Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия+YMKd+po+sociologii+kaz+yaz++otvety(2).doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.12 Mб
Скачать

4 Тақырып.

Қоғам.

Семинардың мақсаты – қоғамды жүйе ретінде қарастыру; жүйелік талдаудың негізгі ұғымдарымен танысу; қоғамның типтерінің эволюциясы; Қазақстан қоғамның сипаттарымен танысу.

Семинар жоспары.

  1. Қоғамның мәні, атқаратын функциялары.

  2. Қоғам туралы теориялар.

  3. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам құру: жағдайы, мәселелері.

Әдістемелік ұсыныстар.

Социология ғылымының зерттейтін, қарастыратын объектісі қоғам. Қоғамды барлық гуманитарлық ғылымдар зерттейді. Сондықтан, ең бірінші мәселе, социология ғылымының ерекше көзқарасын анықтап алу. Ол үшін тарихта қалыптасқан қоғам туралы теорияларды қарастыруын талдау шарт. Естеріңізге сала кетейін, ең бірінші тақырыпта біз социология пәнін қарастырып , оның ерекшеліктерін анықтаған болатынбыз. Міне, сондықтан да, социологияның қоғамды қарастырғандағы ерекшіліктерін сипаттау қажет. Қоғам саналы жандар құрған қауым. Ол біртұтас, күрделі, өзін-өзі анықтайтын, өзін-өзі құрыстыратын, өзін-өзі дамытатын қауым. Ал күрделі деген ұғым қарастырған объектіміздің бөлшектен туратынын көрсетеді. Сондықтан, бөлшек, біртұтастық, жүйе сияқты ұғымдарды анықтау қажет. Қоғам адамзаттың тарихы ұзарған сайын күрделеніп, өзгеріп отырады. Міне сондықтан қоғам туралы теориялар, концепциялар әр түрлі. Олардың қайсысі болмасын сол күрделі динамикасы зор қауымды түсінуге тырысуда. Осыған орай қоғамға берілге органистикалық, объективистік, қоғамдық-экономикалық формациялық, құрылымды-функционалдық және т.б. теорияларға талдау жасап оларды салыстырмалы түрде анықтауға тырысу керек. Қазақстан қоғамында осы турғыдан қарастырған жоқ.

Қоғамның типтері, оларды топтастырудың негізінде жатқан көрсеткіштер. Мәдениет пен өркениет, бұл ұғымдар турғысынан қоғамды қалай түсінуге болады. әлеуметтік-мәдениеттік бағыт дегеніміз не? Неліктен қазіргі кезде осы бағытты қолданушылар көбеюде? Оның себептері неде? Қазақстан қоғамына түрлі теориялар тұрғасынан анықтама беру. Қоғамның даму кезінде азаматтық қоғам құрылды. Ол ұғымның мағасы не де?

Азаматтық қоғамның негізгі көрсеткіштері. Азаматтық қоғамға социологиялық тұрғыдан сипаттама беру Азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет, нарықтық экономика ұғымдарына салыстырмалы түрде социологиялық тұрғыдан талдау жасау. Қазақстандағы азаматтық қоғам құру мәселесіне шолу жасау. Өз отбасыңның, өзіңнің күнделікті тіршілігін осы жоғарғы ұғымдар тұрғысынан талдау. Қоғамдарды типтестіргенде техникалық, технологиялық, ғылыми дамуы жоғары қоғамдарменен осы көрсеткіштері төмен қоғамды қалай салыстыруға болады? Ұтымды және ұымсыз жағдайларын сипаттау.

5 Тақырып.

Қоғамның құрылымы.

Семинардың мақсаты – әлеуметтік құрылым ұғымы, концепциялары, әлеуметтік рөль, статустардың жеке адамның, топтың қоғамдағы өміріне алатын орнын, атқаратын функцияларын қарастыру.

Семинар жоспары.

  1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы, оны білүдің қажеттілігі.

  2. Әлеуметтік құрылым туралы концепциялар.

  3. Әлеуметтік статус, оның маңыздылығы, нақты өмірдегі болмысы, өзгеруі.

  4. Әлеуметтік рөлдер. Қазіргі дәуірдің әлеуметтік рөлдерге қоятын талабы.