Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД_ПЭВМ_2ИКО_Урдабаева+++.docx
Скачиваний:
134
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
833.23 Кб
Скачать

6.6. Жеке тапсырмалар

Программада енгізілетін берілгендерді файлда сақтау және бұрын сақталған файлдан оқу мүмкіндігін қарастырған жөн. Нәтижені құру терезесіне және текстілік файлға шығарыңыз.

  1. Дүкенде сұранысқа ие тауарларды сатып алуға арналған адамдардың тізімі құрылған. Бұл тізім мынадай өрістерден тұрады: реттік номері, аты-жөні, сатып алушының мекен-жайы және есепке қойылған күні. Тізімнен аты-жөнін және мекен-жайын тексере отырып, барлық қайталанатын жазбаларды өшіріңіз.

  2. Қоймадағы тауарлардың тізімі тауардың атынан, санынан, бағасынан және қоймаға түскен күнінен тұрады. Бір айдан артық сақталған және құны 100000 теңгеден асып кететін тауар тізімін алфавит бойынша реттеп шығарыңыз.

  3. Студенттерге жатақханадан орын алу үшін студенттің аты-жөнінен, оқитын тобынан, орташа балынан және жанұя мүшелеріне тиісті кірісі екі айлық жалақыдан аз тұратындарға, содан соң қалғандарына орташа балы бойынша беріледі. Жатақханадан орын алу кезегі құрылған тізімді шығарыңыз.

  4. Қалааралық АТС-те телефонмен сөйлесу туралы ақпарат сөйлесу күнінен, қаланың атынан және кодынан, сөйлесу уақытынан, тарифтен, осы қаладағы телефон номері және сөйлесетін абоненттің телефон номерінен тұрады. Әр қала бойынша жалпы сөйлескен уақытты және олардың бағасын шығарыңыз.

  5. Фирманың қызметкерлері туралы ақпарат келесі өрістерден тұрады: Ф.А.Ә., табель номері, бір айда орындаған сағаттарының саны, сағаттық тариф (бір сағатқа төленетін ақша). 144 сағаттан артық орындалған жұмыс уақыты артық орындалған деп есептеледі және жалақысы екі еселеніп төленеді. Фирманың әрбір қызметкерінің жалақысын табыс салығын шегере отырып экранға шығарыңыз. Табыс салығы жалпы ақшаның 12% құрайды.

  6. Спорттық жарыстарға қатысатын қатысушылар туралы ақпарат келесі өрістерден тұрады: елінің аты, команда аты, ойыншының Ф.А.Ә., ойыншы номері, жасы, бойы, салмағы. Командадағы ең жас, бойы ұзын және салмағы аз ойыншылар туралы ақпаратты экранға шығарыңыз.

  7. Кітапханада сақталған кітаптар үшін кітаптың регистрациялық номері, авторы, аты, шыққан жылы, баспасы, беттерінің саны беріледі. Берілген жылдан соң шыққан кітаптардың тізімінің авторларын алфавит бойынша шығарыңыз.

  8. Заводтың әр түрлі цехтары бірнеше түрдегі тауарларды шығарады. Шығарылатын тауарлар туралы ақпарат тауардың атынан, санынан, цех номерінен тұрады. Берілген цех үшін шығарылатын тауарлардың атын және санын кему ретімен шығараңыз.

  9. Мекемедегі қызметкерлер туралы ақпарат келесі өрістерден тұрады: Ф.А.Ә., бөлім номері, қызметі, жұмыстың басталу күні, стажы. Мекемедегі қызметкерлердің тізімін стаждарының кему ретімен бөлім бойынша шығарыңыз.

  10. Университетке түсуге емтихан тапсыруға талапкерлердің ведомості Ф.А.Ә., мекен-жайынан, алған бағаларынан тұрады. Ақтөбе қаласында тұратын және емтиханды тапсыруы бойынша орташа балы 4.5-тен кем емес талапкердің аты-жөнін шығарыңыз.

  11. Студенттердің үлгерімі туралы ведомость құрылған. Бұл ведомостің әрбір жазбасы топ номерінен, студенттің Ф.А.Ә., соңғы сессиядан алған бағаларынан тұрады. Топтары бойынша студенттердің тізімін шығарыңыз. Әрбір топта студенттің аты-жөні орташа балының кему ретімен шығуы тиіс.

  12. Университетке түсуге емтихан тапсыруға талапкердің ведомості Ф.А.Ә., мекен-жайынан, алған бағаларынан тұрады. Университет бойынша орташа балды есептеп және орташа балы университеттің орташа балынан үлкен талапкердің тізімін шығарыңыз. Тізімнің басында барлық емтихандарды тек беске тапсырған талапкер тұруы тиіс.

