Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД_ПЭВМ_2ИКО_Урдабаева+++.docx
Скачиваний:
134
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
833.23 Кб
Скачать

№1.6 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Жазба мен файлдарды қолданып программалау.

Мақсаты: TopenDialog және TSaveDialog компоненттерімен жұмыс жасау ережелерін үйрену. Файлдарды және жазба типті берілгендерді қолданып программа құру.

Қажетті құралдар мен материалдар: ДК, Delphi ортасы

Мазмұны мен жұмысты орындау реті

6.1. Жазба типті айнымалыны қолданып программалау

Жазба – бұл өрістер деп аталатын бір немесе бірнеше типті элементтерді біріктіретін берілгендер құрылымы. Жазбалар әртүрлі типті құрылымдық мәліметтер қорын құру үшін өте қолайлы, мысалға:

Type {Жазба типін хабарлау}

TStudent=record

Fio:string[20];{студ.аты – жөні өрісі}

Group:integer;{студ.тобының номерінің өрісі}

Ocn:array[1..3] of integer; {бағалар массиві өрісі}еnd;

Var

Student:TStudent;{Жазба типті айнымалыны хабарлау}

Әрбір өріске нүкте арқылы ажыратылған жазба және өріс аттарын көрсету арқылы енуге болады, мысалға:

Student.Fio:= ‘Иванов А.И.’; {Жазба өрісіне берілгенін енгізу}

Student.Group:=720603;

. . .

Сонымен қатар with операторының көмегімен де өрістерге ену мүмкіндігі бар:

With Student do begin

Fio:= ‘Иванов А.И.’;

Group:=720603; End;

6.2. Файлдармен жұмыс

Файл – бұл сыртқы жадының аталған аты бар бөлігі немесе аймағы. Object Pascal-да файлдардың үш түрі бар: текстілік, типтелген, типтелмеген.

Текстілік файл – бұл жолдардан тұратын файл. Текстілік файлдың мысалы ретінде DELPHI-де программаның бастапқы текстінің файлы да болуы мүмкін (*.pas кеңеймелі). Текстілік файлмен жұмыс жасау үшін сәйкес Var F: TextFile;файлдық айнымалысы сипатталу керек.

Типтелген файлда файлдың барлық элементтері бір типке жатады. Бұл қасиет файлдың кез келген компонентіне оның реттік номері бойынша енуіне мүмкіндік береді. Мұндай файлдардың элементтері ереже бойынша жазба болып табылады. Файлдық айнымалыны сипаттауда оның типі көрсетіледі: Var F:TStudent;

Типтелмеген файл – бұл элементтерінің анықталған типі болмайтын файл және байттардың тізбегі түрінде қарастырылады. Файлдық айнымалы Var F: File; арқылы хабарланады.

Файлдармен жұмыс жасайтын процедуралар және функциялар:

AssignFile(F, ‘Filename.txt’); //F файлдық айнымалыны “Filename.txt”

атты дискілік файлмен байланыстырады

Rewrite(F); //Жаңа файлды құру

Reset(F); // Құрылған файлды ашу

. . .

Read(F,Stud); // Берілгендердіфайлдан оқу немесе (Write(F,Stud)) арқылы файлға жазу

. . .

CloseFile(f); // Файлды жабу

6.3. Файлдармен жұмыс жасайтын ішкі программалар

AssignFile(var F; FileName: string) – F файлдық айнымалысының атын FileName атымен байланыстырады.

Reset(var F[: File; RecSize:word]) – құрылғанфайлдыашады. Типтелмеген файлды ашу кезінде RecSizeфайл элементінің өлшемін береді.

Rewrite(varF[: File; RecSize:word])–жаңа файлды құрады және ашады.

Append(var F: TextFile) – файлдың соңына текст қосу үшін текстілік файлды ашады.

Read(F,v1[,v2,…vn]) – типтелген файлдар үшін ағымдағы позициядан бастап айнымалылардың мәнін және текстілік файл үшін жолдарды оқиды.

Write(F,v1[,v2,…vn]) – типтелген файлдар үшін ағымдағы позициядан бастап айнымалылардың мәнін және текстілік файл үшін жолдарды жазады.

CloseFile(F) – бұрын ашылған файлды жабады.

Rename(var F; NewName: string) – кез келген типті файлдың атын өзгертеді.

Erase(var F) – кез келген типті файлды өшіреді.

Seek(var F: NumRec: Longint) - текстілік емес файл үшін NumRec номерлі элементке көрсеткішті орналастырады.

SetTextBuf(var F: TextFile; var Buf[;Size: word]) – текстілік файл үшін көлемі Size болатын жаңа енгізу-шығару буферін көрсетеді.

Flush(var F: TextFile) – енгізу-шығару буферіндегі мәліметті файлға жазады.

Truncate(var F) – ағымдық позициядан бастап файлды қияды.

LoResult: integer – енгізу-шығару соңғы амалының нәтижесінің коды.

FilePos(var F): longint – текстілік емес файл үшін ағымдық позицияның номерін шығарады. Есептеу нөлден басталады.

FileSize(var F): longint – текстілік емес файл үшін файлдағы компоненттің санын анықтайды.

Eoln(var F: TextFile): Boolean – егер файлдың жолының соңына келсе, true мәнін қабылдайды.

Eof(var F): Boolean – егер файлдың соңына келсе, онда true мәнін қабылдайды.