Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия+YMKd+po+sociologii+kaz+yaz++otvety(2).doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.12 Mб
Скачать

9 Тақырып.

Отбасы социологиясы.

Лекцияның мақсаты – отбасын социологиялық тұрғыдан қарастыру, оның тарихи даму кезеңдерін, типтерін, атқаратын функцияларын, қазіргі кезеңге сай түрін және Қазақстандағы отбасының мәселеріне көңіл аудару.

Негізгі ұғымдар – отбасы, отбасының өмірлік циклі, нуклеарлық отбасы, дәстүрлі отбасы, эгалитарлық отбасы, неке, моногамия, полигамия, полигиния, полиандрия, топтық неке, біркарьерлік модель, екікарьерлік модель, эндогамия, экзогамия.

Лекцияның жоспары:

  1. Отбасы, оның өмір циклі.

  2. Отбасының типтері.

  3. Қазіргі отбасы мәселелері.

  4. Отбасы және әлеуметтік тап.

  5. Қазақтардың отбасы және неке құру барысындағы өзекті мәселелер.

Отбасы қоғамдағы фундаменталды төрт институттардың бірі. Ол қоғамның тұрақтылығын және халық санын келесі буын арқылы толықтырып отарады. Соныменен қатар отбасы ең ынтымақты және тұрақты кіші әлеуметтік топ. Адам өз өмірсүру циклінде көптеген әлеуметтік топтың мүшесі болады, бірақта тек қана отбасын ол ешқашан да тастамайды. Ал достарын, құрбаларын, кластастарын және т.б. кезек келгенде қалдырып отырады. Отбасы некеге және қандық туысқандыққа негізділген кіші топ. Оның мүшелері тұрмыс тіршілігінің бірлігіменен, біріне бірі көмекшілдігіменен, моральдік және құқықтық жауапкершілігіменен сипатталады. Социологтар отбасын туыстық тұрғысынан қарастырады. Соныменен қатар отбасы арқылы буындардың сабақтастығы жалғасып отырады. Әр буында отбасының сабақтастығын жалғастыруы отбасының маңызды сипаттарының бірі. Отбасының өмір сүру циклі биологиялық емес әлеуметтік процесс, себебі отбасы некеге отырудан басталады және де ол мемлекеттік құжатпенен заңдастырылады. Отбасының өмір сүру циклінің бітуі ажырасуменен аяқталады және ол да мемлекеттік құжатпенен дәлелденеді. Ал ажыраспаған отбасының өмір циклі келесі кезеңнен тұрады: 1) некеге тұрудан ең соңғы баланың тууы; 2) алғашқы ересек баланың өзінің отбасын құрап бөлініп шығуы; 3) балалардың үйленүі жалғасуда. Бұл кезең «кемелденген» кезең дейді; 4) барлық балалардың отбасынан кетуін «бос қалған ұя» кезеңі дейді; 5) жалғыз бастылық немесе «өшу» кезеңі. Бұл кезеңде ерлізайыптының бірі өліп екіншісі қалуы мүмкін. Екіншісі де өмірден озған кезең отбасының өмір сүру циклінің аяқталғаны. Неке адамзат қоғамында әлеумет қолдайтан және заң түрінде бекітілген ерлізайтаптылардың жыныстық қатынасын міндетті ететін форма. Жыныстық қанағатсыздық немесе опасыздық некені бұзуға жеткілікті негіз болады. Некенің екі негізгі түрі бар. Эндогамиялық және экзогамиялық. Эндогамияда партнер тек өз тобынан болуы тиіс. Экзогамияда-басқа топтан. Соныменен қатар моногамия (еркек пен әйел одағы), полигамия (екіден көп партнерлардың одағы). Полигамия да: 1) полигиния – (бір еркектің бірнеше әйелдермен); 2) полиандрия (бір әйелдің бірнеше еркектермен); 3) топтық неке (бірнеше еркектің және бірнеше әйелдердің некелік одағы).

