Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия+YMKd+po+sociologii+kaz+yaz++otvety(2).doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.12 Mб
Скачать

7 Тақырып.

Әлеуметтік стратификация.

Лекцияның мақсаты – теңсіздіктердің шығуы туралы теориялармен танысу, түрлі стратификалық жүйелерді талдау, қазіргі индустриалды қоғамның стратификациялық жүйесімен танысу, мобилділіктің түрлері, Казақстан қоғамының стратификациалық жүйесі.

Негізгі ұғымдар: теңсіздік, стратификация, тап, орта тап, мобилділік, тікелей мобилділік, тең мобилділік, ашық қоғам, жабық қоғам, стратификацияның тарихи типтері, стратификацияның профилі, каста, құлдық, білім, табыс, билік, мәртебе.

Лекцияның жоспары:

  1. Әлеуметтік стратификация: ұғымы, теориялар.

  2. Әлеуметтік стратификация жүйесі.

  3. Мобилділік, түрлері, каналдары.

  4. Жоғарғы, орта, төмендегі таптардың әлеуметтік көрсеткіштері.

Әлеуметтік стратификация социологияның негізгі тақырыбы. Онда қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік, қоғамдағы табыс және тұрмыс қалпы, мәртебе мәселері қарастырылады.

Алғашқы қоғамда әлеуметтік теңсіздік азғана, соңдықтанда аса әлеуметтік стратификация жоқтың қасы болатын. Күрделі қоғамда теңсездік өте күшті болғандықтан адамдар табысына, білім деңгейіне, билікке байланысты қатты бөлінді. Алдыменен каста, сонан соң сословие, кейіннен тап пайда болды. Кейбір қоғамдарда бір стратадан екіншісіне аусуға болмайды; кейбірінде аусуға болғанмен де шектеу қойылған; қазіргі кезде көбісінде толық рухсат етілген. Қоғамның ашық немесе жабақ екенін осы бір стратадан екіншісіне өту мүмкіншілдігі анықтайды. Стратификация ұғымы геологиядан алынған «страта» яғни жердің қыртысы дегенді білдіреді. Осы образ арқылы қоғамның құрылымы да жер қыртысы сияқты ерекше бөлшек- бөлшек болатынды көрсетеді. Әлеуметтік қыртыс төменнен жоғары қарай ерекше орыналысады. Оның ерекшелену негізінде байлықтың өлшемі жатады: кедейлер төменгі қыртыста, ал байлар жоғарыда орын алады. Әрбір қыртыс байлығы, билігі, білімі және мәртебесі шамасы бірдей адамдар тобынан турады. Әлеуметтік стратификацияны өлшеудің төрт өлшем көрсеткіштері бар: 1) байлық; 2) билік; 3) білім; 4) мәртебе.

Байлық қазіргі кезде ақшаменен өлшенеді. Байлар табының негізгі байлықтары ол олардың жиған мүліктері, өндірістері және т.б. Ал орта тап өкілдерінің негізгі байлықтары ол олардың ақшамен түсетін кірістері (айлықтарды, зейнетақылары және т.б.). Негізінен байлық атадан балаға мұра ретінде келеді, ал айлық болса тек жұмыс істегендерде болады. Байлық пен кірістің тең бөлінбеуі экономикалық теңсіздікті тудырады. Ақшалары, байлығы көп адамдардың тұрмыс қалпы да, тіршілікктері де басқа топ өкілдеріне қарағанда ерекше болады. Экономикалық теңсіздік түрлі топ өкілдерінің өмір сүру мүмкіндіктеріне қатты әсер етеді. Ақшалары көп адамдар жақсы, түрлі тамақтанады, өте комфортты үйлерде тұрады, жақсы демалады. Олардың өмір сүруілері кедейлерге қарағанда ұзақ және сапалы. Білім оқыған жылдың санаменен өлшенеді. Мысалы, профессор 20 жылдан астам формалды білім алады, ал сантехник болса ортажылдық білімі болмауы мүмкін.

