Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия+YMKd+po+sociologii+kaz+yaz++otvety(2).doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.12 Mб
Скачать

8 Тақырып.

Қала социологиясы.

Лекцияның мақсаты – қалалық өмір сүрудің ерекшеліктерін анықтау; қалалардың пайда болуының тарихи, экономикалық, әлеуметтік жағдайларын, тарихи типтерін қарастыру; урбанизация процесінің негізгі кезеңдерін және кеңестік-қазақстандық урбанизацияның ерекшіліктерін ашып көрсету.у, қалалық өмір сүру, батыстық қала, мұсылман қалалары, орыс қалалары, метрополия, агломерация, мегалополис, урбанизация, «жалған урбанизация».

Лекцияның жоспары:

  1. Қаланы социологиялық тұрғыдан қарастыру.

  2. Урбанизация процесі және қала мен ауыл арақатынастары.

  3. Қазақстан қалалары, урбанизация процесінің жүру мәселелері.

  4. Қазақ халқының қалалық болу, урбанизация процесіне араласу мәселелері.

Қаланың анықтамасында біртұтас территориялық бірлікте көптеген тұрғындардың тұратыны және олар өте жоғары тығыз, тұрақты тұрушылар, олардың өмірі әлеуметтік көптүрлі болып келетіні, өздерінде ауылшаруашылық өнімдерін өсірмейтіні келтіріледі. Қала менен ауылдың өмір сүру ерекшіліктері айырықша мәдени нормалар менен сананы қалыптастырудың негізінде қалалық және ауылдық өмір сүру болып бөлінеді. Ауылдағы өмір сүрудің ерекшеліктеріне тоқталайық: 1) тұратын қоныстың салыстырмалы кішігірімдігі және соның негізінде тұрғындардың тікелей бір-бірімен қарым-қатынасы, туыстық және көршілестік жақындық; 2) әлеуметтік мобильділіктің төмендігі: адамдар, негізінен, сол туған жерінде қалады; 3) өмір сүру темпі табиғат циклыменен анықталады, олар адамдардың іс-әрекетіне, дәстүрлеріне ықпал етеді және де әдет негізінде сақталып іске асырылады; 4) іс-әркетің басқаруының негізгі әлеуметтік механизмі сыртқы бақылау; 5) тұрақты тәртіпке және соны сақтайтын авторитетке (отбасы қожасынан мемлекетке дейін) мұқтаждық, дүниегекөзқарасында консерватизмнің басымшылығы, жаңалықтарды ұнатпаушылық. Жалпы қалалық өмірге тән сипаттар: 1) масштабтылық, тоқтаусыз өзгеріп отыратын орта, түрлі көптеген нәрселердің әсерлері; осыған байланысты тікелей жекелей қатынастардың орнына екіншіленген функционалды қатынастар қалыптасады. Олар кездейсоқ, таркәсібилік, прагматикалық; адамдар қатынасы терең болмайды, олар бірінен бірі алыстайды; 2) әлеуметтік мобилділік, әлеуметті өмірдің динамизмі, қалалық тұрғын статусының тұрақсыздығының ұлғайауы; 3) адамдар ара-қатынасы олардың кәсібилік мүддеріне негізделіп, көршілестік қатынастар әлсірейді, әлеуметтік-топтық құрылымда алдыңғы қатарға нуклеарлық отбасы (ата- анасы және балалары), өндіріс ұжымы, таңдап алынған жолдастар тобы; индивидтің өзінің көршілеріменен, туыстарыменен өткізетін уақыты азаяды; 4) өзінің іс-әрекеті құқықтық реттеуге және өзін-өзі бақылау механизмдеріне ауысады.

