Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД_ПЭВМ_2ИКО_Урдабаева+++.docx
Скачиваний:
134
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
833.23 Кб
Скачать

1.3 Тапсырма.

Нұсқа бойынша есеп шешімінің программасын келтіру:

N натурал саны берілген. Есептеу керек:

  1. S=1-+

  2. S=

  3. S=

  4. P=

  5. P=

  6. P=

1.4 Тапсырма.

Берілген есептер шешімінің программасын келтіру.

Элементтері бүтін сан болатын бір өлшемді массивте келесі амалдарды орындаңыз:

  1. Барлық жұп сандарды жойыңыз.

  2. Барлық бірліктерді нольдермен ауыстырыңыз.

  3. Қайталанатын элементтерді екі еселеңіз.

1.5 Тапсырма.

Нұсқа бойынша есеп шешімінің программасын келтіру:

  1. Екі өлшемді массив берілген. Осы массивтегі ең кіші элементті тауып, оның реттік номерін анықтау керек. Егер олар бірнешеу болса, олардың реттік номерін әрқайсысы үшін анықтау қажет.

  2. Екі өлшемді массивтің бағандары бойынша элементтерінің қосындысын анықтайтын программа құрыңыз.

  3. Студенттердің 8-ші семестрдегі 5 түрлі пән бойынша алған бағалары берілген. Студенттердің үлгерімін анықтайтын программа жазыңыз.

  4. Екі өлшемді квадрат массив берілген. Оның бас диагоналының элементтерінің қосындысын экранға шығаратын программа жазыңыз.

  5. Екі өлшемді квадрат массив берілген. Оның бас диагоналының үстінде орналасқан элементтерінің қосындысын есептейтін программа жазыңыз.

  6. Екі өлшемді массив берілген. Осы екі массивтің элементтерінің қосындысын экранға шығаратын программа құрыңыз.

1.6 Тапсырма.

Нұсқаға сәйкес есеп шешімінің программасын келтіру:

  1. Берілген текстте «а» әрпі бар екені белгілі. Сол текстің бірінші «а»-дан кейінгі бөлігін шығарыңыз.

  2. Берілген текстегі ph жұбын f әрпіне өзгертіп текстті қайта шығарыңыз.

  3. Латын әрпінен және сөздерінен тұратын тізбек берілген. «а» әрпінен басталатын сөздер санын анықтаңыз.

  4. Жол берілген. Егер жолдың ұзындығы екіге еселі болса, онда алғашқы және соңғы екі символды жойып, жолды қайта шығарыңыз.

  5. Сөйлем берілген. Ондағы ұзындықтары 5-ке теғ сөздерді шығару қажет.

  6. Берілген тексттегі алдында «с» әріпі орналасатын «в» әріпінің бәрін алып тастап, тексті қайта шығарыңыз.

1.7 Тапсырма.

Нұсқаға сәйкес есеп шешімінің программасын келтіру:

  1. Кіріс файлы негізінде келесі мәліметтерді қамтитын топ студенттерінің тізімін құру: аты-жөні, туған жылы, мекен-жайы, мектебі. Жаңа файлға көрсетілген мектеп түлектерін туған жылы бойынша сұрыптап шығару.

  2. Кіріс файлы негізінде келесі мәліметтерді қамтитын топ студенттерінің тізімін құру: аты-жөні, топ нөмірі, 3 емтихан нәтижелері. Жаңа файлға сессияны сәтті тапсырған студенттер тізімін топ нөмірі бойынша сұрыптау шығару.

  3. Кіріс файлы негізінде келесі мәліметтерді қамтитын жүк қоймасының багаждік ведомосін құру: жолаушы аты-жөні, заттар саны, заттардың жалпы салмағы. Жаңа файлға жүктің орташа салмағы нормадан асатын жолаушылар туралы мәліметтерді тапсырылған заттар саны бойынша сұрыптап шығару.

  4. Кіріс файлы негізінде келесі мәліметтерді қамтитын автомобильдік ведомость құру: автомобиль маркасы, автомобиль нөмірі, иесінің аты-жөні, шыққан жылы, жүрген жолы. Жаңа файлға қандай да бір жылға дейін шығарылған автомобильдерді жүрген жолы бойынша сұрыптап шығару.

  5. Кіріс файлы негізінде келесі мәліметтерді қамтитын мекеме қызметкерлерінің тізімін құру: аты-жөні, жұмысқа қабылданған жылы, қызметі, жалақысы, стажы. Жаңа файлға жалақысы қандай да бір деңгейден төмен қызметкерлер тізімін жұмыс стажы бойынша сұрыптап шығару.