Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
khimia_shpor_dayyn_mine-1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

1. Тотығу – тотықсыздануреакциясының тепе – теңдікконстантасы (к).

Тотығу – тотықсыздану реакциясының тепе – теңдік константасы (К):

lgK=

Яғни тотығу – тотықсыздану потенциалының айырымы неғұрлым көп болса, соғұрлым тепе – теңдік константасы жоғары болады.

Редоксиметрияда титрлеу қисығын мына координатада (Е-V) тұрғызады.

Е,В

Э.Н. V,мл

Неғұрлым сандартты потенциалдың айырымы көп болса, соғұрлым тепе – теңдік константа көп, егер неғұрлым титрлеу биіктігі жоғары болса, соғұрлым индикаторды таңдау шегі көп.

2. Тотығу – Тотықсыздану реакциясының жылдамдағына әсер ететін факторлар: әсерлесетін заттардың концентрациясы; температура; ортаның рН; қатысатын катализатор.

Тотығу – Тотықсыздану реакциясының жылдамдағына әсер ететін факторлар.

-әсерлесетін заттардың концентрациясы;

-температура;

-ортаның рН;

-қатысатын катализатор

3. Аминқышқылдарының жіктелуі

Химиялыққұрамынажәнебүйірдегітоптардыңқұрылымынабайланыстыаминқышқылдарыполярлы (гидрофильді) жәнеполярсыз (гидрофобты) депжіктеледі. Қоректік бағалығына қарай ауыстырылатын және ауыстырылмайтын (адамның және жануарлардың организмінде түзілмейтін) а.қ. деп жіктеледі.

Полярсыз бейтарап амин қышқылдары

Бұл қышқылдарда органикалық радикалдар бар, ондай радикалдар протондарды қабылдай да, бере де алмайды және сумен әрекеттесе де алмайды (олар – гидрофобтар, суды кері тебеді).

Мұндай қышқылдарға жатады:

1.Глицин (Гли), ауыстырылатын а.қ.

2.Аланин (Ала), ауыстырылатын а.қ.

3.Валин (Вал), ауыс/м. а.қ.

4.Лейцин (Лей), ауыс/м.а.қ.

5.Изолейцин (Иле), ауыс/м.а.қ.

6.Метионин (Мет), ауыс/м. а.қ.

7.Фенилаланин (Фен), ауыс/м. а.қ.

8.Пролин (Про), ауыс. а.қ.

Полярлы бейтарап амин қышқылдары

Бұл қышқылдардың тобында С-О, О-Н, S-H, C-N сияқты полярлы байланыстары бар, олар сумен әрекеттесе алады (гидрофильдер – су сүйерлер):

9.Серин (Сер), ауыс. а.қ., құрамында ОН-тобы бар;

10.Треонин (Тре), ауыс/м. а.қ., құрамында ОН-тобы бар;

11.Цистеин (Цис), ауыс.а.қ., құрамында сульфгидрилдік – SH тобы бар;

12.Тирозин (Тир), ауыс.а.қ., фенолдық радикал бар;

13.Триптофан (Три), ауыс/м.а.қ. индол сақинасы бар;

14.Аспарагин (Асн), ауыс.а.қ., амидтік топ (СONH2) бар;

15. Глутамин (Гли), ауыс.а.қ., амидтік топ (СONH2) бар.

Полярлы қышқыл (гидрофильді) амин қышқылдары

Мұндай қышқылдардың бүйірлік радикалында карбоксил тобы бар, сол топ бұларға қышқылдық қасиет береді:

16.Аспарагин қышқылы (Асп), ауыс.а.қ. құрамында екінші карбоксил топ бар.

17 Глутамин қышқылы (Глу), ауыс.а.қ. құрамында екінші карбоксил топ бар.

Полярлы негізді (гидрофильді) амин қышқылдары

Бұл қышқылдардың бүйірлік радикалдарында негіздік қасиет беретін топ бар.

18.Лизин (Лиз), ауыс/м.а.қ., құрамында екінші амин тобы – NH2 бар.

19.Аргинин (Арг), ауыстыруға болатын гуанидин тобы бар.

20.Гистидин (Гис), ауыстыруға болатын, имидазол сақинасы бар.

4. Зат алмасудағы липидтер алмасуы Липидтердің алмасуы төрт кезеңнен тұратын сатылы процесс. Ол кезеңдер мыналар : ас қорыту, сіңіру, аралық алмасу және сол алмасуының ақырғы өнімдерінің пайда болуы. Липидтердің қорытылуына өт / бауыр клеткаларының шырыны, секреті /, ұйқы безінің және ішектің сөлдері қатысады. Ұйқы безінде ас қорыту ферменттері көп болады. Олардың әсерімен липидтер денесіне сіңетіндей дәрежеге жетеді.

Майлардың негізгі массасы /95-97 %/ ащы ішек бөлігінде, ең алдымен, он екі елі ішекте қорытылады. Өт қышқылдары май тамшыларының бетіне сорылады да, жұқа қабық құрады. Бұл процесті эмульгация деп атайды.

Ішек шырыш қабығының клеткаларында жоғары май қышқылдары глецеринмен қосылып, қайтадан май/ жануардың белгілі бір түріне тән майы/ түзіледі, яғни ресинтезделеді.Ресинтез - гид–олизге керісінше процесс.

Майлар лимфа жүйелерінің тамырлары және көкірек тармағы арқылы қанға келіп түседі. Бұдан кейін майлар май депосына /қоймасына/ қор ретінде жиналады.

Жоғары май қышқылдарының организмде ыдырау механизмін неміс биохимигі Ф. Кнооптың 1904ж ұсынған “май қышқылдарының В – тотығу теориясы” түсіндіре алады. Бұл теория бойынша организмде май қышқылдарының ұзын көміртек тізбегі тотығудың әрбір айналымында екі атом көміртегіне карбоксил тобы ұшынан қысқарып отырады. Табиғи май қышқылдарында әрқашан көміртек атомдарының жұп сандары болады, демек екі еселенген үзіндіге толық ыдырай алады.

Май қышқылдарының В – тотығу метохондрияда өтеді. В – тотығуының ферменттері метохондрияда шоғырланған, ал ацил – КоА – ның пайда болуы цитоплазмада өтеді.

Жоғары май қышқылдары организмдегі химиялық энергияның ең маңызды көзі болып келеді. Стеарин қышқылының бір молекуласының толық ыдырауынан ацетил КоА – ның 9 молекуласы пайда болады :

Липидтер тек ыдырап қана қоймай, организмде түзіле де алады. Майлардың биологиялық түзілуі үш негізгі сатыдан тұрады : глицериннің, жоғары май қышқылдарының пайда болуы және олардың триглецерид молекуласын құрауы.

№ 20 билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]