Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД_ПЭВМ_2ИКО_Урдабаева+++.docx
Скачиваний:
134
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
833.23 Кб
Скачать

1.3.8. Бағдарламаны орындау және онымен жұмыс жасау

Бағдарламаны Run бас мәзіріндегі Run пунктін шертіп, немесе F9 пернесін басып, немесе пиктограммасын шертіп орындауға болады. Бұл кезде трансляция орындалып, қате болмаса бағдарламаның компоновкасы жүргізіледі және .exe кеңеймелі жүктелетін файл құрылады. Экранда бағдарламаның белсенді формасы пайда болады(1.2-сур).

Бағдарламамен жұмыс келесідей жүргізіледі. Тышқанмен“Выполнить” батырмасын шертіңіз. Memo1 терезесінде нәтиже пайда болады. Edit терезесінде x, y,атырмасының үстінен шертіңіз – жаңа нәтиже пайда болады. Бағдарламамен жұмысты Run бас мәзіріндегі ProgramReset пунктін таңдап немесе формадағы батырмасын шертіп аяқтауға болады.

Бағдарлама мәтіні келесі түрде болады:

unit tema1;

interface

uses

Windows, Messages, SysUtils, Classes, Graphics, Controls, Forms, Dialogs,

StdCtrls;

type

TForm1 = class(TForm)

Label1: TLabel;

Edit1: TEdit;

Label2: TLabel;

Edit2: TEdit;

Label3: TLabel;

Edit3: TEdit;

Label4: TLabel;

Memo1: TMemo;

Button1: TButton;

procedure FormCreate(Sender: TObject);

procedure Button1Click(Sender: TObject);

private

{ Private declarations }

public

{ Public declarations }

end;

var

Form1: TForm1;

implementation

{$R *.DFM}

procedure TForm1.FormCreate(Sender: TObject);

begin

Edit1.Text:='3,4'; // X-тің бастапқы мәні

Edit2.Text:='0,74'; // Y-тің бастапқы мәні

Edit3.Text:='19,43'; // Z-тің бастапқы мәні

Memo1.Clear; // Memo1 редактор терезесін тазарту

// Memo1 көпжолды редакторына берілген жолды шығару

Memo1.Lines.Add(‘Лаб. раб. N1. Ст. гр. 740102 Иванов А.А.');

end;

procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);

var

x,y,z,a,b,c,u : extended;

begin

x:=StrToFloat(Edit1.Text); // X мәні оқылады

Memo1.Lines.Add(' X = '+Edit1.Text); // X-ті Memo1 терезесіне шығару

y:=StrToFloat(Edit2.Text); // Y мәні оқылады

Memo1.Lines.Add(' Y = '+Edit2.Text); // Y-ті Memo1 терезесіне шығару

z:=StrToFloat(Edit3.Text); // Z мәні оқылады

Memo1.Lines.Add(' Z = '+Edit3.Text); // Z-ті Memo1 терезесіне шығару

// Арифметикалық өрнекті есептейміз

a:=Sqr(Sin(x+y)/Cos(x+y));

b:=Exp(y-z);

c:=Sqrt(Cos(Sqr(x))+Sin(Sqr(z)));

u:=a-b*c;

// Нәтижені Memo1 терезесіне шығарамыз

Memo1.Lines.Add(' Результат U = '+FloatToStrF(u,fffixed,8,3));

end;

end.

1.4. Өзіндік жұмысты орындау

Төменде 30 есеп нұсқасы берілген. Оқытушының айтуы бойынша жеке тапсырманы таңдаңыз. Тапсырма шартын, берілген мәліметтер санын, атауын, типін нақтылаңыз. Осыған байланысты Edit терезелерінің санын, формадағы тақырыптар мәтінін, шрифт өлшемдерін, және айнымалылар типі мен енгізу мен нәтижені шығару кезінде түрлендіру функцияларын анықтаңыз.

Қосымша 1-ден File, Edit, Run мәзірлерінің, ал қосымша 2-ден TEdit, TMemo, Tbutton компоненттерінің сипаттамаларын оқыңыз. Объектілер инспекторының көмегімен форма түсін, символдар шрифтін өзгертіңіз.

Студенттердің өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар:

1.

x=14.26, y=-1.22, z=3.5 t=0.564849 үшін.

2.

x=-4.5, y=0.75,z=0.845u=-55.6848 үшін.

3.

x=3.74, y=-0.825, z=0.16,v=1.0553 үшін.

4.

x=0.4,y=-0.875, z=-0.475w=1.9873 үшін.

