Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия+YMKd+po+sociologii+kaz+yaz++otvety(2).doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.12 Mб
Скачать

3 Тақырып.

Қолданбалы социологиялық зерттеулердің тәсілдері.

Лекцияның мақсаты – қолданбалы социологиялық зерттеудің негізгі түрлерімен танысу, олардың тәсілдерін даярлау және оларды жүрізу, жиған социологиялық деректерді өңдеу мен қорыту, мәліметтер беру.

Негізгі ұғымдар: бақылау, құжаттарды талдау, эксперттік бағалау, эксперимент, сұрау, сауалнама, сухбатнама, іріктелген және жалпы жиынтықтар, репрезентативтік, зерттеудің жоспары мен бағдарламасы, зерттеудің пәні, гипотеза, құжаттарды формалды (контент-талдау) және мағналы талдау.

Лекцияның жоспары:

  1. Қолданбалы социология: мәні, құрылымы, атқаратын функциялары.

  2. Социологиялық зерртеудің бағдарламасы

  3. Іріктеп алу

  4. Сауалнама: құрылымы, сұрақтардың түрі, жүргізүі

  5. Сухбатнама. Түрі, жүргізүі

  6. Құжаттарды талдау: формалды (контент -талдау) және мазмұнды

  7. Бақылау және эксперимент

Методологиядағы теориялық және эмпирикалық түсінік. 1.Социологияның пайда болуы және дамуы тікелей эмпирикалық зерттеумен байланысты, себебі бұл зерттеу әдісі социологияның қажетті білімін толықтырып, бағыт-бағдарын реттеп отырады. Біз социологиялық зерттеу арқылы нені түсінеміз? Социологиялық зерттеудің кең ауқымды тарихы бар. XVIII ғ. бірнеше елдерде үнемі халық санағын жүргізу басталды. Мысалы, АҚШ-та 1790жылдан бастап әр 10 жыл сайын санақ жүргізіледі. Бұл үкіметке халықтың демографиялық құрамын, динамикасын көруге, оны талдауға мүмкіндіктер тудырды. Сол себептен халық санауы социологиялық зерттеуді туғызды десек қателеспейміз. XIX ғ. Лондон қаласының тұрғындарынан санақ өткізу мақсатында, олардың өмір сүру дәрежесін анықтаған. Бұл техникалық әдістер кейіннен зерттеу әдісінде кең қолданылды. Эмпирикалық социологияның дамуы XX ғ. тығыз байланысты. Социологиялық зерттеулер өмірдегі нақты шиеленістерді шешу арқылы ғылымға айналып, дамыды. Компьютер мен техниканың дамуына байланысты, социологияның өзектелігі өсті, себебі олардың көмегімен адамдардың үлкен контингенттерімен жұмыс істеуге және көп ақпаратты өңдеүге мүмкіндіктер туды. Социологтардың нақты бір шиеленісті зерттеулеріне байланысты, социологияның ғылым ретінде жаңа қырлары ашылды. Нақты социологиялық зерттеу мынадай мүмкіндіктер бере алады:

  • Қоғамдағы жағдайлардың анық бейнесін көрүге;

  • Әлеуметтік қарым-қатынастардағы шиеленіс пен даму тенденцияларын бөліп қарау;

  • Социологиялық ситуацияларды болжау;

  • Қоғамның дамуының және шиеленістерді шешуінің ең тиімді жолдарын анықтау.

Социологияда ғылыми зерттеудің теориясы ретінде диалектикалық әдіс кең қолдалынады, өйткені ол қоғамның ішкі қарама-қайшылықтарын қоғамның дамуының негізі деп анықтайды.

Социологиялық зерттеу жүргізу үшін теориялық негізі мәселелері, мақсаттары,тапсырмасы болуы қажет. Сонымен қатар практикаға бағытталған техника-материалдық және ұйымдастырылған құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету қажет.

Социологиялық зерттеуге жүгінудің ең басты себебі: ақпараттық қажеттілік, яғни қоғамның «ішкі жан дүниесіне» байланысты болып келеді. Мәселен, қоғамның болашақ туралы не ойлайтынын, не болашаққа қойған жоспарлары туралы айтсақ қателеспейміз.

Социологиялық зерттеудің классификациясы көрсеткіштерге байланысты өткізілуі мүмкін. Жоспарының күрделілігіне байланысты және зерттеу көлеміне байланысты үш түрлі зерттеудің түрлерін айта аламыз:пилотаждық, баяндық, аналитикалық.