Отбасын негізгі екі типке бөледі: 1) дәстүрлі (яғни көпбуынды); 2) нуклеарлық (екі буынды); Балалар санына байланысты: баласыз, бір балалы, көпбалалы. Қожалыққа байланысты: патриархалды (отбасының қожасы еркек), материархалды (отбасының қожасы әйел) және эгалитарлық (ерлі зайыптының екеуі отбасының қожалары болып саналады). Қазіргі отбасын нуклеарлық дейді (лат. Nucleus - ядро). Өйткені отбасының демографиялық ядросы ата-аналары менен балалары. Олар жаңа буынның өсіп-өнуіне жауапты. Олар отбасының биологиялық, экономикалық, әлеуметтік ядросын құрайды. Ал қалғандар-атасы, әжесі, ағалары, әкпелері отбасының перифериясын яғни шетін құрайды. Егерде олар бірге тұрса онда ондай отбасы кеңейген отбасы деп аталады. Қазіргі отбасындағы ролдердің бөлінүі. Қоғамның индустриалдыға дейінгіден индустриалдыға, одан соң постиндустриалды дәүіріне өтү процесі дәстүрлі көпбуынды отбасыдан нуклеарлық отбасына көшу үстінде. Батыс Еуропа, АҚШ-тарында нуклеарлық отбасының үлесі 70% асады. Нуклеарлық отбасының өзі де эволюциялық өзгерістерге ұшырауда. Егерде алғашқы кезде мұндай отбасына біркарьерлік модель тән болса яғни отбасында ер адам өндірісте қызмет істесе әйелі үй шаруасыменен бала тәрбиелеуменен айналысады. Қазіргі кезде екікарьерлін модель кең етек жоюда. Ері де әйелі де қызмет жасап үй шаруашылығын, бала тәрбиелеуді бірдей бөліседі. Отбасындағы лидерлік мәселесі. Қоғамның қазіргі дамуына сай отбасындағы қожалық кімнің қолында деген сұраққа жауап бір жақты болуы мүмкін емес. Егерде индустриалды қоғамның өзінде ер адамның айлығы, әлеуметтік қызметтік статусы, қоғамның пікірі осы жағдайды қолдайтын болса енді жағдай өзгеруде. Әйел адамдарда қазіргі кезде өмірдің барлық саласыңда тендік мәселесін көтеріп отыр. Соның бір ғана көрінісі гендерлік саясат. Бұл бағдарлама халықаралық дәрежеде өтуде, соған байланысты әр елде осы мәселе көтерілуде. Ал енді социолгттардың кейбір зерттеулерінің мәліметіне сүйенсек Кеңес одағы ыдырау кезеңіндегі жаппай өндіріс орындарының жабылуы ер адамдардың көбінің жұмыссыз болуына алыпкеп соқты, осыған байланысты отбасындағы нақты қожалық әйелдер қолдарына өтті. Бұл мәселенің көптеген әлеуметтік келеңсіз жайлары аз емес. Мысалы, ер адамның жұмыссыздығы оның психологиялық, моралдік үлкен стреске ұрынуына алып келеді. Отбасының ажырасу мәселелері де қазіргі күннің ең бір өзекті мәселелерінің бірі. Ажырасу тек қана ерлі зайыптыларға ғана емес олардың балаларына тигізер зияндығы көп. Мысалы әнесіз өскен ер балада еркектік қасиеттер жөндеп дамымауын көптеген социологиялық зерттеулер дәлелдеп отыр. Отбасы менен тап мәселесінің орны да өзгеше. Оның себебі бір мемлекетте, бір елде, бір ұлттың өзінде стратификацияалық, таптық ерекшіліктер негізінде отбасылардың айырмашылықтары да өте үлкен болып келеді. Мысалы, ең бай олигархтардың отбасының өмір сүруі, саяи дәстүрі мен кедейлер отбасының айырмашылығы басқа ұлттардағы олигархтардың олигархтармен кедейлердің кедейлермен жақындықтарыменен теңестіруге болатын шығар. Осыған байланысты байлардың балаларына өзімшілдік, ештемеге жауапкереместік, агрессивтік, эгоистік, цинизм және тағы сол сияқты мінездердің қалыптасуына әсіресе біздің кешегі тоталитарлық жүйеден қалған бүкіл әлеуметтік институттараменен қалыптасқан мінез-құлық, ділде өз үлестерін қосуда. Социологтардың зерттеулерінің тұжырымдарынша жоғарғы, орта, төменгі топтардың әрқайсысына тән отбасылық ерекшеліктер бар және де сол ерекшеліктерді отбасы арқылы жалғастырып, дамытып отырады. Мысалы орта тап отбасында өздерінің тіршіліктерін саналы түрде болжау, жоспарлау жұмысшылар отбасыларына қарағанда жоғары дамыған.