Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия+YMKd+po+sociologii+kaz+yaz++otvety(2).doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.12 Mб
Скачать

2 Тақырып

Социологияның тарихи

Сабақтың мақсаты – социологияның өмірге келүінің әлеуметтік және ғылыми алғышартпарын, ғылым ретінде қалыптасуын, негізгі теориялар, бағыттарымен танысу, ұғыну. Соның ішінде қазақстандағы социология ғылымының қалыптасуы.

Әдістемелік ұсыныстар

Социология ғылымының басқа ғылымдар сенілді күрделі жолдан өтетіні заңдылық. Оның себебі социологияның объектісі өоғымның күрделігінде. Сондықтан қоғамның өзінің өмірінің негізі де қайшылықтардан тұратындықтан социологиялық теорияларда бір-біріне қарма-қарсы тұрғыдан келеді. Ғылымдағы теориялар жеке дара ғалымдардың есімдерімен байланысты. Сондықтан классикалық социологиялық теорияларды қарастырғанда Э.Дюркгейм, К.Маркс, М.Веберлердің өмірлеріне де қысқаша тоқталған жөн жіне де олар өмір сүрген кезеңге социологиялық сипаттама берген дұрыс, сонда біз олардың ашқан теорияларындағы солардың рухани таңбаларын, іздерін сезіне аламыз. Сонда ғана біз өз сезімдерімізді, рационалды санамызды бірге таным просіне қоса аламыз. Тек сонда ғана біз сол алған білімді өзіндік деңгейге жеткіземіз. Дәл осы принциппен қазіргі шетелдік социологиялық теориялар қарастырылуы қажет: функционалдық (Т.Парсонс), феноменологиялық (А.Шюц), алмасу теориясы (Дж.Хоманс), структурация теориясы (Э.Гидденс), «іс-әрекет философиясы» (П.Бурдье). Әр теорияны қарастырғанда өзіміз өмір сүріп отырған қоғамды, өз тіршілігімізді сол турғыдан тапуға умтылған жөн. Сонда ғана алған ақпарат тек ақпарат түрінде емес біздің біздің біліміз деңгейіне көтеріледі.

Толқылағанда схемалар, мысалдар, нақты фактілерді мейілінше кең қолдануға тырысу қажет. Презентация жасағанда тек қана экрандағы көріністермен шектелмей оны біздің өмірімізбен байланыстыру қажет. Реферат, баяндамалар, дискуссияда осы талаптарды ұстану тиімді.

3 Тақырып

Қолданбалы социологиялық зерттеулердің тәсілдері

Сабақтың мақсаты – қолданбалы социологиялық зерттеудің негізгі түрлерімен танысу, олардың тәсілдерін даярлау және оларды жүрізу, жиған социологиялық деректерді өңдеу мен қорыту, мәліметтер беру.

Әдістемелік ұсыныстар

Қолданбалы социологияның социология ғылымына қажеттілігін анықтап алу қажет. Ол үшін социологияның өмірге келүге байланысты қоғамдық қажеттіліктің қойған талабын еске түсіру керек. Социология ғылымының негізін салушы О.Конттың жаңа ғылымды жазып шыққандағы осы ғылымның басқа гуманитарлық ғылымдардан ерекшелігіне аса көп көңіл бөледі және соған байланысты ғылымдардың күнделілігіне, маңыздылығына, санасына қарай оларды реттейді. Социология ғылымына ең жоғары баға береді. Оның себебі неде? Міне сонда біз қолданбалы социологияның ерекшеліктерін, мәні, мазмұнын түсінеміз.

Жаратылыс, техника ғылымдары табиғаттың заңдылықтарын, заттардың арақатынасын зерттеп соған байланысты ғылымдар қалыптасып отырса, қоғамдағы заңдылықтарды өлшемге қалыптасып отырса, қоғамдағы заңдылықтарды өлшемге салу, арақатынасын тұрақты қарастыру тіптен мүмкін емес. Қоғам да адамдар тіршілік етеді, әр адамның тек өзіне ғана тән жеке ұғымы, мүрдесі, сезімі және т.б. қасиеттері бар. әрине осы жекеленген қасиеттердің бәрі жалпы адамға тән. Міне сондықтан осындай миллиардтаған ерекше дүниені, тез өзгеретін сипаттарды қалайша ортақтапдаруға, жалпылауға болады. Жалпылау дегеніміз жеке нақты адамға тән қасиетті ескермеу, ал олай болса оны жансыздандырып математикалық цифрларға теңестіру емес пе? Яғни социология ғылымы міндетті түрде адамдардың адами қасиеттерін зерттенде жоғалтын алмасуға тиісті. Міне сондықтан да социология нақты өмірді, тіршілікті адами тұрғыдан қарастыруға мүмкіндігінше тырысады. Осыған орай ол философиялық, жалпы ғылыми ұғымдарды бөлшектеп өлшемдік деңгейге сай қылады. Мұндай тәсілді ұғымдарды «операциялизациялау» яғни бөлшектеу дейді. Ұғымдарды жалпылық, философиялық тұрғыдан нақтылық, бөлшектікке түсіргендіктен олар күнделікті тіршілікті өлшей алатын ғылыми құралға айналады. Сондықтан қарастыратын мәселелердің категориялардың операционализациялау қажет. Тек сонда ғана қарастыратып мәселені жаратылыстану, техника ғылымдары секілді нақты өлшей алуға мүмкіндік пайда болады. Қолтанбалы социологиялық зерттеулерді түсіну үшін өздерің кішігірім зерттеулер жасауға тырысу керек. Ол үшін кішкене зерттеу тобын құрса жөн. 3-4 студенттерден құрылған. Зерттеу жұргізу үшін ең алдыменен қарастыратын мәселені анықтап, оны мәселе ретінде жан-жақты қарастырып қоя білу қажет. Енді мәселені шешкенде қандай нәтижеге жетеміз міне соны алуып ала болжан гипотеза құру, мақсатты анықтау, оған жетер жолдаруы, шешетін мәселелерді реттеп, топтастырып оларды зерттейтін тәсілдерді, құралдарды анықтау. Осыған орай арнай зерттеу құралдарып дайынау, құру. Мысалы, сауалнама жүргізу үшін арнайы сауалнама жасау. Сауалнаманы жасаудаң тәжірибедер әбден өтіп қалыптасқан технологиясы бар соп технологияны бұлжытпай орындау.

Филология факультетерінің студенттеріне өз мамандықтарына тиімді құжаттар талдау тәсілі. Бұл тәсілдің формалды және мағналы түрін ретіне сай тәсілдің формалды және мағналы түрін ретіне сай қолдану арқылы текстерді социологияық талдаудан өткізу. Социологиялық зерттеу тек қана социология ғылымының өзіне ғана пайдалы емес, ол басқа ғылымдар социологиялық зерттеу тәсілдерін қолдана отырып өз пәндерін, мамандықтарын да терең, жан-жақты түсінуге, талдауға мүмкіндік алады. Осыған орай Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін социологиялық тәсілдер арқылы талдау. Сухбат жүргізу арқылы әлеуметті маңызы бар мәселелерді жеке адам, әлеуметтік топтың ішкі дүниесіне, таңдауына байланысты білү.