Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
khimia_shpor_dayyn_mine-1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

3. А витаминіне жалпы сипаттама

А витамині (ретинол,антиксерофталмалық) А витамині химиялық құрылымы тұрғысынан каротинге жақын,1831 жылы неміс ғалымы Вакенродер оны өсімдіктерден ашты.Эмпирикалық формуласы С20Н30О.Ретинолдың химиялық формуласын 1937 жылы швейцар химигі Каррер тапты.

Адам мен жануарлар тіршілігінде А витаминінің атқаратын маңызы зор.Бұл витамин тағамдық заттардың құрамында жетіспегенде ағзадағы зат алмасу бұзылады,оның салдарынан өсу кешеуілдеп,салмақ азаяды.Көздің мүйіз қабығы бүлінумен қатар,әлсіз жарық жағдайында дамның көру қабілеті де нашарлайды.Мысалы кешке жақын қараңғылық түсе бастағанда өте нашар көреді.Оны халық арасында «ақшам соқыр» немесе «тауық көз» дейді.

Химиялық табиғаты мен қасиеттері.А витамині сары-сұр түсті кристалдары ине пішіндес,суда ерімейді,ал метил спирті,хлорформ,ацетон,бензин мен петролейн эфирінде жақсы ериді.Оптикалық активтілігі жоқ,жарықтың әсерінен тез бұзылады.Ретинолдың құрамында бос спиртті топ болғандықтан сірке қышқылымен реакцияласып А витаминінің ацетаты-күрделі эфирін түзеді.А витаминінің екі түрі бар:А1 және А2. А1 және А2 витаминдері жануарлар ағзасында болады.Әсіресе,балықтың бауыры,жануарлар бауыры,жұмыртқаның сары уызы,жазда сиыр сүтінен алынған сары май осы витаминдерге бай келеді.Ал етті олар біршама аз. Каротиноидтар сәбізде,өрікте,ақжелкен жапырағында, асқабақта және барлық жасыл өсімдіктерде кездеседі.

4. Полярлы негізді және қышқылды аминқышқылдары

Полярлы қышқыл (гидрофильді) амин қышқылдары

Мұндай қышқылдардың бүйірлік радикалында карбоксил тобы бар, сол топ бұларға қышқылдық қасиет береді:

16. Аспарагин қышқылы (Асп), ауыс.а.қ. құрамында екінші карбоксил топ бар.

17.Глутамин қышқылы (Глу), ауыс.а.қ. құрамында екінші карбоксил топ бар.

Полярлы негізді (гидрофильді) амин қышқылдары

Бұл қышқылдардың бүйірлік радикалдарында негіздік қасиет беретін топ бар.

18.Лизин (Лиз), ауыс/м.а.қ., құрамында екінші амин тобы – NH2 бар.

19. Аргинин (Арг), ауыстыруға болатын гуанидин тобы бар.

20. Гистидин (Гис), ауыстыруға болатын, имидазол сақинасы бар.

№ 23 билет

1. Эмиссионды атомдық спектроскопия

Спектроскопия. Спектроскопия– физиканың электрмагниттік сәуле шығару спектрлерін зерттейтін саласы. Спектроскопия әдістері бойынша атом, молекула энергия деңгейлерін және олардан құралған макроскопиялық жүйелерді, энергия деңгейлерінің арасындағы кванттық ауысуларды анықтайды. Спектроскопияның негізгі қолданылатын маңызды салалары – спектрлік талдау және астрофизика. Спектроскопияның негізгі даму кезеңдері – 19 ғасырдың басында Күн спектріндегі жұтылу сызықтарын ашу мен зерттеу, шығару және жұтылу спектрлеріндегі байланыс орнату (Г.Р. Кирхгоф, 1859) мен оның негізінде спектрлік талдаудың пайда болуымен басталды. Электрмагниттік толқындардың ұзындық (немесе жиілік) диапазоны бойынша спектроскопия:

1.радиоспектроскопия,

2.субмиллиметрлік,

3.қысқа толқынды,

4.оптикалық,

5.ультракүлгін,

6. рентгендік болып бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]