Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия+YMKd+po+sociologii+kaz+yaz++otvety(2).doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.12 Mб
Скачать

Әдістемелік ұсыныстар.

Қаланы социологиялық тұрғыдан қарастыру, оның негізгі ерекшіліктері. Мысалы, архитектура қаланың үйлерін, мекелелерін, зәүлім сарайларын және т.б. инфрақұрылымын үйлестіріп салуға тырысады. Ал социология болса қаланың қандай мәселелерімен айналыспақ. Бұған жауапты сол ең бірінші тақырыптан әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік, социологиялық деген ұғымдар және социологиялық теориялар тұрғысынан аламыз. Қаладағы заттық, технологиялық, экономикалық қатынастарға осы социологиялық тұрғыдан қарастыру қажет.

Адамзаттың тарихи даму кезеңдеріне сай қалалар болды, міне оларға әлеуметтік талдау жасау, сол арқылы қазіргі қалалардың ішкі және сыртқы мәнін ашу. Қазақстан жеріндегі қалаларды топтастырын, кезеңдерге сай талдау. Қазіргі Қазақстан қалалары, оның әлеуметтік бет пішіні, ішкі рухани дүниесі, мәселелері. Қазақстан қалаларының ұлттық сипаты, дәстүрі. Батыс және Шығыс дамыған елдердің қалаларыменен салыстару. Қалаларды типтау. Қалалық болу деген не? Ол үшін не қажет, және қандай көрсеткіштер арқылы біз оны анықтай аламыз.

Урбанизация процесі. Урбанизацияның әлемдік жалпы сипаты мен Қазақстандағы көрінісі, мәселелері, оларды шешү жолдары. Қазақтардың урбанизация процесіне араласуы: жетістіктері, мәселлері, ұғылыстары, шығу жолдары. Қазақстан қалаларына ұлттық бейне, мән, калорит беру мәселесі. Ауылдан қалаға келген жастар, соның ішінде студент жастардың қаланы игерүі, қалалық болуы. Қалалық болу міндетті түрде ауылдық қасиеттерден айырылу ма? Ауылдың қандай қасиеті қалалықтарға тиімді? Қалалық өмірді бұрынғы ауылдық көзқараспен қарастыру дұрыс па?

Қазіргі ХХІ ғасырдың үздік тәжірибесіне, талабына сай қалалардың әлеуметтік портрет қандай? Ескі қалалар мен жаңа қалалар: қауышуы, қайшылықтары, болашақтары. Мегаполистер, орта қалалар, кішігірім қалалар. Қала мен ауыл арақатынасы: мәселелері, болашағы. Алматы, Астана қалаларына социологиялық тұрғыдан көзқарас Эссе жазу. «менің қалалық болуым», «Қала мен ауыл. Социологиялық сүреттеме». «Қала жастары мен ауыл жастары».

9 Тақырып.

Отбасы социологиясы.

Семинардың мақсаты – отбасын социологиялық тұрғыдан қарастыру, оның тарихи даму кезеңдерін, типтерін, атқаратын функцияларын, қазіргі кезеңге сай түрін және Қазақстандағы отбасының мәселеріне көңіл аудару.

Семинар жоспары.

  1. Отбасы ұғымы, оның тарихи түрлері.

  2. Отбасының өмір циклі. Қазақтардың отбасыларының өмір циклі мәселелері.

  3. Қазіргі отбасы мәселелері.

  4. Қазақ отбасыларының қазіргі кездегі әлеуметтік мәселелері.

  5. Жастардың отбасы мәселелері.

Әдістемелік ұсыныстар.

Қоғамның дамығанының көрінісінің бірі ол оның неғұрлым институционалды болуы. Отбасы қоғамның жалпы өзгерістер заңдылығыменен өзгеріп отырады, сонымен қатар оның қоғамның өзгеруіне де әсері зор. Заманның талабы алғашқының бірі болып осы отбасы институтынан басталады. Отбасының мәселелерін қарастырғанда оның тарихи даму кезеңдерін және дамудың негізінде жатқан факторлерге көңіл аудару қажет. Дамыған қоғамдарда негізгі төменгі тұтынымдар,яғни материалды тұтынымдар негізінен толығымен қанағаттандырылып отбасының негізін құратын және де бұзатын келесі рухани, психологиялық, мәдени тұтынымдар болады. Сондықтан жаһандану процесі жағдайында осы жалпы отбасылардың заңдылығы қазіргі отбасын құрұға дайындалып жүрген жастар арқылы көрінісін табады. Кеңес заманында отбасы мемлекеттік мәселелер деп шешілген мәселелерменен бәсекелік жасай алмады, отбасындағы шаруашылық қоғамдық еңбек тұрғысынан бағаланбады. Мысалы, үй шаруашылығын алып жүргізген көп балалы аналарға ешқандай еңбек стажы жазылған еме, өйткені олардың еңбегінің еш құны жоқ деп саналатын.

Кеңейтілген, үлкен отбасы заманның талабына сай айзайып келе жатқан отбасы. Бұл жалпы тенденцияның көрінісі. Бірақта одан мұндай отбасы тек қана кемшіліктерден тұратып отбасы деген ұғым тумауы керек. Мәселе адамзат қоғамының мұндай отбасының тіршілік етүіне материалдық жағдай, мүмкіншілігі мол, психологиялық, рухани ынтымақтастығы күшті болуы қажет. Бір отбасының өзін үш-төрт буынның бірге өмір сүргендігі сонша жылдық тарихи салт-дәстүрдің, жадтың, біртұтастығын қалыптастырады. Кеңейттілген, үлкен отбасылар ХХІ ғасырда, онан соң да мүлдем құрып, жоқ болып кетпейді. Сондықтан, нуклеарлық және үлкен отбасын салыстырмалы тұрғыдан қарастырып олардың жетістіктері мен кемшіліктерін ашу қажет. Нақты деректер арқылы. Отбасындағы билік иесі, қазақ отбасындағы осыған байланысты қандай өзгерістер жүріп жатыр. Кемшіліктері, ұтымды жерлері. Отбасының өзіне тиісті функцияларының орындалуы. Некеге тұру, ажырасу. Отбасы болуға дайындалу процесінің жағдайы. Отбасындағы балалар саны, мәселелер.