Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия+YMKd+po+sociologii+kaz+yaz++otvety(2).doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
16.11.2018
Размер:
1.12 Mб
Скачать

10 Тақырып.

Этносоциология.

Семинардың мақсаты-түрлі этникалық ортада және әлеуметтік топтарадағы әлеуметтік процестерді қарау, этникалық мәдениеттің, дәстүрдің әлеуметтік өмірге әсерін, этникалық қарым-қатынастарды, соған байланысты дау жан-жалдарды көрсету.

Семинар жоспары.

  1. Этнос, ұлт, ұлыстар, халық ұғымдары.

  2. Этносоциологияның қазіргі кездегі маңыздылығы, атқаратын функциялары.

  3. Қазіргі кезеңдегі этносаралық қатынастардың өзекті мәселелері.

  4. Қазақстандағы этносаралық қатынастардың жағдайы.

  5. Ош, Желалабад , Мәскеу оқиғаларындағы(2010, VII) этосаралық қатынастар: социологиялық талдау.

Әдістемелік ұсыныстар.

Этносаралық қатынастардың ХХІ ғасырдағы сипаттары. Әлемдік тәжірибе. Қазіргі кездегі этносаралық қатынастардың шиеленесуінің себептеріне талдау жасау. КСРО-ның күйреуінің себептері, соның ішінде этносаралық саясат. Егеменді мемлекеттер кезіндегі этносаралық шиеленістердің себептері, олардың шешу жолдары. Грузия, Оңтүстік Осетия, Абхазия, Қырғызстан / 2010 жылындағы/ Ош, Желалабад, Мәскеу оқиғалары, Қазақстандағы Шелекте, Маловодноедағы болған этносаралық шиеліністер. Осы шиеленістерді тек кездейсоқ жай оқиға ретінде қабылдамауға қандай себептер бар. Қазақ пен орыс мәселелері. Орыс мектептерін бітіріп, орыс тәрбиесін алған қазақтар мен қазақ мектептерін бітіріп, қазақша тәрбие алғандар арасындағы шиеленістерді біз этносаралық деп айта аламыз ба?

11 Тақырып.

Жастар социологиясы.

Семинардың мақсаты – жастарды жасына қарай бөлінетін топ ретінде сипаттау; өмір жолының кезеңі, жастар туралы негізгі концепциялар мен танысу; жастардың субмәдениетінің ерекшелігін көрсету; қазіргі жастардың құндылық бағыттарына талдау жасау; соның ішінде қазақ жастарының.

Семинар жоспары.

  1. Жастар әлеуметтік топ: көрсеткіштері, анықтамасы, қажеттілігі.

  2. Жастардың әлеуметтік мәселелері.

  3. Қазіргі замандағы жастар: көрсеткіштері, ерекшеліктері, мәселелері.

  4. Қазақстандағы жастардың әлеуметтік мәселелері.

  5. Қазақ жастарының әлеуметтік мәселелері.

Әдістемелік ұсыныстар.

Жастарды әлеуметтік топ ретінде қараудың негіздері. Жастардың әлеуметтік көрсеткіштері, олардың тарихи қалыптасуы. Қазіргі заманның талабының жастарға тигізген әсері, талабы. Буындар арақатынасы. Капиталистік қатынас және жастар: техникалык, экономикалық, саяси, рухани көріністері. Жастардың әлеуметтену процесі Қазақ жастарының ерекшеліктері: мәдени, экономикалық, саяси, рухани, діни, діли, әлеуметтік. Қазақ отбасының жастарды әлеуметтіндіру мәселелері. Ауыл жастары және қала жастары мәселелері. Ауыл жастарының қалалық болу процесі. Жастардың мамандықты игеру мәселелерінің әлеуметтік қырлары. Студент жастардың саналы білім алу, жұмысқа орыналасу мәселелерінің әлеуметтік қыры. Жастар және мәдениет. Жастардың субмәдениеті, оның атқаратын ролдері, проблемалары. Жастар және саясат. Саясатқа деген жастардың көзқарасы. Адам құқы мен жастар. Жастардың құқының нақты іс жүзінде қорғалуы. Жастар және наркотиктер. Жастар және қылмыс. Жастар және жезөкшелік. Жастар және әдебиет, әдебиеттегі жастар тақырыбы. Жастар отбасы мәселелері. Жастар және қоғам. Жастар және бизнес. Жастар және ғылым. Жастар және әлеуметтік стратификация. Жастар жэне өнер. Жастар және спорт. Жастар және тарих, философия, социология ғылымдары. Жастардың саналарындағы өзгерістердің бағыты. Жастар және мәңгүрттік, оның көріністері. Жастардың ұлтжанды, патриот болу мәселесі.