Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД_ПЭВМ_2ИКО_Урдабаева+++.docx
Скачиваний:
134
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
833.23 Кб
Скачать

№1.7 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Ішкі программар мен модульдерді қолданып программалау.

Мақсаты: ішкі программалар жазу мен модульдерді құру үшін DELPHI-дің мүмкіндіктерін үйрену. Ішкі программа мен UNIT сыртқы модулін пайдаланып программа құру.

Қажетті құралдар мен материалдар: ДК, Delphi ортасы.

Мазмұны мен жұмысты орындау реті

7.1. Ішкі программалардың қолданылуы

Ішкі программа – бұл белгілі бір ретпен анықталып, атау берілген операторлар тобы. Ол негізгі программаның кез-келген жерінде және бірнеше рет шақырыла алады.

Ішкі программалар қандай да бір операторлар тізбегі программа текстінде бірнеше рет қайталанатын жағдайда қолданылады. Бұл тізбек қажет операторлардан тұратын ішкі программаны шақырумен алмастырылады. Ішкі программалар сонымен қатар басқа программистер қолдана алатын құрамында арнайы мағыналы ішкі программалар жиыны бар мамандырылған кітапханалық модульдерді құруда қолданылады.

Ішкі программалар процедуралар және функциялар болып бөлінеді.

Процедура келесі құрылымнан тұрады:

Procedure <процедура аты> ([формальды параметрлер тізімі]);

Const [қолданылатын тұрақтыларды сипаттау];

Type [қолданылатын типтерді сипаттау];

Var [қолданылатын айнымалыларды сипаттау];

Begin

... //операторлар

End;

Функциялардың процедуралардан айырмашылығы олар өрнекте операнда ретінде қолданыла алады, сондықтан олардың құрылымы келесі түрде болады:

Function <функция аты> ([формальды параметрлер тізімі]):<нәтиженің типі>;

Const [қолданылатын тұрақтыларды сипаттау];

Type [ қолданылатын типтерді сипаттау];

Var [ қолданылатын айнымалыларды сипаттау];

Begin

… // операторлар

Result:=…; // өрнектің нәтижесін result-ке көшіру

End;

Процедуралар және функциялар ішкі программаның формальді параметрі ретінде қолданылуы мүмкін. Ол үшін тип анықталады:

Type <аты>=function ([формальды параметрлер тізімі]):<нәтиженің типі>;

немесе Type <аты>=procedure ([формальды параметрлер тізімі]);

Процедураның немесе функцияның аты программа ішінде уникальды болуы керек. Формальды параметрлер тізімі міндетті емес және олар болмауы да мүмкін. Егер ол болса, онда нүктелі үтір арқылы формальды параметрлер аты және олардың типі көрсетіледі. Формальды параметрлердің үш түрі бар: параметр-мән, параметр-айнымалы, параметр-тұрақты. Ішкі программаны шақырғанда бұл параметрлер үшін мәліметтердің берілуі әртүрлі болады. Параметр-мән көшіріледі және ішкі программа оның көшірмесімен жұмыс жасайды, сондықтан шақырған кезде мұндай параметрдің орнына арифметикалық өрнек қоюға болады. Параметр-айнымалыны(оларды сипаттағанда алдына Var қойылады) және параметр-тұрақтыны пайдаланған кезде ішкі программаға адресі беріледі және ол айнымалының өзімен жұмыс жасайды. Параметр-айнымалының көмегімен ішкі программа өз жұмысының нәтижесін шақыратын программаға қайтаратын арнайы Result айнымалысы қолданылады.

Object Pascal тіліне тілдің бір бөлігі болып табылатын және сипаттау бөлімінде алдын-ала анықталмай-ақ шақырылатын жиі қолданылатын процедуралар мен функциялар кірістірілген.