  13. Кітапханада кітаптар тізімі бар. Әрбір жазба автордың фамилиясынан, кітаптың атынан, шыққан жылынан тұрады. Кітаптың атында клавиатурадан енгізілген кейбір кілттік сөз кездесетін кітап туралы ақпаратты шығарыңыз.

  14. Топтағы студенттердің тізімі келесі ақпараттардан тұрады: Ф.А.Ә., бойы және салмағы. Бойы мен салмағы тізімде көп кездесетін студенттердің тізімін шығарыңыз.

  15. Топтағы студенттердің тізімі келесі ақпараттардан тұрады: Ф.А.Ә., бойы және салмағы. Бойы мен салмағы тізімде өте сирек кездесетін суденттердің тізімін шығарыңыз.

  16. Орындаушылардың конкурсына қатысу үшін келесі анкетаны толтыру қажет. Ф.А.Ә., туған жылы, туған жері, музыка инструментін тартатын класы (гитара, фортепиано, скрипка, виолончель). Инструменттер класы бойынша алған орындарының ретімен ең жас лауреаттар тізімін шығарыңыз.

  17. Дүкенде сатылатын автомобильдердің тізімі бар. Бұл тізімнің әрбір жазбасы автомобильдің маркасынан, бағасынан, 100 км-ге кететін жанармай мөлшерінен, комфорттылығынан (өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық) тұрады. Клавивтурадан енгізілген сатып алушының талаптарын қанағаттандыратын автомобильдердің тізімін шығарыңыз.

  18. Аэропорттың анықтама бөлімінде келесі күні ұшатын самолеттердің ұшу кестесі берілген. Әрбір рейс үшін: рейс номері, самолет типі, ұшатын жері, ұшу уақыты көрсетілген. Белгіленген жерге (пункт) ұшу уақыты өсу реті бойынша баратын рейстің номерін, самолеттің типін және ұшу уақытын шығарыңыз.

  19. ГАИ-ге есепке тұруы үшін автожүргізушілер келесі ақпараттарды көрсетеді: автомобиль маркасы, шыққан жылы, двигатель номері, кузов номері, түсі, номері, автомобиль иесінің аты-жөні және мекен-жайы. Осы жылы техникалық тексеруден өткен автомобильдер тізімін шығарыңыз. Егер ағымдық жыл жұп болса, онда двигатель номері жұп автомобильдер, ал тақ болса, двигатель номері тақ автомобильдер техникалық тексерістен өтетіндігін ескеру қажет.

Бақылау сұрақтары:

  1. Жазба дегеніміз қандай деп?

  2. T OpenDialog компонентінің қызметі?

  3. Файлдардың түрлері?

  4. Файлдармен жұмыс жасайтын ішкі программалар?

Блиц-тест:

1. Текстік файлдар қандай қызметші сөз көмегімен сипатталады?

A) TextFile .

B) File Text.

C) File.

D) Text.

E) System.

2. Кез келген стандартты диалогтік терезені шақыру үшін қолданылатын әдіс

A) Execute

B) OpenDialog

C) Input

D) InputBox

E) Open

3. Құжаттың жүктелуін жүзеге асырады

A) Loadfromfile әдісі

B) Fromfile әдісі

C) File әдісі

D) Load әдісі

E) Loadfrom әдісі

4. Assignfile( f.'a: Res.dat'); Append(f):

A) Delphi-де текстік файлды жазу үшін ашу

B) Delphi-де текстік файлды өзгерту үшін ашу

C) Delphi-де текстік файлды оқу үшін ашу

D) Delphi-де текстік файлды көшіру үшін ашу

E) Delphi-де текстік файлды толықтыру үшін ашу

5. Жазбаларды орналастыруға арналған компонент:

A) Radiobutton

B) Edit

C) Label

D) Button

E) Listbox

Глоссарий

Файл – бұл сыртқы жадының аталған аты бар бөлігі немесе аймағы. Object Pascal-да файлдардың үш түрі бар: текстілік, типтелген, типтелмеген.

Текстілік файл – бұл жолдардан тұратын файл.

Типтелген файлда файлдың барлық элементтері бір типке жатады.

Типтелмеген файл – бұл элементтерінің анықталған типі болмайтын файл және байттардың тізбегі түрінде қарастырылады.

Әдебиеттер: [1], [4], [10], [11], [13]