Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия+YMKd+po+sociologii+kaz+yaz++otvety(2).doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.12 Mб
Скачать

Әдістемелік ұсыныстар.

Социология ғылымының басқа ғылымдар сенілді күрделі жолдан өтетіні заңдылық. Оның себебі социологияның объектісі қоғамның күрделігінде. Сондықтан қоғамның өзінің өмірінің негізі де қайшылықтардан тұратындықтан социологиялық теорияларда бір-біріне қарма-қарсы келеді. Ғылымдағы теориялар жеке дара ғалымдардың есімдерімен байланысты. Сондықтан классикалық социологиялық теорияларды қарастырғанда Э.Дюркгейм, К.Маркс, М.Веберлердің өмірлеріне де қысқаша тоқталған жөн және де олар өмір сүрген кезеңге социологиялық сипаттама берген дұрыс, сонда біз олардың ашқан теорияларындағы солардың рухани таңбаларын, іздерін сезіне аламыз. Сонда ғана біз өз сезімдерімізді, рационалды санамызды бірге таным процесіне қоса аламыз. Тек сонда ғана біз сол алған білімді өзіндік деңгейге жеткіземіз. Дәл осы принциппен қазіргі шетелдік социологиялық теориялар қарастырылуы қажет: функционалдық (Т.Парсонс), феноменологиялық (А.Шюц), алмасу теориясы (Дж.Хоманс), структурация теориясы (Э.Гидденс), «іс-әрекет философиясы» (П.Бурдье). Әр теорияны қарастырғанда өзіміз өмір сүріп отырған қоғамды, өз тіршілігімізді сол тұрғыдан тануға умтылған жөн. Сонда ғана алған ақпарат тек ақпарат түрінде емес біздің біліміз деңгейіне көтеріледі.

Талқылағанда схемалар, мысалдар, нақты фактілерді мейілінше кең қолдануға тырысу қажет. Презентация жасағанда тек қана экрандағы көріністермен шектелмей оны біздің өмірімізбен байланыстыру қажет. Реферат, баяндамалар, дискуссияда осы талаптарды ұстану тиімді.

3 Тақырып.

Қолданбалы социологиялық зерттеулердің тәсілдері.

Семинардың мақсаты – қолданбалы социологиялық зерттеудің негізгі түрлерімен танысу, олардың тәсілдерін даярлау және оларды жүрізу, жиған социологиялық деректерді өңдеу мен қорыту, мәліметтер беру.

Семинар жоспары.

  1. Қолданбалы социологиялық зерттеулер дегеніміз не? Оның қажеттілігі, атқаратын функциялары.

  2. Қазақстандағы қолданбалы социологиялардың ахуалы, мәселелері.

  3. Зерттеу бағдарламасы: құрылымы, әр элементтерінің функциялары.

  4. Сауалнама. Құрылымы, сұрақтың түрлері, композициясы. Жүргізу талабы.

  5. Сухбатнама. Түрлері. Мәселелер.

  6. Құжаттарды талдау. Газеттің бір номерін талдау.

Әдістемелік ұсыныстар.

Қолданбалы социологияның социология ғылымына қажеттілігін анықтап алу қажет. Ол үшін социологияның өмірге келүге байланысты қоғамдық қажеттіліктің қойған талабын еске түсіру керек. Социология ғылымының негізін салушы О.Конттың жаңа ғылымды жазып шыққандағы осы ғылымның басқа гуманитарлық ғылымдардан ерекшелігіне аса көп көңіл бөледі және соған байланысты ғылымдардың күнделілігіне, маңыздылығына, сапасына қарай оларды реттейді. Социология ғылымына ең жоғары баға береді. Оның себебі неде? Міне сонда біз қолданбалы социологияның ерекшеліктерін, мәні, мазмұнын түсінеміз.

Жаратылыс, техника ғылымдары табиғаттың заңдылықтарын, заттардың арақатынасын зерттеп соған байланысты ғылымдар қалыптасып отырса, қоғамдағы заңдылықтарды өлшемге салу, арақатынасын тұрақты қарастыру тіптен мүмкін емес. Қоғам да адамдар тіршілік етеді, әр адамның тек өзіне ғана тән жеке ұғымы, мүддесі, сезімі және т.б. қасиеттері бар. Әрине осы жекеленген қасиеттердің бәрі жалпы адамға тән. Міне сондықтан осындай миллиардтаған ерекше дүниені, тез өзгеретін сипаттарды қалайша ортақтандаруға, жалпылауға болады. Жалпылау дегеніміз жеке нақты адамға тән қасиетті ескермеу, ал олай болса оны жансыздандырып математикалық цифрларға теңестіру емес пе? Яғни социология ғылымы міндетті түрде адамдардың адами қасиеттерін зерттегенде жоғалтып алмауға тиісті. Міне сондықтан да социология нақты өмірді, тіршілікті адами тұрғыдан қарастыруға мүмкіндігінше тырысады. Осыған орай ол философиялық, жалпы ғылыми ұғымдарды бөлшектеп өлшемдік деңгейге сай қылады. Мұндай тәсілді ұғымдарды «операциялизациялау» яғни бөлшектеу дейді. Ұғымдарды жалпылық, философиялық тұрғыдан нақтылық, бөлшектікке түсіргендіктен олар күнделікті тіршілікті өлшей алатын ғылыми құралға айналады. Сондықтан қарастыратын мәселелердің категориялардың операционализациялау қажет. Тек сонда ғана қарастыратып мәселені жаратылыстану, техника ғылымдары секілді нақты өлшей алуға мүмкіндік пайда болады. Қолтанбалы социологиялық зерттеулерді түсіну үшін өздерің кішігірім зерттеулер жасауға тырысу керек. Ол үшін кішкене зерттеу тобын құрса жөн. 3-4 студенттерден құрылған. Зерттеу жұргізу үшін ең алдыменен қарастыратын мәселені анықтап, оны мәселе ретінде жан-жақты қарастырып қоя білу қажет. Енді мәселені шешкенде қандай нәтижеге жетеміз міне соны алдын ала болжап гипотеза құру, мақсатты анықтау, оған жетер жолдарды, шешетін мәселелерді реттеп, топтастырып оларды зерттейтін тәсілдерді, құралдарды анықтау. Осыған орай арнай зерттеу құралдарын дайынау, құру. Мысалы, сауалнама жүргізу үшін арнайы сауалнама жасау. Сауалнаманы жасаудың тәжірибеден әбден өтіп қалыптасқан технологиясы бар, сол технологияны бұлжытпай орындау.

Филология факультетерінің студенттеріне өз мамандықтарына тиімді құжаттар талдау тәсілі. Бұл тәсілдің формалды және мағналы түрін ретіне сай қолдану арқылы текстерді социологияық талдаудан өткізу. Социологиялық зерттеу тек қана социология ғылымының өзіне ғана пайдалы емес, ол басқа ғылымдар социологиялық зерттеу тәсілдерін қолдана отырып өз пәндерін, мамандықтарын да терең, жан-жақты түсінуге, талдауға мүмкіндік алады. Осыған орай Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін социологиялық тәсілдер арқылы талдау. Сухбат жүргізу арқылы әлеуметті маңызы бар мәселелерді жеке адам, әлеуметтік топтың ішкі дүниесіне, таңдауына байланысты білу.