Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
khimia_shpor_dayyn_mine-1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2. Нефелометрия жәнетурбидиметриялықәдіс

Атом, ион немесе молекула квант жарықтарын жұтып жоғары энергетикалық деңгейге өтеді. Яғни бұл жағдай қозбаған алғашқы түрден қозған екінші түрге айналғанда болады. Жұтылудың нәтижесінде жарық сәулесінің интенсивтілігі концентрация жоғарлаған сайын азаяды.

Оптикалық немесе жарықжұту әдісінің негізгі заңы Бугер – Ламберт – Бер заңы.

Бұл заң анализденетін заттың қалындығына, концентрациясына байланысты. Өткен жарық сәулесінің интенсивтілігі кюветадағы ерітіндінің құрамына, қалындығына, концентрациясына байланысты болады. Ерітіндіден өткен жарық сәулесінің интенсивтілігінің азаюы өткізу коэффициентіне байланысты (Т): T=It/I0 мұндағы It, I0 – түсті ерітіндіге түскен және өткен жарық сәулесінің интенсивтілігі.

Оптикалық тығыздық (А) белгіленіп оның мәні мынаған тең: -lgT=-lg

Ерітіндіге өткен жарық сәулесінің интенсивтілігінің азаюы Бугер – Ламберт – Бер заңына бағынады.

It = I0 10 - l С немесе = 10 немесе –lgТ= А= lc,

мұндағы - жұтылу молярлық коэффициенті;

l - ; жарық жұтылатын ерітінді қалындығы;

c – ерітінді концентрациясы.

Егер l =1 см; С = 1 моль/л; онда А= яғни ерітіндінің қалындығы бір см болса, онда оптикалық тығыздық, жұтылу коэффициентіне тең болады. - өлшем бірлігі л; моль-1; см-1.

Құрамында бірнеше түсті зат бар ерітіндінің оптикалық тығыздығы аддитивті қасиет көрсетеді, ол жарық жұтылудың аддитивтік заңы деп аталады. Оның оптикалық тығыздығы былай есептелінеді.

А  А1 + А2 +,,, + Аn

А 1lс1 + 2lс2+ …+ nlсn

Нефелометриялықжәнетурбидиметриялықәдіс.

Нефелометриялықжәнетурбидиметриялықанализәдісіндеқаттыжәнеколлоидтызаттарғажарықтыңтаралужәнежұтылуынқолданады;

• нефелометриялық анализ әдісі қатты денелердің әсерінен шашыраған. жарық ағынының интенсивтілігін өлшеуге негізделген. Қатты дененің әсерінен жарықтың шашырау интенсивтілігі Рэлей заңына бағынады.

I2=I0K , мұндағы

N – жарықшашырататын бөлшектің саны;

V –бөлшек көлемі;

- түскен жарық толқынының ұзындығы;

К – тұрақты коэффициенті.

К – коэффициенті талдау барысындағы бөлшектің және ортаның сыну коэффициентін, түскен жарықпен шашыраған жарықтың бұрышын қарастырады.

•турбидиметриялық анализ әдісі лайланған ерітінді арқылы өткен жарық интенсивтілігін азайуын зерттеуге негізделген: Жарық ағынының интенсивтілігін жұтылған және шашырауын қарастырады.

Таратылу шағылысқан толқын ұзындығына және жарықты шашырататын бөлшектердің формасына, кейде олардың жазықтықта орналасуына байланысты болады. Сұйытылған ерітіндіде жарықтың интенсивтілігі Бугер – Ламберт – Бер заңының теңдеуіне бағынады. It=I010-кlс , мұндағы

К- ерітіндінің лайлану молярлық коэффициенті. Бұл әдісте берілген затқа талдау жүргізген кезде нефелометр НФМ аспабы қолданылады.

3. Белоктардың сапалық реакциялары

Түсті реакция жасау арөқылы заттың белоктық табиғатын анықтауға және оның құрамында кейбір амин қышқылдары бар екнін дәлеледеуге болады.

Биурет реакциясы. Несеп нәрін (мочевина) қыздырған кезде биурет түзіледі, ол затқа мыс сульфатының ерітіндісін қосса, сілтілік ортада күлгін түске боялады. Белокқа мыс сульфаты ерітіндісін қосса, сілтілік ортада дәл осындай бояу пайда болады.

Биурет реакциясын пептидтік - СО – NН – байланысы бар қосылыстар береді. Бұл реакция көбінесе ерітіндідегі белок мөлшерін анықтау үшін қолданылады. Осы реакция кезінде мыс ионы Сu2+ пептид байланысымен қосылады деген болжам бар.

Фолин реакциясы. Күшті негіздер және фосфорлы-молибденді-вольфрам қышқылы қатысқан кезде мыс иондары Сu2+ белокпен қосылып, көк түске боялады. Пептидтік байланысы бар мыс иондарының комплексі мен фосфорлы-молибденді-вольфрам қышқылы тирозинмен реакцияға түседі. Бұл реакция биурет реакциясымен салыстырғанда сезімтал келеді. Осы реакциямен лоуридің әдісі бойынша белоктардың мөлшерін анықтайды (500 нм мөлшері кезіндегі ең көп сіңіруі бойынша).

Нингидрин реакциясы. Амин қышқылдарында сипаттама берген тарауда бұл реакция толық қарсытырылған болатын. Нингидрин қосып қыздырған кезде амин қышқылдары, пептидтер және белоктар көкшіл күлгін түске немесе райхан түске боялады. Бұл реакция құрамында амин тобы бар қосылыстарға тән. Амин қышқылдарының мөлшерін анықтау үшін қолданылады.

Ксантопротеин реакциясы. Белок ерітіндісіне концентрациялы азот қышқылымен әсер еткен кезде ерітінді сары түске боялады. Осыған аммиак қосса, қызғылт қоңыр түске айналады. Бұл реакция ерітіндіде циклды амин қышқылдары – фенилаланин, тирозин, триптофан бар екенін көрсетеді. Осы қышқылдардың бензол сақинасы нитрленеді.

Миллон реакциясы. Белок ерітіндісін азот қышқыл және азотты қышқыл сынап тұздарын араластырып қайнатса, қоңыр-қызыл тұнба шөгеді. Бұл реакция тирозиннің фенол сақинасына тән.

Сакагучи реакциясы. Белокты натрий гипохлоридімен және α–нафтолмен натрий гидроксидін қатыстырып реакцияластырған кезде сұйықтық қою қызыл түске бояла түседі. Ол реакция құрамына гуанидин тобы кіретінпаргинин бар екнін көрсетеді.

Адамкевич реакциясы. Белокқа концентрациялы сірке қышқылын қосып, күкірт қышқылын қатыстырып, қыздырған кезде ерітінді қызғылт-күлгін түске боялады. Бұл реакция триптофанның бар екенін білдіреді.

Нитропруссид реакциясы. Аммиактың сұйық ерітіндісіндегі белокта цистеин болса, оған нитропруссид қосса, сұйықтық қызыл түске боялады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]