Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД_ПЭВМ_2ИКО_Урдабаева+++.docx
Скачиваний:
134
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
833.23 Кб
Скачать

7.4. Жеке тапсырмалар

Оқутушының нұсқауымен 3-тақырыпта келтірілген тапсырманың ішінен тапсырма вариантын таңдап алыңыз. Кестеде мәні есептелетін функцияны таңдау мүмкіндігін қарастырыңыз. Функцияны арнайы модульге орналастырыңыз. Таңдалған функцияны кіріс параметрі ретінде сәйкес функция атын қолданатын процедура шақыруы керек.

Бақылау сұрақтары:

  1. Модуль дегеніміз не?

  2. Модуль түрлері, қызметтері?

  3. Ішкі программа түрлері?

  4. Модуль құрылымы?

Блиц-тест:

1. Форма модулі файлының кеңеймесі:

A) EXE.

B) DCU.

C) PAS.

D) RES.

E) DPR

2. Қасиеттер мен оқиғалардың редактрленуін жүзеге асыратын терезе аталады:

A) Модуль терезесі

B) Программа коды терезесі

C) Форма терезесі

D) Объектілер инспекторы терезесі

E) Басты терезе

3. Delphi-де ішкі программадан мерзімнен бұрын шығу операторын көрсетіңіз

A) Continue

B) Resume

C) End

D) Break

E) Exit

4. Ағымдағы модульді басқа атаумен немесе дискінің басқа орынына сақтау үшін ... командасы орындалады

A) File - Save

B) File - Save As...

C) File - Close All

D) File - Open

E) File - Save All

5. Форма сипаттамасы файлының кеңеймесі:

A) DFM.

B) DCU.

C) DPR.

D) EXE.

E) PAS.

Глоссарий

Ішкі программа – бұл белгілі бір ретпен анықталып, атау берілген операторлар тобы.

Модуль - құрамына процедура, функция және де сипаттау бөлімінің әртүрлі компоненттері кіретін, автономды компиляцияланатын программа бірлігі.

Интерфейстік бөлім interface және implementation резервтелген сөздерінің арасында орналасқан және модульдің объектілерін хабарлаудан тұрады және олар басқа программалар үшін де қолжетімді болуы керек.

Орындалушы бөлім implementation резервтелген сөзінен басталады және интерфейстік бөлімде хабарланған процедура, функцияларды сипаттаудан тұрады.

Иницияланушы бөлім initialization резервтелген сөзінен басталады, ол негізгі программада шақырылмай тұрып орындалатын операторлардан тұрады.

Аяқтаушы бөлім finalization резервтелген сөзінен басталып, программа жұмысының аяқталуы кезінде орындалады.

Әдебиеттер: [1], [4], [9], [10], [13]

2 Модуль. Графика, динамика және мультимедия. Интерфейсті қосымшалар құру.

№2.1 практикалық сабақ

Тақырыбы: Графиктік ақпараттарды бейнелеу құралдарын пайдаланып бағдарламалау.

Мақсаты: графиктік ақпаратты бейнелеуге арналған TСhart компонентінің көмегімен графиктерді тұрғызу мүмкіндіктерін меңгеру.

Қажетті құралдар мен материалдар: ДК, Delphi ортасы.

Мазмұны мен жұмысты орындау реті

1. Теориялық материалдарды қайталау.

8.1. TChart компоненті көмегімен график тұрғызу

Әдетте есептеулер нәтижелері график немесе диаграмма түрінде көрсетіледі. DELPHI жүйесі графиктік ақпаратты экранға шығару және редактрлеуді формада визуальді түрде бейнеленетін TChart компонентімен жүзеге асырады (8.1-сурет).

8.2. Бағдарлама құру мысалы

Тапсырма: [Xmin, Xmax] интервалында sin(x)жәнеcos(x)функцияларының графигін бейнелейтін программа құру.

8.2.1. Форманы баптау

Программа диалогының панелі 8.1-суреттегідей құрылады.

Бастапқы мәліметтерді енгізу үшін TEdit компоненті қолданылады. TChartкомпоненті Standard бетіндегі пиктограмманы шерту арқылы формаға орнгаластырылады.

8.2.2. TChart компонентімен жұмыс

TChart компонентінің параметрлерін өзгерту үшін форма терезесінде компонентке тышқанмен екі рет шерту қажет. EditingChat1 (8.2-сурет) редактрлеу терезесі ашылады. Series1 жаңа объектісін құру үшін Series бетіндегі Add батырмасын шерту керек. Пайда болған TeeChart Gallery диалогтік терезесінде Line жазуы бар пиктограмманы таңдау. OK батырмасын шерткеннен кейін Series1 атты жаңа серия пайда болады. Атын өзгерту үшін Title… батырмасын таңдап, “sin(x)” деп жазу қажет. Аналогті жолмен cos(x) функциясы үшін Series2 объектісін құру.

