Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
khimia_shpor_dayyn_mine-1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

1. Полисахаридтер. Жалпы сипаттама беріңіз.

Полисахаридтер дегеніміз – күрделі көмірсулар, олар гликозидтік байланыстармен жалғасқан моносахаридтерден құралады. Полисахаридтерге жататындар: рахмал, гликоген, целлюлоза, (клетчатка) инулин, гемицеллюлоза, пентозандар т.б.

Кейбір полисахаридтер мукополисахаридтер деп аталады, олар аминосахаридтерден және урон қышқылынан тұрады. Мукополисахаридтерге жататындар: гиалурон қышқылы, хитин, лигнин, гепарин, т.б. Полисахаридтер өте күрделі, олардың құрамына 1000 дейін, тіпті одан да көп моносахарид қалдықтары кіреді. Сондықтан олардың молекулалық массасы да өте жоғары, миллион, тіпті одан да жоғары.

1. Крахмалдың формуласы (С6Н10О5)n, мұндағы n мөлшері бірнеше мыңға жетеді. Крахмал - өсімдіктердің негізгі қоры болатын көмірсу және адамға азық-түлік, малға жемшөп болатын аса маңызды полисахарид. Бидай, қарабидай, жүгері, сұлы, күріш, картопсияқты дақылдар құрамының негізгі бөлігі крахмал. Крахмал екі бөліктен: амилоза, мен амилопектиннен тұрады. Амилопектин крахмал дәнінің сыртқы қабығын құрайды. Бұл екі бөлікте негізінен жеке α-D-глюкозалар. Амилозаның құрылымы тармақталмаған созылыңқы келеді, мұнда глюкоза молекуласының қалдықтары (1000-4000) α(1→4)-байланыс арқылы жалғасқан. Амилопектиннің құрылымы тармақталған болып келеді, мұндағы негізгі тізбек α (1→4)-байланысы арқылы жалғасқан глюкоза қалдықтарынан құралады.

Крахмал ақ ұнтақ зат, суда ерімейді, ісінеді, ыстық суға салғанда клейстер береді. Амилоза суда ериді, иодпен әмер еткенде кезде көк түске боялады. Амилопектин суда ерімейді, иодпен әсер еткенде күлгін түске боялмайды.

2. Гликогеннің де жалпы формуласы крахмалдікіндей (С6Н10О5)n, бірақ n шамасы крахмалдікінен азырақ. Гликоген жануарлардың полисахарид қоры.

Таза гликоген – ақ түсті ұнтақ суда ериді де коллоидты ерітінді түзеді. Иодпен әсер еткенде қызыл н/се қызыл-қоңыр түске боялады. Бауырдың беткі жағында түйіршік түрінде болады. Молекулалық массасы өте жоғары. Гликогеннің тармағы көп және оның құрылымы ашық.

3. Целлюлоза (клетчатка). Клетчатка - өсімдіктер клетксының негізгі материалы, оның жалпы формуласы (С6Н10О5)n, n-шамасы бірнеше мыңға жетеді. Клетчатка D-глюкоза молекуласы қалдықтарынан құралады. Таза целлюлозаның талшықтанған құрылымы бар және органикалық ерітікіштерде ерімейді. Ол швейцер реактивінде (мыс гидрототығының аммиак ерітіндісінде) ериді. Мақта өсімдігінде, қағаздың жақсы сорттарында, өсімдік клеткаларының қабығын құрайды.

4. Гиалурон қышқылы. Гиалурон қышқылы – жоғары сатыдағы жануарлар мен адам организмінде кездесетін аса маңызды полисахарид. Г.қ. – тұтқырлығы күшті желатин тәрізді зат. Бұл сіңірдің, сүйектің, терінің құрамдас бөлігі. Буын аралығында орналасады, амортизатор қызметін атқарады.

2. Гравиметриялық талдау тәсілі. Тұнбаның түзілу механизмі және қасиеті.

Талданатын заттың сандық құрамын зерттеуде өлшеу арқылы массаны тура анықтауға негізделген сандық талдаудың әдісі гравиметриялық талдау деп аталады

Салмақтық анықтауларды негізгі үш түрге бөлуге болады.

Салмақтық анықтаудың бірінші түрінде заттың анықталатын бөлігі заттан сандық түрде бөліп алынады да, өлшенеді.

Салмақтық анықтаудың екінші түрінде заттың анықталатын бөлігі толық шығарылады да, қалдық өлшенеді. Бұл екі түр бойынша салмақтық анықтауларды орындау қарапайым болады. Бірақ, көп жағдайларда анықталатын бөлімді талданатын заттан сандық түрде таза күйінде бөліп алу қиыншылық тудырады. Бұл кезде небары күрделі болатын үшінші түр қолданылады.

Салмақтық анықтаудың үшінші түрін орындауда заттың анықталатын бөлігін бөліп алу мен өлшеуге ыңғайлы химиялық қосылысқа айналдырады. Бұл қосылыстың құрамы химиялық формулаға тура сай болуы тиіс және бұл заттың құрамында бөтен қоспалар болмауы керек. Өлшенетін осы қосылыс салмақтық форма деп аталады.

Егер КК>ЕК тұнба түзіледі (таблицадан алынған мән қаныққан ерітінді). ККерітіндідегі ион  ЕК тұнба тұнбаның еруі (таблицалық мән) қанықпаған ерітінді. ЕК аз еритін қосылыстардың концентрациясы басқа заттардың концентрациясына байланысын көрсетеді. ЕК-ті пайдаланып заттардың тұнбаға түсуін, еруін және реакциялардың жүруін анықтауға болады.

Біртекті иондар тұнбаның түзілуіне әсер етеді. Бұл жағдайда тұнбаның ерігіштігі азаяды. Тепе-теңдік – тұнба түзілу жағына ығысады.

Тұнбаның еру процессі кезінде қаныққан ерітіндінің құрамынан электролиттің бір ионын шығарып, оны басқа жаңа қосылыпен байланыстыру қажет. Ерітінді қанықпаған күйге айналады да тепе-теңдік тұнбаның еріген бағытына ығысады.

Анализ жүргізген кездегі бірігіп тұнбаға түсудің себептері:

• гравиметриялық анықтау жүргізгенде қате жіберу;

• микрокомпонент кез-келген коллектор-мен (носитель) бірігіп түседі;

• реакцияның сезімталдығын артырады;

• тұнбаға түсу жағдайын арттырады;

• анализге кедергі жасайтын заттарды жою.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]