Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия+YMKd+po+sociologii+kaz+yaz++otvety(2).doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.12 Mб
Скачать

1 Тақырып.

Социологияның пәні.

Семинардың мақсаты – социологияның мәні мен мазмұнын анықтау. Ол үшін оның қолданатын ұғымдарын, парадигмаларын, құрылымын, басқа гуманитарлық ғылымдардан ерекшіліктерін айыру.

Семинар жоспары.

  1. Социология дегеніміз не? Оның қазіргі кездегі қажеттілігі, атқаратын ролі.

  2. Социологиялық ұғымдар менен парадигмаларға сипаттама.

  3. Социологиялық білімнің құрылымы.

  4. Қазақстандағы социология ғылымың қалыптасуы.

  5. Социология ғылымы менен филология ғылымдарының арақатынасы.

Әдістемелік ұсыныстар

Қандай ғылым болмасын оның өзіменен бірге және оның қалыптасу процесіне негіз болған және оның даму деңгейін көрсететін ұғымдары, заңдары болады. Ғылымның жетіліп, дамығанының айғағы оның ұғымдарының категориялық деңгейге жеткені. Неғұрлам ғылым дамып біз сол ғылымның қарастыратын ауқамындағы қатынастардың негізгі, жалпы, қайталынатын, тұрақты қатынастарын бейнелейтін ұғымдарды айтамыз. Категориялардың жеке, ерекше, жалпы түрлері болады. Білімді игеру үшін оның ұғымдарын, категорияларын, заңдылықтарын ұғыну керек. Олсыз ешқандай ғылымды түсінү, игеру мүмкін емес. Мысалы, математика ғылымын оның формулалары, теоремалары, теориялық заңдылықтарын білмейтін адам математиканы білмейтіні бірден көрінеді және ол математикаға олсыз жолай алмайды. Ал гуманитарлық ғылымдарда қайсібір адам өзін білгіш санай береді. Оның себебі бұл ғылымдарда математикалық формулар жоқ, мәселені түсіндіртенде де көптеген күнделікті сөйлеп жүртен сөздер қолданылады, сондықтан оларды білеміз деген пікір қалыптасады. Ондай пікірдің қате екенін сол саланы жетік игерген кәсіби білікті мамандардың арнайы еңбектері дәлел болады. Кез келген адам оны бірден түсіне де алмайды, өйткені арнайы дайындықты талап етеді. Мысалы, Платон, Аристотель, Әл Фарабилардың еңбектері осыған дәлел.

«Социология ғылымы дегеніміз не?» – деген сұраққа жауап беру үшін «әлеуметтік», «әлеумет», «социологиялық» ұғымдарды ажыратып, олардың мәнін түсініп алу қажет. Себебі социология ғылымы осы әлеуметтік, социологиялық қатынастарды зерттейді.

Қандай ғылым болмасын ол қоғамның қажеттілігінен туындайды, сондықтан социология ғылымының өмірге келүінің саяси, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, техникалық, ғылыми, рухани алғышарттарын анықтап, жеке- жеке айыра және жүйелі біртұтас тұрғыдан ұғынып, түсініп алу қажет. Тек сонда ғана социологияның қазіргі кезеңде қоғамдағы атқаратын рөлін, қажеттілігін түсінүге мүмкіндік алуға болады.

2 Тақырып.

Социологияның тарихи.

Семинардың мақсаты – социологияның өмірге келуінің әлеуметтік және ғылыми алғышарттарын, ғылым ретінде қалыптасуын, негізгі теориялар, бағыттарымен танысу, ұғыну. Соның ішінде қазақстандағы социология ғылымының қалыптасуы.

Семинар жоспары.

  1. Социология ғылымының өмірге келүінің алғышарттары:

  • Саяси.

  • Экономикалық.

  • Әлеуметтік.

  • Ғылыми.

  • Рухани.

  • Классикалық социологиялық теориялар:

    • Объективистік (Э.Дюркгейм).

    • Дау жан-жалдық (К.Маркс).

    • Субъективистік (М.Вебер).

  • Қазіргі шетелдік социологиялық теориялар:

    • Функционалдық (Т.Парсонс).

    • Феноменологиялық (А.Шюц).

    • «Алмасу теориясы» (Дж.Хоманс).

    • «Структурация теориясы» (Э.Гидденс).

  • Социологиялық теориялардың қоғамды танудағы .

  • Тут вы можете оставить комментарий к выбранному абзацу или сообщить об ошибке.

    Оставленные комментарии видны всем.