Әрбір өркениет өзіне сай қалалар типтерін өмірге келтіреді. Қалалардың сыртқы түрі менен ішкі құрылымы оларды туғызғын іс-әрекеттің, тіршіліктің ерекшеліктеріне байланысты болады. Мысалы, өндіріске негізделген қалалар сол өндірістің мәніне сай болуы қажет. Оның инфроқұрылымы да, мәдениеті де, салт-дәстүрі де соған бағындырылады. Шахтерлердің, металлургтердің, химиктердің және т.б. қалалары. Негізгі қалалардың типіне сай еуропалық яғни батыстық қалалар. Олардың эволюция тарихында антикалық, ортағасырлық және қазіргі өндірістік қалалар тізбегі көрініс табады. Еуропа қалаларының өмірге келүі тарихы олардың мемлекетпен күрес негізінде экономикалық және сауда орталығы болып орнықты. Дәстүрлі мүсылмандар қалалары діни ритмге бейімделіп, діни құндылықтырдың негізінде құрылды. Орыс қалалары негізінде мемлекеттің басшылығымен құрылды және көпке дейін ауылға тәүелді болды және де мемлекеттік биліктің тұрақты жері болатын. Империалардың өздерінің колонияларына салған қалаларына келсек олар сол колонияны жаулау, оны бағындарып тұру үшін құрылды. Қазақстанның Ресей империясының тұсында салынған қалалар осындай функцияларды атқаратын. Сондықтан мұндай қалалар жергілікті халықты қанаушы, жәбірлеуші функцияларды атқарғандықтан оларға жау болды. Кеңестік үкіметі кезінде де осы саясат бүркеме түрінде жүргізіліп отырды. Қазақтардың қалаға қоныстануы Орталық билік жүргізіген саясат арқылы бақылауда ұстап олардың қалалық болуына түрлі тәсілдер қолдану арқылы шектеу салды. Әсіресе бұл астаналық, облыстық қалаларға байланысты. Ерекше аталатын әскери өндіріс комплексі (ВПК) қалалары: Курчатов, Ленинск, Приозерск сияқты қалалар. Бұларға жергілікті халық өкілдеріне қоныстану мүлдем тиім салынған болатын. Қазіргі Қазақстандағы қалалар сол империялық саясаттың салдарынан әлі де болса құтыла қойған жоқ. Соның белгілері қала көшелерінің аттары, тұрғындардың жағдайы, орталық аудан, шеткі аудан, үйлер меншіктігі. Қалалардың тарихи мыңызы адамзат қоғамының жаңа мәдени ұйымдастыру типінің өмірге келүімен байланысты. Олар өндіріс орындары, ақпарат коммуникациясы, мәдениет мекемелері, білім, ғылым ордасы міне осылардың негізінде және оларды игеру арқылы қалалық мәдениетпенен қалалық сана қалыптасады. Урбанизация процесі қала халқының абсалюттік және салыстырмалы өсуі, оның үлкен қалаларда шоғырлануы, қаланың территориясының кеңеюі, қалалық қатынастардың ауылдық жерлерге енуі, ауылдық жердегі тұрғындардың әлеуметтік-кәсиби құрылымдарының өзгеруі, әлеуметтік мобилділіктің дамуы. Қаланың кеңістік сипаттары өзгереді: метрополиялар пайда болады. Ол үлкен қала және оны қоршаған территорияның халқы. Олар осы қаланың экономикалық, әлеуметтік орбитасына кіреді. Мегалополистердің өмірге келүі яғни бірнеше метрополиялардың бір-біріменен шекараларының шектесуі. Урбанизация процесінің жалпы кездеренің жүру реті: 1) негізінен ауылдық қоныстар, қала жаңа ғана өмірге келуде; 2) қалалардың тез өсүі; 3) қалалық агломерациялардың қалыптасуы; 4) субурбанизация яғни қалалық агломерациялардың сыртқы тұрғындар есебінен өсүі; 5) қаланың тарихи орталықтары өсулерін тоқтатып агломерациялық кеңестіктің қарқынды өсуі, қала халқының тығыздығының мөлшерінің кішіреюі. Егерде Еуропа урбанизация процесі индустриалық даму негізінде жүріп, қаланы басқару жүйесін, қалалық мәдениетті, соның ішінде өзінбасқаруды яғни қала тұрғындарының қалалық басқару жүйесінен өз орнын анықтап, соған орыналасуы, қаланың меншігіне ыждағаттылық пен қарау-қасиеттері қалыптасса, Рессей урбанизация сының аяқталмай, созылып кетуі. Оның көрінісі қалалықтардың өмір тіршілігі әлі де болса ауылдық қасиеттерменен ұштасып жатуы, қала халқына қызмет ететін салалардың деңгейінің төмендігі, қалалық инфроқұрылымның мешелдігі, қалалықтардың өз қалалық тұтынымдарын, соның ішінде тіптен қарапайым қажеттілігін де қанағаттандыра алмауы.

Қазақстан қалалары қазіргі заман талабына сай өркениетті елдердің қалаларының тарихи қалыптасу кезеңдерін сұраптан өткізу және де сол елдердің қазіргі қаларын салудың логикасын, құралымдарын, инфрақұрылымдарын зерттеуден өткізіп өзіміздің жағдаймыздың ерекшеліктерін ескере отырып қалалар салу, қалаларды сол талаптарға сай өзгерістен өткізу қажет. Әрине ол еліміздегі саяси жағдайға, биліктің түріне байланысты. Олар өзгермейінше ондай өзгерістер болмайтына да анық.