Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия+YMKd+po+sociologii+kaz+yaz++otvety(2).doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.12 Mб
Скачать

6 Тақырып

Тұлғаның әлеуметтенүі

Сабақтың мақсаты – тұлғаға социологиялық көзқарасты анықтау, тұлғаның кұрылымын ұғыну, әлеуметтенүдің түрлі концепцияларымен танысу, әлеуметтенүдің кезеңдері мен агенттерін қарастыру.

Әдістемелік ұсыныстар

Адам, индивид, тұлға ұғымдарын ажырату және осыған байланысты өзін анықтау. Тұлға туралы концепцияларды талдау, оларға баға беру. Тұлғаның өзіндік және әлеуметтік идентификациясын ажырату және осы тұрғыдан мысалдар келтіру. Тұлғаның әлеуметтенуі, олардың түрлері. Тұлғаның әлеуметтенуі туралы концепциялары, оларға талдау жасау, өзінің таңдаған концепциясына баға берін, дәлелдеу. Өзінің әлеуметтену процесін эссе түрінде жазу, дискуссия, Дөңгелек стөл өткізуге қатысу. Отбасындағы, мектептегі, университеттегі әлеуметтену процесін талдаудан өткізу: кемшіліктері, жетістіктері, тәжірибе, ұсыныстар. Алғашқы әлеуметтену, екіншілей әлеуметтену. Десоциализация. Бұл процестің біздің өміріміздегі көрінісі. Сухбаттар, құжаттар яғни прессаға талдау жасау арқылы десоциализацияға ұшыраған адамдардың тағдырып қарастыру, ұсыныстар жасау. Ауылдан қалаға келген жастар, қария осы десоциализация процесіне ұрына ма? Пікіріңіз, дәлел, ұсыныс. Екінші лей социализацияның өтүі. Мысал арқылы қарастыру. Алғашқы әлеуметтенумен екіншілей әлеуметтену арақатынасы қандай? Қазақтардың өміріндегі осы екі процесті талдау. Ресоциализация және оның нақты факт арқылы қарастыру. Ол әдеби шығарма, прессадағы материал, өз өмір тәжірибен.

Қазіргі жастардың әлеуметтенуі, әсіресе қазақ студент жастарының әлеуметтенуі мәселелері, жағымсыз жақтары, олардың шешу жолдары, өкімет деңгейінен, өз мүмкіндіктерін іске қосу арқылы.

Өз ауылдарында, қалаларынуа, қалашықтардағы әлеуметтену мәселелерін қарастыру.

7 Тақырып

Әлеуметтік стратификация

Сабақтың мақсаты – теңсіздіктердің шығуы туралы теориялармен танысу, түрлі стратификалық жүйелерді талдау, қазіргі индустриалды қоғамның стратификациялық жүйесімен танысу, мобилділіктің түрлері, Казақстан қоғамының стратификациалық жүйесі.

Әдістемелік ұсыныстар

Қоғамды әлеуметтік теңсіздік тұрғысынан қарастыру. Қалыптасқан теорияларға сипаттама беру. Әділеттілік, тендік деп ұранды ұстанған маркстік теорияның жеңіліске ұшырау себебі неде? Ленинизмнің әлеуметтік әділетті, тапсыз қоғам құрамыз деген талыпнысының теориялық және нақты тәжірибелік сипаты. Стратификацияның негізгі көрсеткіштері. Стратификацияның тарихи типтері, қазіргі көрінісі, болашағы. Посткеңестік елдердегі стратификация процесінің өтүі. Ресей, Қазақстан, Қырғыстан тәжірибесі. Жоғары таптың әлеуметтік портреті. Орта таптың әлеуметтік портреті. Төменгі таптың әлеуметтік портреті. Қазақстандағы стратификация топтарының сипаттары. Қазақтардың стратификациялануы. Мәселелер, шешу жолдары. Өз ауылдарындағы, қалаларыңдағы, жалпы Қазақстандағы стратификациялану процесін талдау, мәселелерін көрсету, шешу жолдарын ұсыну.

Страталардың бірінен екіншісіне өту яғни мобилділік. Мобилділіктің түрлері: тікелей және бір деңгейді. Мобильділіктің лифтері: отбасы, мектеп, қызмет, әскер, дін, білім. Осы лифтердің Қазақстан қоғамындағы реттелүі. Төменнен жоғары жылжу лифтері. Жоғарыдан төменге құлдырау. Қазақтардың мобилділігін сипаттау және талдау. Статистикалық мәсіметтер, өз ақпараттарың, өз тәжірибелеріңнен.

Әлеуметтік стратификацияның рухани жағы. Дәстүрді, дін, діл, мәдениеттің стратификация процесіне әсері. Қазақтардың жоғарғы, орта, төменгі страталарына әлеуметтік сипаттама беру. Білім саласын мобильділіктің лифті ретінде қарастыру. Студенттердің арасында әлеуметтік стратификация және мобильділік тақырыбына арналған кішігірім социологиялық зерттеулер өткізу. Оның нәтижелерін БАҚ арқылы жария ету, талқылау.