Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия+YMKd+po+sociologii+kaz+yaz++otvety(2).doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.12 Mб
Скачать

Әдістемелік ұсыныстар.

Жалпы қоғам ұғымынан оның әлеуметтік құрылымын қарастыруға көшелік. Осыған байланысты қоғамның құрылымы туралы концепцияларға тоқталғанымыз жөн. Бұл жерде ескеретін жай ол екінші тақырыпта қарастырған басты социологиялық теорияларды енді нақты бір мәселеге байланысты қолдану қажет. Әр мәселені қарастырғанда жалпы бүкіл социология пәні ауқымында орын алған социологиялық теорияларға сүйенеміз. Қоғам дегенді біз енді мәртебе, рөль деген ұғымдар, категориялар арқылы қарастыруамыз қажет. Жынында да, қоғам дегеніміз әлеуметтік статусқа ие соған байланысты жүздеген рөль атқаратын адамдар арақатынасы. Міне осы тұрғыдан қоғамның дамуына тарихи қарастырып ондаға әлеуметтік мәртебелердің, әлеуметтік рөльдердің өзгеру процесін көрсету қажет. Мысалы, жеке адамның мәртебесі, оның атқаратын рөлдері ежелгі дәуірде, Орта ғасырларда, капитализм, социализм, қазіргі қоғамдағы қандай өзгерістерге ұшырады. өзіңнің отбасыңның мәртебесі, өзіңнің мәртебеңді, атқаратын рөлдеріңді эссе түрінде жазып, дискусияға қатысу. Қаншалықты қазіргі мәртебең, рөлдер сені қанағаттандырады, қалай оларды өзгертпексің, қандай жолдармен, әдістермен, құралдар арқылы. Қазақстан қоғамының әлеуметтік мәртебелер, рөльдер жүйесі қаншалықты қазіргі заман талабына сай. Мысалы, ұстаздар мен шәкірттер мәртебесі мен рөлдерін талдауға салсақ. Әлеуметтік мәртебе мен рольдердің тұрақтылығы мен өзгергіштігі. Сценалар қою. Сауалнамала жүргізу, университеттің телевидениесінен көрсету.

6 Тақырып.

Тұлғаның әлеуметтенуі.

Семинардың мақсаты – тұлғаға социологиялық көзқарасты анықтау, тұлғаның кұрылымын ұғыну, әлеуметтенудің түрлі концепцияларымен танысу, әлеуметтенудің кезеңдері мен агенттерін қарастыру.

Семинар жоспары.

  1. Тұлға ұғымы, оның негізгі көрсеткіштері.

  2. Тұлға туралы концепцияларды талдау.

  3. Тұлғаның әлеуметтенуі. Алғашқы әлеуметтену, екіншілей әлеуметтену. Десоциализация, ресоциализация.

  4. Қазақстан қоғамындағы қазіргі кездегі әлеуметтену мәселелері.

Әдістемелік ұсыныстар.

Адам, индивид, тұлға ұғымдарын ажырату және осыған байланысты өзін анықтау. Тұлға туралы концепцияларды талдау, оларға баға беру. Тұлғаның өзіндік және әлеуметтік идентификациясын ажырату және осы тұрғыдан мысалдар келтіру. Тұлғаның әлеуметтенуі, олардың түрлері. Тұлғаның әлеуметтенуі туралы концепциялары, оларға талдау жасау, өзінің таңдаған концепцияңа баға беріп дәлелдеу. Өзінің әлеуметтену процесін эссе түрінде жазу, дискусия, Дөңгелек стөл өткізуге қатысу. Отбасындағы, мектептегі, университеттегі әлеуметтену процесін талдаудан өткізу: кемшіліктері, жетістіктері, тәжірибе, ұсыныстар. Алғашқы әлеуметтену, екіншілей әлеуметтену. Десоциализация. Бұл процестің біздің өміріміздегі көрінісі. Сухбаттар, құжаттар яғни пресаға талдау жасау арқылы десоциализацияға ұшыраған адамдардың тағдырын қарастыру, ұсыныстар жасау. Ауылдан қалаға келген жастар, қария осы десоциализация процесіне ұрына ма? Пікіріңіз, дәлел, ұсыныс. Екіншілей социализацияның өтуі. Мысал арқылы қарастыру. Алғашқы әлеуметтенумен екіншілей әлеуметтену арақатынасы қандай? Қазақтардың өміріндегі осы екі процесті талдау. Ресоциализация және оның нақты факт арқылы қарастыру. Ол әдеби шығарма, пресадағы материал, өз өмір тәжірибең.

Қазіргі жастардың әлеуметтенуі, әсіресе қазақ студент жастарының әлеуметтенуі мәселелері, жағымсыз жақтары, олардың шешу жолдары, өкімет деңгейінен, өз мүмкіндіктерін іске қосу арқылы.

Өз ауылдарыңда, қалаларыңда, қалашықтардағы әлеуметтену мәселелерін қарастыру.