік қажеттілігі 2-3 мг-нан аспайды қажеттілігі арта түседі.

В2 витамині (рибофлавин)

В2 витаминінің жалпы формуласы-C17H20N4O6. Тамақта рибофлавин болмаса, баланың бойының өсуі тежеледі және ерін, мұрын, көз, құлақ айналасындағы кілегей қабықшасының бұзылуына, көздің мүйіз қабатының қабынуы мен хрусталиктің күнгірттенуіне (катаракта) әсерін тигізеді.

В2 витамині тотығу және тотықсыздану реакцияларына қатысады. Олай болса, В2 витаминінің зат алмасудағы маңызы да өте зор.

В2 витамині әсіресе клетканың, яғни ағзаның өсіп-өнуіне әсерін тигізеді. Бұл витаминнің тағамдарда жетімсіздігі адамдардың, әсіресе балалар бойының өсуі қабілетін де төмендетеді. В2 витаминінің көздің көру процесінде де үлкен мәні бар.Әсіресе,бұл витамин А витаминімен бірге қараңғы түсе көздің көруіне және әр түрлі түсті айыруына қажет.

В2 витамині сиырдың сүті,жұмыртқа,картоп,капуста,сәбіз,қара нан,бұршақ тағамдарында көп болады.

Рибофлавин картопта,орамжапырақта,қара нанда,ашытқыда,қызанақта сәбізде,жұмыртқада,бауырда,сүтте және сүттен жасалған тағамдарда көп кездеседі. В2 витамині дәрі ретінде де қолданылады. Әсіресе жараның тез жазылуына және көздің көру қабілетін арттыруға әсері үлкен.

Табиғатта таралуы. Рибофлавинді өсімдіктер мен жануарлар синтездеп жасайды. Бұл витаминге әсіресе бай өнімдерге бауыр, ашытқы, бидай, қарабидай, бұршақ тұқымдас өсімдіктер жатады. Ол сүтте, жұмыртқада, бүйректе, болады.

Адамға әр тәулікте қажет мөлшері - 2,0-2,5 мг.

№ 19 билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]