Биліктің өлшемі қанша адамға шығарған үкім арқылы белгіленеді. Соныменен стратификация шкаласының үшеуінің объективті өлшемдері бар: долларлар, жылдар, адамдар. Ал, мәртебе болса субъективтік өлшемменен есептеледі. Мысалы, белгілі бір мамандық әр қоғамда әр түрлі бағаланады. Мамандықтар сол қоғамның пікірімен өлшеніп олардың мәртебелік иерархияда өзіне тиісті орнына ие болады. Кейбір жағдайда мәртебе ақшаның бағасымен есептелмейді. Мысалы, сантехник жоғарғы оқу орнының ұстазанан ақшаны көбірек табуы мүмкін. Бірақ та, көп қоғамда бұл екеуінің мәртебесі өте алшақ болады. Стратификацияның тарихи типтеріне келер болсақ олар қоғамның ашық немесе жабық түріне байланысты болады. Жабық қоғамда бір әлеуметтік статустан екіншісіне өту мүмкін емес. Бұндай жүйеге құлдық, касталық және сословиялық қоғам жатады. Ал ашық қоғамда бір стратадан екіншісіне ауысуға жағдайлар жасылған. Мысалы, Индиядағы касталық құрылымға келсек оларда негізгі 4 касты бар: брахмандар (діни қызметкерлер), кшатрии (әскерилер), вайшии (саудагерлер), шудра (жұмысшылар мен шаруалар) және 5 мыңға жуық негізгі емес кастлармен кастаның ішіндегі шағын топтар бар. Соныменен қатар қоғамнан шеттетілген, ешбір қорғансыз, құқықсыздар бар, олар ешқандай кастаға кірмейді және қоғамның стратификациялық сатысынаң ең төменгісі. Индустриализация соған тән урбанизацияға байланысты касталардың орнына таптар келүде. Бірақта ауылда, ал Индияның 7/10 тұрғандар сонда тұрады, сол касталық жүйе қалыптасқан. Жастар стратификациялық жүйенің ең жас және ашық типі. Американ зертеушісі Уорнердің топтастыруы бойынша американ қоғамы келесі страталардан турады:

  1. Ең жоғарғы жоғарғы тап – «қанынан аристократтар»;

  2. Төменгі жоғарғы тап – «жаңа байлар»;

  3. Жоғарғы орта тап – кіші буржуазия мен жоғары жалақы алатын мамандар;

  4. Ортаңғы орта тап – жақсы төлемақы алатын қызметкерлер, оқытушылар, орта қолды менеджерлер;

  5. Төменгі орта тап – төменгі қызметкерлер мен маман жұмысшылар. Бұлар тәп тәуір өмір сүруіне мүмкіндіктері барлар;

  6. Жоғарғы төменгі тап – орта және төменгі маман жұмысшылар, олар көпшіліктік өндірістерде жұмыс істейді. Олардың салыстырмалы бақуаты өмір сүреді, бірақта жүріс-тұрыстары, іс-әрекеттеріменен жоғарғы және орта топтан ерекшеленеді;

  7. Төменгі-төменгі тап – Бұларды «қоғамның түбі» немесе андеркласс дейді. Бұлар подвалдар мен чердактарда, тағы да сол сияқты адам тұруға еш жағдай жоқ жерлерде тұрады.

Стратификацияның профилі деп мемлекеттің тұрғындарының жоғарғы, орта және кіші таптағы пайыздық үлесін көрсететін графикалық сипаттама.

1992ж. АҚШ пен Рессейдің стратификациялық профилі:

АҚШ (1992ж)

Рессей (1992ж)

Жоғарғы тап

5%

5%

Ортаңғы тап

81%

14%

Төменгі тап

14%

80-90%

Посткеңестік қоғамда соның ішінде Рессейде, Қазақстанда стратификация әлеуметтік поляризация және «бразилификация» түрінде өтүде. Бірінші ұғым байлар мен кедейлердің арасының алшақтауын көрсетсе, екіншісі-орта таптың азаюын, кедейшіліктің, жұмыссыздықтың өсүі, көлеңкелі экономиканың, жемқорлықтың дамуын көрсетеді.

Қазіргі посткеңестік елдердегі (Рессей мен Қазақстан) жоғарғы ортаңғы, төменгі тапқа социологиялық талдау. Олардың мәселелері. Қоғамның «әлеуметтік түбі» және маргиналдар. Миргиналдар деп екі әлеуметтік таптың шекарасында тұрғандарды айтады. Олар екі тапқа да жатпайды және оларға тән сипаттарды игермегендер. Сондықтан бұлар «не анда, не мұнда жоқ» адамдар. Әлеуметтік мобилділіктің екі түрі болады: тікелей және тең мобилділік. Неғұрлым қоғам ашық, дамыған болса соғұрлым тікелей мобилділік дамыйды. Мобилділіктің құралы, механизмі болып оның әлеуметтік лифтерін айтады. Олар: мектеп, әскер, жұмыс орны, білім, дін, қызмет және т.б.