Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия+YMKd+po+sociologii+kaz+yaz++otvety(2).doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.12 Mб
Скачать

4 Тақырып

Қоғам

Сабақтың мақсаты – қоғамды жүйе ретінде қарастыру; жүйелік талдаудың негізгі ұғымдарымен танысу; қоғамның типтерінің эволюциясы; Қазақстан қоғамның сипаттарымен танысу.

Әдістемелік ұсыныстар

Социология ғылымының зерттейтін, қарастыратын объектісі қоғам. Қоғамды барлық гуманитарлық ғылымдар зерттейді. Сондықтан, ең бірінші мәселе, социология ғылымының ерекше көзқарасын анықтап алу. Ол үшін тарихта қалыптасқан қоғам туралы теорияларды қарастыруын талдау шарт. Естеріңізге сала кетейін, ең бірінші тақырыпта біз социология пәнін қарастырып , оның ерекшеліктерін анықтаған болатынбыз. Міне, сондықтан да, социологияның қоғамды қарастырғандағы ерекшіліктерін сипаттау қажет. Қоғам саналы жандар құрған қауыл. Ол біртұтас, күрделі, өзін-өзі анықтайтын, өзін-өзі құрыстыратын, өзін-өзі дамытатын ұзауым. Ал күрдесі деген ұғым қарастырған объектіміздің бөлшектен туратынын көрсетеді. Сондықтан, бөлшек, біртұтастық, жүйе сияқты ұғымдарды анықтау қажет. Қоғам адамзаттың тарихы ұзарған сайын күрделеніп, өзгеріп отырады. Міне сондықтан қоғам туралы теориялар, концепциялар әр түрлі. Олардың қайсысі болмасын сол күрделі динамикасы зор қауымды түсінуге тырысуда. Осыған орай қоғамға берілге органистикалық, объективистік, қоғамдық-экономикалық формациялық, құрылымуы-функционалдық және т.б. теорияларға талдау жасап оларды салыстырманы түрде анықтауға тырысу керек. Қазақстан қоғамында осы турғыдан қарастырған жоқ.

Қоғамның типтері, оларды топтастырудың негізінде жатқан көрсеткіштер. Мәдениет пен өркениет, бұл ұғымдар турғысынан қоғамды қалай түсінуге болады. әлеуметтік-мәдениеттік бағыт дегеніміз не? Неліктен қазіргі кезде осы бағытты қолданушылар көбеюде? Оның себептері неде? Қазақстан қоғамына түрлі теориялар тұрғасынан анықтама беру. Қоғамның даму кезінде азаматтық қоғам құрылды. Ол ұғымның мағасы не де?

Азаматтық қоғамның негізгі көрсеткіштері. Азаматтық қоғамға социологиялық тұрғыдан сипаттама беру Азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет, нарықтық экономика ұғымдарына салыстырмалы түрде социологиялық тұрғыдан талдау жасау. Қазақстандағы азаматтық қоғам құру мәселесіне шолу жасау. Өз отбасыңның, өзіңнің күнделікті тіршілігін осы жоғарғы ұғымдар тұрғысынан талдау. Қоғамдарда типтестіргенде техникалық, технологиялық, ғылыми дамуы жоғары қоғамдарменен осы көрсеткіштері төмен қоғамды қалай салыстыруға болады? Ұғымды және ұғымсыз жағдайларын сипаттау.

5 Тақырып

Қоғамның құрылымы

Сабақтың мақсаты – әлеуметтік құрылым ұғымы, концепциялары, әлеуметтік роль, статустардың жеке адамның, топтың қоғамдағы өміріне алатын орнын, атқаратын функцияларын қарастыру.

Әдістемелік ұсыныстар

Жалпы қоғам ұғымынан оның әлеуметтік құрылымын қарастыруға көшелік. Осыған байланысты қоғамның құрылымы туралы концепцияларға тоқталғанымыз жөн. Бұл жерде ескеретін жай ол екінші тақырыпта қарастырған басты социологиялық теорияларды енді нақты бір мәселеге байланысты қолдану қажет. Әр мәселені қарастырғанда жалпы бүкіл социология пәні ауқымында орын алған социологиялық теорияларға сүйенеміз. Қоғам дегенді біз енді статус, рөл деген ұғымдар, категориялар арқылы қарастыруамыз қажет. Жынында да, қоғам дегеніміз әлеуметтік статусқа ие соған байланысты жүздеген рөль атқаратын адамдар арақатынасы. Міне осы тұрғыдан қоғамның дамуына тарихи қарастырып ондаға әлеуметтік статустардың, әлеуметтік рөльдердің өзгеру процесін көрсету қажет. МЫсалы, жеке адамның статусы, оның атқаратын рөлдері ежелгі дәүірде, Орта ғасырларда, капитализм, социализм, қазіргі қоғамдағы қандай өзгерістерге ұжырады. өзіңнің отбасыңның статусы, өзіңнің статусыңды, атқаратын рөлдеріңді эссе түрінде жазып, дискуссияға қатысу. Қаншалықты қазіргі статус, рөлдер сені қанағаттандырады, қалай оларды өзгертпексің, қандай жолдармен, әдістермен, құралдар арқылы. Қазақстан қоғамының әлеуметтік статустар, рөлдер жүйесі қаншалықты қазіргі заман талабына сай. Мысалы, ұстаздар мен шәкірттер статусы мен рөлдерін талдауға саясақ. Әлеуметтік статус пен рольдердің тұрақтылығы мен өзгергіштігі. Спектакльдер қою. Сауалнамала жүргізу, университеттің телевидениесінен көрсету.