Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД_ПЭВМ_2ИКО_Урдабаева+++.docx
Скачиваний:
134
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
833.23 Кб
Скачать

№2.3 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Мультимедиялық құралдарды қолданып бағдарламалау.

Мақсаты: мультимедиалық құралдарды қолданып қосымша құруға үйрену.

Қажетті құралдар мен материалдар: ДК, Delphi ортасы.

Мазмұны мен жұмысты орындау реті

Delphi-дің мультимедиялық мүмкіндіктері.

Delphi ортасында мультимедиялық бағдарламалар жасау үшін екі компоненттің қызметін

пайдалануға болады:

1) Animate - жай анимацияны шығаруға мүмкіндік береді.

2) MediaPlayer - аса қиын есептерді шешуге мүмкіндік береді.

Мысалы, дыбысты, бейнероликтерді, дыбысы бар анимацияны шығару және т.б.

Animate компоненті формаға әдеттегідей орнатылады. Қосқаннан кейін оның сәйкес қасиеттерін тағайындау керек. Animate компонентінің қасиеттері:

  • Name Компонент аты

  • FileName Анимация орналасқан AVI файлының аты

  • StartFrame Анимация басталатын кадр нөмірі

  • StopFrame Анимация бітетін кадр нөмірі

  • Activate Анимация кадрларын активизациялау белгісі

  • Color Анимация жасалатын фон түсі

  • Transparent мөлдір түс тәртібі

  • Repetitions Анимацияның қайталану саны

Animate компоненті тек кана AVI-файлдарын ұйымдастыру үшін ғана қолданылады.

Media Piayer компоненті бейнероликтерді және дыбысы бар анимацияларды орындауға мүмкіндік береді. Компонентті формаға қосу нәтижесінде формада батырмалар тобы пайда болады. Бұл батырмалардың мәні төменде келтірілген:

Шығару BtPlay Видео немесе дыбысты шығару

Пауза BtPause Тоқтату

Стоп BtStop Тоқтату

Келесі BtNext Келесі кадрға көшу

Алдыңғы BtPrev Алдыңғы кадрға көшу

Қадам BtStep Келесі дыбыстық файлға көшу

Артқа BtBack Өткен дыбыстық файлға көшу

Жазу BtRecord Жазу

Ашу/Жабу BtEject Компьютер дисководын ашу немесе жабу

Media Player компонентінің қасиеттері:

  • Name Аты

  • DeviceType Тип

  • FileName Бейнеролик немесе дыбыстық фрагменті бар файл аты

  • AutoPen Бағдарламаны жүктеген соң автоматты ашылу белгісі

  • Display Бейнеролик орналасқан компонентті анықтайды

  • VisibleButtons Компоненттердің кӛрінетін батырмаларын анықтайды

Тапсырма: Animate, MediaPlayer компоненттерін қолданып қосымша құрыңыз.

Бақылау сұрақтары:

  1. Мультимедиялық бағдарламалар қандай компоненттердің көмегімен құрылады?

  2. Бейнероликтер, дыбысы бар анимациялар қандай компонентердің көмегімен құрылады?

Блиц-тест:

  1. 1. Егер TShape (Фигура) компонентінің Shape (Образ) қасиеті stRoundRect мәніне тең болса, формада қандай геометриялық фигура бейнеленеді?

    1. Бұрыштары дөңгеленген тіктөртбұрыш

    2. Бұрыштары дөңгеленген квадрат

    3. Квадрат

    4. Тіктөртбұрыш

    5. Дөңгелек

  2. 2. PaintBox компонентін суреттен тазарту үшін оның қандай қасиеті қолданылады?

    1. Refresh

    2. Clear

    3. Delete

    4. Canvas

    5. Name

  3. 3. Animate компоненті қандай типті файлдарды қабылдайды?

    1. .avi

    2. .gif

    3. .pps

    4. .ani

    5. .mp3

  4. 4. Формада қалып-күй қатарын құру үшін қандай компонент қолданылады?

    1. StatusBar

    2. Panel

    3. ToolBar

    4. ControlBar

    5. PageControl

  5. 5. MediaPlayer компонентінің қасиеттері

    1. Name, AutoOpen, Display, DeviceType

    2. Name, AutoOpen, Display, Picture

    3. AutoOpen, Display, DeviceType, Center

    4. Name, DeviceType, Display, TableName

    5. Display, DeviceType, AutoOpen, TableType

Әдебиеттер: [2], [5], [7], [9], [11]