Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия+YMKd+po+sociologii+kaz+yaz++otvety(2).doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.12 Mб
Скачать

12 Тақырып.

Білім және ғылым социологиясы.

Семинардың мақсаты – білім мен ғылымды социологиялық тұрғыдан қарастырып олардың мәні мен мазмұнын, құрылымын, функцияларын көрсету, қазіргі дәүірдегі алатын орнын, атқаратын функцияларын ашу. Қазақстандағы білім мен ғылымның әлеуметтік мәсерін айқындау.

Семинар жоспары.

  1. Ғылым мен білімге тарихи шолу.

  2. Қазіргі ғылым мен білімнің сипаттары, мәселелері.

  3. Қазақстандағы ғылым мен білімнің өзекті мәселелері.

  4. Қазақтардың білім мен ғылым саласындағы әлеуметтік мәселелері, шешу жолдары.

Әдістемелік ұсыныстар.

Қазіргі ХХІ ғасырдын негізгі көрсеткіштері. Өндіріс қоғамның негізі емес, негізі білім, ғылым. Ғылымның мүлдем жаңа сапалы даму сатысы нанотехнологиялар өмірге келді, бұл тек алғашқы кезеңі ғана. Білім беру тек қана информациялық, ақпараттық фунцияларменен шектелмейді, оның негізі білім алушының ойлау, творчестволық қабілетін дамыту. Осыған байланысты білім, ғылым, өндіріс саласы біртұтас технологиялық циклді құрайды. Ғылымдардың салаларында күрделі өзгерістер жүруде. Гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік-мәдени компоненттің рөлі өсуде. Ұлттық сана, мәдениет өсүіне байланысты гуманитарлық ғылымдарда жалпы адамзаттық пен ұлттық мүдделер, қағидалардың мәселелері алдыңғы қатарға көтерілуде.Меншіктің түрлі дамуына ерік болғандықтан мемлекеттік және жеке меншіктік білім беру жүйелері қалыптасты. Білім туралы заңның кемшіліктеріне байланысты білім беруде коммерциялық мақсат яғни ақша табу алға шығып тұр. Осыған байланысты қоғамдағы пікірлерді талдап, қорытынды шығару. Кемшіліктерді болдырмау, оларды тиятын механизмдер мәселесін қарастыру. Білім және ғылым саласындағы республиканың тәжірибесін қарастыру. Оларды дамыған елдердің тәжірибесіменен салыстару. Социологиялық қөзқарасты анықтау, оның негізгі көрсеткіштерін айқындап, қоратынды жасау.Студентердің өздерінің тәжірибесіне байланысты дискусиялар өткізу, ұсыныстар жасау, нақты механизмдерін көрсету.Ғылым саласандағы республикадағы өзекті мәселелерге социологиялық қөзқарас.

СӨЖ, СОӨЖ

1 Тақырып

Социологияның пәні

Сабақтың мақсаты – социологияның мәні мен мазмұнын анықтау. Ол үшін оның қолданатын ұғымдарын, парадигмаларын, құрылымын, басқа гуманитарлық ғылымдардан ерекшіліктерін даныру.

Әдістемелік ұсыныстар

Қандай ғылым болмасын оның өзіменен бірге және оның қалыптасу процесіне негіз болған және оның даму деңгейін көрсететін ұғымдары, заңдары болады. Ғылымның жетіліп, дамығанының айғағы оның ұғымдарының категориялық деңгейге жеткені. Неғұрлам ғылым дамыса солғұрлым оның категориялары көп және саналы, жүйелі болады. Категория ден біз сол ғылымның қарастыратын ауқамындағы қатынастардың негізгі, жалпы, қайталынатын, тұрақты қатынастарын бейнелейтін ұғымдарды айтамыз. Категориялардың жеке, ерекше, жалпы түрлері болады. Білімді игеру үшін оның ұғымдарын, категорияларын, заңдылықтарын ұғыну керек. Олсыз ешқандай ғылымды түсінү, игеру мүмкін емес. Мысалы, математика ғылымын оның формулалары, теоремалары, теориялық заңдылықтарын білмейтін адам математиканы білмейтіні бірден көрінеді және ол математикаға олсыз жолай алмайды. Ал гуманитарлық ғылымдарда қайсібір адам өзін білтіш санай береді. Оның себебі бұл ғылымдарда математикалық формулар жоқ, мәселені түсіндіртенде де көптеген күнделікті сөйлеп жүртен сөздер қолданылады сондықтан оларды білеміз деген пікір қалыптасады. Ондай пікірдің қате екенін сол саланы жетік игерген кәсіби білікті мамандардың арнайы еңбектері дәлел болады. Кез келген адам оны бірден түсіне де алмайды, өйткені арнайы дайындықты талап етеді. Мысалы, Платон, Аристотель, Әл Фарабилардың еңбектері осыған дәлел.

«Социология ғылымы дегеніміз не?» – деген сұраққа жауап беру үшін «әлеуметтік», «әлеумет», «социологиялық» ұғымдарды ажыратып, олардың мәнін түсініп алу қажет. Себебі социология ғылымы осы әлеуметтік, социологиялық қатынастарды зерттейді.

Қандай ғылым болмасын ол қоғамның қажеттілігінен туындайды, сондықтан социология ғылымының өмірге келүінің саяси, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, техникалық, ғылыми, рухани алғышарттарын анықтап, жеке жеке айыра және жүйелі біртұтас тұрғыдан ұғынып, түсініп алу қажет. Тек сонда ғана социологияның қазіргі кезеңде қоғамдағы атқаратын рөлін, қажеттілігін түсінүге мүмкіндік алуға болады.