Программа тексті келесідей:

unit tem8;

interface

uses

Windows, Messages, SysUtils, Classes, Graphics, Controls, Forms, Dialogs,

ExtCtrls, TeeProcs, TeEngine, Chart, Buttons, StdCtrls, Series;

type

TForm1 = class(TForm)

Edit1: TEdit;

Label1: TLabel;

Label2: TLabel;

Label3: TLabel;

Label4: TLabel;

Label5: TLabel;

Edit2: TEdit;

Edit3: TEdit;

Edit4: TEdit;

Edit5: TEdit;

Button1: TButton;

Button2: TButton;

BitBtn1: TBitBtn;

Chart1: TChart;

Series2: TLineSeries;

Label6: TLabel;

Edit6: TEdit;

Label7: TLabel;

Edit7: TEdit;

Series1: TLineSeries;

procedure FormCreate(Sender: TObject);

procedure Button1Click(Sender: TObject);

procedure Button2Click(Sender: TObject);

private

{ Private declarations }

public

{ Public declarations }

end;

var

Form1: TForm1;

Xmin,Xmax,Ymin,Ymax,Hx,Hy,h : extended;

implementation

{$R *.DFM}

procedure TForm1.FormCreate(Sender: TObject);

begin

{Координат осьтерінің бастапқы параметрлерін орнату}

Xmin:=0;

Xmax:=2*pi;

Ymin:=-1;

Ymax:=1;

Hx:=pi/2;

Hy:=0.5;

h:=0.01; // Есептеу кестесінің қадамын орнату

{Бір жолды редактрлер терезесіне мәліметтерді шығару}

Edit1.Text:=FloatToStr(Xmin);

Edit2.Text:=FloatToStr(Xmax);

Edit3.Text:=FloatToStr(Ymin);

Edit4.Text:=FloatToStr(Ymax);

Edit5.Text:=FloatToStr(Hx);

Edit6.Text:=FloatToStr(Hy);

Edit7.Text:=FloatToStr(h);

Chart1.BottomAxis.Automatic:=False

Chart1.BottomAxis.Minimum:=Xmin;

Chart1.BottomAxis.Maximum:=Xmax;

Chart1.LeftAxis.Automatic:=False;

Chart1.LeftAxis.Minimum:=Ymin;

Chart1.LeftAxis.Maximum:=Ymax;

Chart1.BottomAxis.Increment:=Hx;

Chart1.LeftAxis.Increment:=Hy;

end;

procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);

begin

{Чтение даннных из окон однострочных редакторов}

Xmin:=StrToFloat(Edit1.Text);

Xmax:=StrToFloat(Edit2.Text);

Ymin:=StrToFloat(Edit3.Text);

Ymax:=StrToFloat(Edit4.Text);

Hx:=StrToFloat(Edit5.Text);

Hy:=StrToFloat(Edit6.Text);

Chart1.BottomAxis.Minimum:=Xmin;

Chart1.BottomAxis.Maximum:=Xmax;

Chart1.LeftAxis.Minimum:=Ymin;

Chart1.LeftAxis.Maximum:=Ymax;

Chart1.BottomAxis.Increment:=Hx;

Chart1.LeftAxis.Increment:=Hy;

end;

procedure TForm1.Button2Click(Sender: TObject);

var x,y1,y2: extended;

begin

{Очистка графиков}

Series1.Clear;

Series2.Clear;

Xmin:=StrToFloat(Edit1.Text);

Xmax:=StrToFloat(Edit2.Text);

h:=StrToFloat(Edit7.Text);

x:=Xmin;

repeat

y1:=sin(x);

Series1.AddXY(x,y1,'',clTeeColor);

y2:=cos(x);

Series2.AddXY(x,y2,'',clTeeColor);

x:=x+h;

Until (x>Xmax);

end;

end.

Өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар

№1 тақырыптағы нұсқаларға сәйкес функция графиктерін тұрғызыңыз.

Бақылау сұрақтары:

  1. Графиктік компоненттер?

  2. TChart компонентінің қасиеттері?

  3. Функция графигін тұрғызу?

  4. Объект бетіне графиктік элементтер қалай шығарылады?

  5. Қарапайым графиктерді сызу әдістері қандай?

Блиц-тест:

  1. Объектінің Brush.Color қасиеті қандай мақсатта қолданылады?

    1. Тұйық облысты бояу үшін

    2. Сызықтың түсін анықтау үшін

    3. Фон түсін анықтау үшін

    4. Жазудың түсін өзгерту үшін

    5. Дұрыс жауап жоқ

  2. Ұзындығы 50, ені 30 болатын тіктөртбұрыш салу үшін келесі процедуралардың қайсысын қолданамыз?

    1. Rectangle (10, 60, 20, 50)

    2. Rectangle (50, 30)

    3. Line (10, 60, 20, 50)

    4. LineTo (50, 30)

    5. Bar (10, 60, 20, 50)

  3. Центрі (50;30) нүктесінде жатқан, радиусы 15 болатын шеңбер салу үшін төмендегі операторлардың қайсысын жазу керек?

    1. Ellipse (35, 15, 65, 45)

    2. Circle (50, 30, 15)

    3. Rectangle (35, 15, 65, 45)

    4. Ellipse (50, 30, 15, 15)

    5. Arc (50, 30, 15, 15)

  4. Функция графигін тұрғызу үшін объектінің қай қасиеті қолданылады?

    1. Pixels

    2. Line

    3. Graphic

    4. PutPixel

    5. Canvas

  5. Қарындашты белгіленген нүктеге қою үшін қандай әдіс қолданылады?

    1. MoveTo

    2. SetTo

    3. PutPixel

    4. Pixels

    5. Setup

Глоссарий

Графикалық элементтер объекттің үстіңгі жағында шығарылады (формалар немесе Image компоненті), бұған Canvas қасиеттері сәйкес келеді.

Қарапайым графиктерді шығару әдісінде сурет салуға болатын абстрактты бет (холст) ретінде Canvas қасиеттері қарастырылады.

Қарапайым графиктерді бет (холст) бетіне салуды қамтамасыз ететін әдістер үшін, қарандаш және қылқалам қолданылады.

Әдебиеттер: [2], [5], [7], [9], [11]