Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД_ПЭВМ_2ИКО_Урдабаева+++.docx
Скачиваний:
134
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
833.23 Кб
Скачать

1.2. Delphi бағдарламаларының құрылымы

DELPHI-дегі бағдарлама жоба файлынан (.dpr кеңеймелі файл), бірнеше негізгі мәтін файлдарынан (.pas кеңеймелі), форма терезелерін сипаттайтын файлдардан (.dfm кеңеймелі).

Жоба файлында берілген жобаны құрайтын модульдер туралы ақпарат сақталады. Жоба файлы DELPHI ортасымен автоматты түрде құрылады және редактрлеуге келмейді

Негізгі мәтін файлы – бағдарлама мәтінін орналастыруға арналған бағдарламалық модуль (Unit). Бұл файлда бағдарламалаушы PASCAL тілінде жазылған бағдарлама мәтінін орналастырады.

Сипаттау бөлімінде кітапханаларды қосу операторлары (Uses) арқылы басқа модульдер қолдана алатын типтер, айнымалылар, процедуралар мен функциялар тақырыптары сипатталады. Жүзеге асыру бөлімінде сипаттау бөлімінде сипатталған процедуралар мен функциялар денесі, және тек сол модульде ғана қолданылатын айнымалылар типі, процедуралар мен функциялар орналасады. Тағайындау бөлімі сирек қолданылады, сондықтан оны қарастырмауға болады. Модульдің құрылымы төмендегідей болады:

unit Unit1;

Interface

// Сипаттау бөлімі

implementation

// Жүзеге асыру бөлімі

begin

// Тағайындау бөлімі

end.

Бағдарламаны компиляциялағанда DELPHI .pas және .dfm кеңеймелі файлдардың мазмұнын машиналық кодқа ауыстыру нәтижесін сақтайтын .dcu кеңеймелі файл құрады. Компоновщик.dcu кеңеймелі файлдарды .exe кеңеймелі жүктелетін файл құрады. .~df, .~dp, .~pa кеңеймелі файлдарда сәйкесінше форма, жоба және негізгі мәтін бейнесінің резервті көшірмесі сақталады.

2. Төменде келтірілген мысалды талдаңыз және орындаңыз.

1.3. Бағдарламаны құру мысалы

Тапсырма: берілген x, y, z мәндері үшін келесі өрнектің мәнін есептеңіз

.

Бағдарлама диалогының панелін 1.2-суретте көрсетілгендей етіп ұйымдастырыңыз.

1.3.1. Форманы баптау

Бос форманың жоғарғы оң жақ бұрышында басқару батырмалары орналасқан: форманы жинау , форманы экранға жаю және бастапқы өлшеміне келтіру , және форманы жабу .Тышқанның көмегімен форма жақтауын ұстай отырып форманың қажетті өлшемдері мен экрандағы орналаусын реттеңіз.

1.3.2. Форма тақырыбын өзгерту

Жаңа форма бірдей атауға (Name) және тақырыпқа (Сaption) ие - FORM1. Форма атауын өзгертпеген дұрыс, өйткені ол бағдарлама мәтініне кіреді.

Тақырыпты өзгерту үшін объектілер инспекторының терезесін шақырыңыз (F11) және форманың үстіне тышқан пернесімен шертіңіз. Объектілер инспекторының формасындағы Properties парағынан Caption қасиетін тауып шертіңіз. Ерекшеленген терезеде мынаны жазыңыз: “ Лаб. раб. N1. Ст. гр. 740102 Иванов А.А.”.

1.3.3. Енгізу жолын орналастыру (TEdit)

Егер бағдарламаға формадан бір жолға сыйатын ақпаратты енгізу немесе формаға ақпарат шығару керек болса, TEdit компонентімен берілетін біржолдық мәтіндік редактор қолданылады.

Берілген бағдарламада біржолдық редактордың көмегімен extendedнемесеintegerтипті x,y,zайнымалылары енгізіледі.

Standard компоненттер мәзірінен пиктограммасын таңдап, форманың қажетті жеріне ,щелкните мышью в томшертіңіз. Формаға үш TEdit компонентін қойыңыз. “Тышқанның” көмегімен олардың өлшемдерін реттеңіз. Бағдарлама мәтінінде бірдей типті үш Edit1, Edit2, Edit3 айнымалысы пайда болғанын байқауға болады. Әрбір .Text кеңеймелі айнымалысында символдар жолы (String тр сәйкес Edit терезесінде бейнеленеді.

x,y,z айнымалыларының сандық мәні нақты типті болғандықтан, Edit1.Text айнымалысында орналасқан санның жолдық түрде жазылуын нақты мәнге ауыстыру үшін X:=StrToFloat(Edit1.Text) стандартты функциясы қолданылады.

Егер бастапқы мәндер бүтін, мысалы integer типіне ие болса, онда X:=StrToInt(Edit1.Text) стандартты функциясы қолданылады.

Санның жазылуында бос орындар болмауы керек, ал нақты сан ондық үтірмен жазылады.

Объектілер инспекторының көмегімен Edit жолындағы символдардың шрифті мен өлшемін тағайындаңыз (Font қасиеті).