Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsii_GRE.doc
Скачиваний:
287
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.05 Mб
Скачать

§2 Швециялық әлеуметтік модель: басқару және дамыту

Қазіргі кезде қоғамды ұйымдастырудың шведтік моделі ең алдымен рыноктық экономикасы бар мемлекеттер үшін қолайлы деген пікірлер көптеп кездеседі. Аталмыш моделдің мән, мағынасы неде?

Қазақстан, сондай-ақ Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде мемлекеттік сектор үлкен рөл атқарады. Дәл осыны экономиканы басқару мен халықты әлуеметтік қорғаудағы мемлекеттің ролі туралы да айтуға болады.

Есте ұстайтын бір жайт, шведтік модель рыноктық экономика негізінде жұмыс істейді. Бұл елдегі кәсіпорындардың 95% жеке меншікте және аталған сектор Швецияның экономикалық дамуының кепілі болып табылады. Дегенмен, Швецияның өзіндік монополистері де баршылық. Оларға электр желілерінің біртұтас мемлекеттік жүйелері, темір жолдар, ядролық энергетика, телекоммуникация және т.б.жатады.

Мемлекеттің билігіндегі ірі сектор - әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау және білім беру. Мұның барлығы ірі бюджеттік шығындарды талап етеді, сондықтан салықтар мен әлеуметтік төлемдер едәуір жоғары шамамен жалпы ішкі өнімнің 60% құрайды. Жақын уақыттарға дейін денсаулық сақтау мен білім беру абсолютті тегін болып келді. Қазіргі кезде білім беру, жоғары білімді қосқанда сол қалпында қалды да медицина жарым – жартылай ақылы қызмет корсетуге көшті.

Шведтік модельдің бастауларын 1929-1933 ж.ж. әлемдік экономикалық дағдарыстан кейін билікке келген социал – демократтық үкіметтің іс-қимылдарынан іздеу керек. Сол кездердің өзінде үкімет қоғамдық өндірістің үздіксіз үдерісін қалыптастыру үшін шаруа (крестьянский) партиясымен экономиканы мемлекеттік реттеу туралы келісімге келген болатын. Бұл шешімнің негізгі мақсаты – тиімді сұранысты қолдау және халықты жұмыспен қамту еді.

Шведтік модельдің маңызды элементі – еңбек рыногындағы саясат. Оны жүргізудің жалпы жауапкершілігі парламент пен үкіметке артылған, атап айтқанда еңбек министрлігі бұл іске тікелей жауапты. Бұл жүйеде 400-ге жуық жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызмет көрсетулер жүзеге асырылады. Дегенмен, соңғы кездерде жұмысқа орналастырудың жеке меншік агенттіктеріне де рұқсат берілген. Бірақ, заң бойынша жұмыс берушілер пайда болған вакансияларды жұмыспен қамтудың мемлекеттік мекемелерінде тіркеуге міндеттелген.

Шведтік қоғамда экономикалық үдерістерді мемлекеттік реттеудің негізгі әдістері – құқықтық және экономикалық. Мемлекет қандай болмасын саланың дамуына көмектесетін қажетті заңнамалық нормаларды талдап жасайды, перспективалық бағыттарға жеңілдіктер береді. Ал мұндай саясатты жүргізудің басты құралы болып мемлекеттік бюджет саналады.

Құрамында ұлттық үкімет пен жергілікті өзін-өзі басқару органдары бар мемлекеттік сектордың өкілеттік шеңбері айтарлықтай кеңейтілген. Оған білім беру, жұмысқа орналастыру және өнеркәсіп саясаты, әлеуметтік қамсыздандыру, қоршаған ортаны қорғау және т.б. қамтылған. Аталмыш өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар жалпы ұлттық ресурстардың бір бөлігін қажетсінеді. Олар салық түрінде жинақталады. Алайда жиналған қаражаттың негізгі бөлігі салық төлеушілерге әр түрлі төлемдер және қызмет көрсетулер түрінде қайтарылады.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты бағыттарының бірі – еңбек рыногы үшін әр түрлі бағдарламаларды талдап жасап, жүзеге асыру болып табылады. Айталық, жұмыспен қамтуды және жұмысшы күшіне сұранысты ынталандыру үшін жасалған бағдарламалардың өзі оннан асады. Мақсат еңбекке сұранысты оның құлдырау шағында ынталандыру болып табылады. Бұдан басқа, бағдарлама жұмыссыздарға өндірістік өтіл (стаж) жинақтауға мүмкіндік береді. Мұның өзі ашық еңбек рыногынан өз орнын табуды жеңілдетеді, сондай-ақ жаңа кәсіпті таңдау негізін қалайды.

Әлемде тұрғындарды әлеуметтік сақтандырудың шведтік моделі кеңінен танымал. Оның негізгі белгісі - әмбебаптығы, яғни әлеуметтік сақтандыру орбитасына кәсібінен, жалақы алуы – алмауынан тәуелсіз елдің әрбір тұрғыны тартылады. Бұл, Швецияда әмбебап (универсалды) әлеуметтік саясат деп аталады.

Швеция экономикасын басқару механизміндегі маңызды өзгерістер өткен ғасырдың 80-шы жылдары басталды. Сарапшылардың анықтауы бойынша сол кездегі экономикалық өсудің бәсеңдеуі прогрессивті салық деп аталатын салық салу әдісінің кемшіліктеріне байланысты болған, себебі жұмыскерлердің жоғары жалақыға ұмтылысы пайдасыз болып қалған, өйткені төмен табыстардан салық 20% көлемінде, ал жоғары табыстардан -86% көлемінде алынған.

Қазіргі кезде жеке тұлғалар табыс салығын 25% көлемінде төлейтін болса, заңды тұлғалардың салық төлеу деңгейі 28%-дан аспайды. Үкімет пен парламент салықтық ауыртпалықты жеңілдетуге арналған жаңа заңнаманы талдап жасау үстінде. Басты мәселенің бірі елден жеңіл кетіп қалуға мүмкіндіктері бар капиталға салық қойылымдарын түзету болып отыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]