5.

x=-15.246, y=4.642, z=20.001=-182.036 үшін.

6.

x=16.55, y=-2.75, z=0.15=-38.902 үшін.

7.

x=0.1722, y=6.33, z=3.25=-172.025 үшін.

8.

x=-2.235, y=2.23, z=15.221=39.374 үшін.

9.

x=1.825, y=18.225, z=-3.298=1.2131 үшін.

10.

x=3.981, y=-1.625, z=0.512a=1.26185 үшін.

11.

x=6.251, y=0.827, z=25.001 b=0.7121 үшін.

12.

x=3.251, y=0.325, z=0.466c=4.025 үшін.

13. .

x=17.421, y=10.365, z=0.828f=0.33056 үшін.

14. .

x=12.3, y=15.4, z=0.252g=82.8257 үшін.

15. .

x=2.444, y=0.869, z=-0.13-0.49871 үшін.

16. Берілген үш санның барлығы да жұп болса 1әйтпесе0санын экранға шығарыңыз.

17. Төрт орынды санның цифрларының қосындысын анықтаңыз.

18. Үш орынды санның цифрларын кері ретпен жазғанда алынатын санды анықтаңыз.

19. Берілген төрт орынды санның алғашқы екі цифрасыныңқосындысы соңғы екі цифрасының қосындысына тең болса 1әйтпесе0санын экранға шығарыңыз.

20. Берілген үш орынды санның квадраты осы санның цфирларының қосындысының кубына тең болса 1әйтпесе0санын экранға шығарыңыз.

21. Берілген оң нақты санның бөлшек бөлігінің алғашқы үш сцфирасының арасында ноль цифрасы болса 1 әйтпесе 0санн экрнға шығарыңыз.

22. Берілген үш орынды санның цифраларының арасында бірдейлері болса 1әйтпесе0санын шығарыңыз.

23. n оң бүтін санының соңынан есептегенде үшінші цифрасын k бүтін айынмалысына меншіктпеңіз.

24. Оң нақты санның бөлшек бөлігінің бірінші цифрасын k бүтін айынмалысына меншіктпеңіз.

25. k үш орынды бүтін саныны цифрларының қосындысынSбүтін айнымалысына меншіктеңіз.

26. Тәуліктің k-сысекунды өтіп жатыр.Осы уақытта дейін қанша толық сағат(h)жәнетолық минут (m) өткендігін анықтаңыз.

27. Тәулік басы мен hсағат,mминутжәнеsсекунд (0<=h<=11, 0<=m, s<=59) орнындағы сағат тілінің f–бұрышын(градуспен)анықтаңыз.

28. Тәулік басынан сағат тілі fградусқа (0<=f<360, f – нақты сан) бұрылған кезге (күннің бірінші жартысы) дейін өткенh–толық сағат санын және m–толық минут санын анықтаңыз.

29. k–1мен365 аралығындағы бүтін сан болсын. 1 қантар – дүйсенбі болатын невысокосный жылдың k-сы күні аптаның қай күні (дүйсенбі, сесенбі, ..., жексенбі) болатынына байланысты n айнымалысына 1,2,…,7 санының біреуін мешіктеңіз.

30. Қосымша айнымалыларды қолданбай x және y бүтін айнымалыларының мәндерінің орнын ауыстырыңыз.

Бақылау сұрақтары:

  1. Delphi интегралданған ортасы жүктелген кезде қандай терезелерден тұрады?

  2. Форма тақырыбын өзгерту үшін қандай қасиеті қолданылады?

  3. Жазбаларды шығару үшін қандай компонент қолданылады?

  4. Біржолдық, көпжолдық мәтіндік редактор қандай компонентпен бейнеленеді?

  5. Бағдарламаны орындауға қалай жіберуге болады?

Блиц-тест:

  1. Жазбаларды орналастыруға арналған компонент:

  1. Label.

  2. Button.

  3. Edit.

  4. Listbox.

  5. Radiobutton.

  1. Label компонентінің ішінде орналасқан мәтінді туралайтын қасиет

  1. Alignment.

  2. Caption.

  3. AutoSize.

  4. Transparent.

  5. Name.

  1. Қандай компонент көп жолды текстік редакторын ұсынады:

  1. Memo

  2. Edit

  3. Label.

  4. Maskedit.

  5. Statictext.

  1. Қандай функцияның көмегімен жолды нақты санға айналдыру жүзеге асады.

