Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsii_GRE.doc
Скачиваний:
287
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.05 Mб
Скачать

§3 Мемлекеттік меншік объектілерінің қызметін реттеу

Меншікті мемлекеттік реттеудің анық әлеуметтік бағдары болуы тиіс. Бұл принципті ұстаным, меншікті басқарудың негізгі мақсаты – тұрғындардың әлеуметтік сұранысын мүмкіндігінше қанағаттандыру және әлеуметтік шиеленістердің алдын алу болып табылады. Қолға алынған қандай да болмасын меншік формалары мен қатынастарын өзгерту шаралары келесі ережені ұстануы тиіс: «Меншік формалары мен қатынастарын өзгертумен байланысты бірде-бір ірі шешім оның әлеуметтік салдарын сараптау және есептеусіз қабылданбауы қажет».

Біз бұған дейін меншік формалары мен қатынастарын реттеу туралы әңгімеледік. Мұндай өзгертулер негізінен экономикалық үдерістердің белгілі бір кезеңдеріне, стадияларына тән, бірақ меншік қатынастарын мемлекеттік реттеу онымен аяқталмайды. Бұл ретте меншік объектілерінің қызметін реттеу мәселесі маңызды рөл атқарады.

Меншік объектілері үздіксіз өміршеңдігі, қойылған мақсатты орындауы, белгілі бір функцияларды атқаруы арқылы ресурстарды сіңіреді, нәтижелер береді, физикалық және моральдық тозады, ескіреді. Реттеуші субъектілердің күнделікті, жан-жақты әсерінен меншік объектілері бет алысындағы өзгерістерді объектілердің қызметі деп атайды. Түпкі есепте меншікті реформалаудың өзі меншік объектілерінің тиімді қызметін қамтамасыздандыру болса керек, яғни ұзақ уақыт бойынша реттеуші субъекті қажетсінетін экономикалық және әлеуметтік тиімділік, нәтижелілік болуы тиіс. Мемлекеттік меншік объектілері мемлекеттің өз функцияларын атқаруын қамтамасыздандыруы қажет.

Меншік объектілерінің қызметін, ағымдағы жағдайын, іс-әрекетін, нәтижелілігін реттеу өзінің белгілері мен қасиеттері тұрғысынан көпқырлы, көпсипатты болып келеді.

Егер, мемлекеттік меншік объектілеріне қатысты мемлекеттік билік органдарының тікелей және жанама әсер етуі әдістерін қарастыратын болсақ, онда келесі қызметтерді ашып көрсету керек.

Мемлекет унитарлық (бірыңғай) кәсіпорындар қызметін реттеуде билік орындары (меншік иесі) мен кәсіпорын басшылары арасындағы қатынастар келісм-шарт принциптері негізінде құрылады. Мемлекеттік билік органдары унитарлы кәсіпорындар мен келісімдік қатынастар орнату барысында оларға өзін-өзі басқару құқықтарын бере отырып, мемлекеттік мүлікті тиімді қолдануды, өзін-өзі өтеу мен өзін-өзі қаржыландыруды, бюджеттік тиімділікті, объектілерді ұтымды пайдалануды талап етеді.

Әлемдік тәжірибеде мемлекеттік кәсіпорындарды 100%-дық мемлекеттік капиталмен немесе акциялардың бақылаушы пакетімен қайта құру орын алған. Сондықтан мемлекеттік органдар унитарлы кәсіпорындарды мемлекеттік тапсырыстармен қамтамасыз етіп, олар алатын кредиттерге кепілдік беруге мүдделі болады.

Рыноктық өзгертулердің алғашқы кезеңінде жүргізілген реформалар мемлекеттің қарамағында қалған мемлекеттік ұйымдар мен мекемелердің меншігін реттеу бойынша проблемалар туындатты. Бұл, бірінші кезекте орта білім беру, жоғары білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, жобалау-конструкторлық мекемелері сияқты мемлекеттік меншік объектілеріне қатысты болды.

Бұл мүліктерді реттеу ережелері мен нормалары ҚР Азаматтық Кодексінде қарастырылған.

Мемлекетке тиесілі, жалға, концессияға берілетін жылжымайтын мүлік объектілерін реттеудегі туындайтын негізгі мәселелер бұл объектілерді ұстап тұруға жұмсалған мемлекеттік шығындардың орнын толтыру, сондай-ақ оларды амортизациялау және қосымша табыс табу, мемлекеттік емес меншік иесінен объектілерді пайдаланғаны үшін рента алу болып табылады. Аталмыш жағдайлар арендалық төлем мен мемлекеттік концессия бағасын тағайындауда ескерілуі тиіс.

Мемлекет өзіне тиесілі акционерлік капиталдың акциялар пакеті түрінде, ортақ меншіктегі мемлекеттік мүліктен үлес түріндегі табыс алуды қадағалайды.

Мемлекеттік меншіктің тиімді пайдаланылуы деңгейі, оны кәсіпкерлікті белсендіру құралы ретінде қолдану, кез келген меншік формасындағы кәсіпорындар өндірісінің жоғарылауы көрсеткіштерінен байқалуы тиіс. Мұның өзі экономиканың орнықтылығын күшейтіп қана қоймайды, сонымен бірге қазынаға салықтық түсімдердің неғұрлым көбірек түсуіне көмектеседі.

Мемлекеттік меншік объектілері қызметін пайдаланылуын реттеудің міндетіне, сондай-ақ объектілердің сақталуы, жұмыс бабында ұсталуы, функционалдық қолданылуы жатады.

Меншікті мемлекеттік реттеу үдерістері әлеуметтік міндеттер мен проблемаларға тығыз байланысты. Бұл, бірінші кезекте табиғи байлықтарды пайдалану, жер қатынастары мен тұрғын үй кешендерін басқару мәселелеріне тән. Меншікті реттеудің аймақтық әлеуметтік аспектілері меншіктің әскери объектілері мен ерекше қолданыстағы объектілердің бар болуы және олардың да түбегейлі өзгерістер орбитасы шеңберінде айналуында болса керек. Бұл объектілерді конверсиялау (азаматтық өнімдер шығаруға икемдеу) немесе жою, қызметін тоқтату жұмыспен қамту, көші-қон, тұрмыстық және коммуналдық қызмет көрсету, қоршаған ортаның ластануы, техногендік мәселелердің туындауы сияқты әлеуметтік проблемаларды асқынтады. Сондықтан мемлекеттік меншік қызметін реттеу функциялары аталмыш мәселелерді де қамтиды.

Ізденіс сұрақтары

  1. Мемлекеттік меншікті реттеу түрлері мен тәсілдері.

  2. Мемлекеттік меншік қызметін және оларды пайдалануды реттеу.

  3. Жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік реттеу

  4. Мемлекеттік акция пакеттерін, мемлекеттік үлестерді реттеу.

  5. Мемлекеттікк кәсіпорындарды коммерциализациялау.

  6. Мемлекеттік меншікті жалға, концессияға беру.

  7. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру.

  8. Меншікті ұлттандыру, жекешеден алу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]