Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД_ПЭВМ_2ИКО_Урдабаева+++.docx
Скачиваний:
134
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
833.23 Кб
Скачать

1.3.4. Жазбаларды орналастыру (tLabel)

Формада (1.2-сур.) төрт түсініктеме жазуы бар. Ондай жазуларды формаға түсіру үшін TLabel компоненті қолданылады. Standard компоненттер мәзірінен пиктограммасын таңдап, форманың қажетті жеріне шертіңіз. Сол кезде формада Label1 жазуы пайда болады. Осы әрекеттерді төрт жазу үшін орындаңыз. Әрбір жазудың үстіне шертіп, шрифт пен өлшемін тағайындаңыз (Font қасиеті), және объектілер инспекторының Caption қасиетінде жолды енгізіңіз, мысалы “Введите значение X:”

Бағдарлама мәтінінде бірдей типті төрт .TLabel типті айнымалысы пайда болғанын байқауға болады. Оларда бағдарлама жұмысы кезәнде өзгертуге болатын, түсініктеме жолдар сақталады.

1.3.5. Нәтижені шығарудың көпжолды терезесін орналастыру (tMemo)

Бағдарлама жұмысның нәтижесін шығару үшін TMemo компонентімен бейнеленетін мәтіндік терезе қолданылады. Standard компоненттер мәзірінен пиктограммасын таңдап формаға орналастырыңыз. Тышқаннның көмегімен оның өлшемі мен орналасуын реттеңіз. Инспектордың көмегімен ScrollBars - SSBoth қасиетін тағайындағанна кейін терезеде вертикаль және горизонталь сырғытпалар пайда болады. ТMemo типті терезісінің әрбір жолы Memo1.Lines жолдар массивінде орналасады. Әобі жолдың String типті.

Терезені тазалау үшін Memo1.Clear әдісі қолданылады. Терезеге жаңа жолды қосу үшін Memo1.Lines.Add (String типті айнымалы) әдісі қолданылады.

Нақты немесе бүтін типті айнымалысында орналасқан санды шығару үшін, оны алдын ала String типіне түрлендіру және Memo1.Lines массивіне қосу керек.

Мысалы, егер u:=100 бүтін типті айнымалы болса, онда Memo1.Lines.Add(‘Значение u=’+IntToStr(u)) әдісі түрлендіруді орындап, терезеге “Значение u=100” жолын шығарады. Егер u:=-256,38666 нақты тпті айнымалы болса, онда Memo1.Lines.Add(‘Значение u=’+FloatToStrF(u.fffixed,8,2)) әдісін қолдану нәтижесінде “Значение u= -256.39” жолы шығарылады. Сан үшін барлығы сегіз позиция бөлінеді, оның екі позициясын бөлшек бөлігі алады.

Memo1 массивіндегі жолдар саны терезе өлшемінен көп болса, барлық жолдарды қарау үшін вертикаль сырғытпа қолданылады. Егер Memo1-дегі жол ұзындығы терезе жолындағы символдар жолынан үлкен болса, терезеде жолдың тек басы ғана бейнеленеді. Жолды түгелімен көру үшін горизонталь сырғытпа қолданылады.

1.3.6. Форма құру жағдайын өңдеу бағдарламасын жазу (FormCreate)

Бағдарламы орындауға жіберген кезде «форманы құру» (OnCreate) жағдайы пайда болады. Осы жағдайды өңдейтін бағдарлама құрайық – TEdit терезелерінде сәйкесінше x, y, z айнымалыларының бастапқы мәндері беріліп, ТMemo терезесіне студенттің тобы мен фамилиясы көрсетілген жолды шығаратын болсын. Ол үшін тышқанмен форманың кез келген жеріне екі рет шертіңіз. Экранда автоматты түрде процедура (форманы құру жағдайын өңдеу) тақырыбы жазылған мәтін пайда болады: Procedure TForm1.FormCreate(Sender:TObject). begin…end арасына бағдарлама мәтінін жазамыз (төмендегі мысалды қараңыз).

1.3.7. Батырманы басу жағдайын өңдеу бағдарламасын жазу (ButtonClick)

Формаға ТButton компонентімен сипатталатын батырманы қоямыз, ол үшін Standart компоненттер мәзірінен пиктограммасын таңдаймыз. Объектілер инспекторының көмегімен тақырып атын (Caption) – Button1-ді “Орындау (Выполнить)” өзгертіңіз немесе басқа бір атауға. Батырма өлшемі мен орналасуын реттеңіз.

Сосын батырманы тышқанмен екі рет шертіңіз, батырманы басу жағдайын өңдеу процедурасының тақырыбы жазылған бағдарлама мәтіні пайда болады. (Procedure TForm1.ButtonClick(Sender:TObject); ).

Осы процедураның мәтінін мысалдан алып жазыңыз.