  1. Strtofloat();.

  2. Strtoint();.

  3. Inttostr();.

  4. Floattostr();.

  5. Float.

  1. Форманы құруға арналған әдіс:

  1. Create.

  2. Activate.

  3. Show.

  4. Close.

  5. Hide.

Глоссарий

Алгоритм – берілген есепті шешуге арналған, қатаң анықталған әрекеттер тізбегі немесе есепті шешу әдісі.

Баптау (Настройка; tuning) – 1) жұмыс уақытында оның ресурстарын өте-мөте тиімді пайдалану мақсатында жүйе параметрлерін реттеу процесі; 2) қолданбалы программаны нақты компьютерде, оған қосылған сыртқы құрылғыларды пайдаланып жұмыс істеуге бейімдеу (оның параметрлерін орнату).

Кеңейту (расширение; extension, enhancement) – файл атауларының типін анықтайтын оның кеңейтілуі.

Компиляция - программалау тілінде жазылған алгоритмдерді процессор немесе атқару жүйесі командаларына түрлендіру.

Қосымша (Приложение; application) – ақпараттық жүйелерде сақталатын ақпаратты тұтынушылар мен қолдану аймағының жиынтығы.

Мәзір - пайдаланушыға таңдауға ұсынылатын экран бетінде көрсетілетін варианттар тізімі. Тандалған вариант системаның келесі қимылын көрсетеді.

Мәзір жолы - стандартты терезенің жоғарғы жағындағы екінші қатары, онда мәзір командаларының аттары көрсетілген.

Мәтін - бұл құжаттың, программаның немесе хабарламаның информациялық мазмұны болып келетін символдар тізбегі.

Мәтіндік ақпарат (Текстовая информация; text information) – алфавиттік, цифрлық және басқа арнайы символдар жиыны. Мәлімет сақтайтын физикалық құрылғыларда ақпарат осы символдар тізбегімен беріледі.

Параметр (Parameter) – ішкі программа немесе қызмет жұмысы басталмастан бұрын мәні берілетін сандық шама.

Перне - пернеліктің ең кіші элементі, оны басу арқылы белгілі бір әрекет орындалады немесе пернені басқан кезде бір таңбаға сәйкес код беріледі.

Пернелік тақта немесе пернелік - мәліметтерді компьютерге енгізуге арналған құрылғы, сонымен қатар командалық операциялардың орындалуын басқарады.

Белгі (пиктограмма) – графикалық объекті, монитор экранына терезені шақыру белгісі.

Программа - есептің шешу алгаритмін мазмұндайтын өңдеуге келтірілген деректердің келтірілген тізбегі.

Программалау тілі – компьютерде өңделетін ақпаратты сипаттайтын және оларды түрлендіру алгоритмдерін жазуға арналған тіл .

Редакциялау - мәліметті толықтырып, оның мазмұнын өзгерту.

Сұхбаттық терезе (Диалоговое окно; dialog window) – Windows жүйесінде – орындалатын программа пайдаланушыға алдағы әрекеттерге таңдау ұсынатын немесе нақты оқиғаларды хабарлайтын, сондай-ақ сол жағдайдан батырмалардың көмегімен шығуды нұсқайтын терезе.

Сырғытпалар - құжатты қарап шығуды басқаратын терезе облысының шекарасы.

Тақырып (Заголовок; header) – құжаттың бастапқы бөліг; терезенің, диалогтық терезенің немесе аспаптар тақтасының жоғарғы бөлігіндегі көк немесе басқа түсті көлденең белдеу.

Тақырып жолы – стандартты терезенің жоғарғы жағындағы қолданбалы программаның немесе құжаттың аты орналасатын жол.

Терезе – дисплей экранының бөлігі, пайдаланушы немесе программа белгілі бір экран тәрізді жұмыс істейтін объект, хабарды алатын және өңдейтін объект.

Файл – белгілі бір атпен аталған дискідегі біртекті мәліметтер жиыны.

Фон – жұмыс істеп тұрған активті терезе сыртындағы аймақ; оған экран және басқа қолданбалы программалар терезелері мен файлдар белгішелері де жатады.

Форма (Қалып; form) – 1) мәліметтерді ұсыну тәсілі; 2) мәліметтер базасын басқару жүйелерінде (мыс., Access-те ) мәліметтер базасындағы ақпаратты (мәліметтерді) енгізу мен редакциялауға пайдаланылатын дисплей экранына көрнекі түрде ұсыну тәсілі.

Функционал перне (Функциональная клавиша; function key) – программаланатын функциялы пернелер тобына кіретін перне.

Әдебиеттер: [3], [5], [7], [8], [9]