Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsii_GRE.doc
Скачиваний:
287
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.05 Mб
Скачать

Глоссарий

  1. Аралас экономика - негізін рыноктық қатынастар, жеке кәсіпкерлік, сондай- ақ басқа да институттар (қаржы-өнеркәсіп топтары, трансұлттық компаниялар) құрайтын экономикалық жүйе. Бұл жүйеде шаруашылықтың маңызды үдерістері мен сфераларын мемлекет реттейді.

  2. Экономиканы мемлекеттік реттеу - рыноктық қатынастарды тиімді қалыптастыруды қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік- экономикалық үдерістерге қажетті әдістер мен құралдарды қолдану негізінде мемлекеттің ел экономикасы болмысына қатысуы.

  3. Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері - ұлттық экономиканың тиімді қызметі үшін мемлекеттің бүкіл реттеуші іс- әрекеті бағытталған сфералар, салалар, өңірлер, әлеуметтік-экономикалық үдерістер

  4. Экономиканы мемлекеттік реттеу субъектілері - мемлекеттің заң шығарушы, атқарушы және сот органдары

  5. Экономиканы мемлекеттік реттеу формалары - индикативтік жоспарлау, стратегиялық жоспарлау, бағдарламалар мен болжамдар жасау

  6. Индикативтік жоспарлау - ұлттық шаруашылықтың дамуына бағыт, бағдар беру және соған жұмылдыру, шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделер мен іс әрекетін үйлестіру

  7. Стратегиялық жоспарлау - кешенді сараптау негізінде ұлттық экономика дамуының басты басымдықтарын таңдау

  8. Мемлекеттік тапсырыс - рыноктық экономиканы реттеудің маңызды құраладарының бірі. Мұңда мемлекет өнімдерге, жұмыстарға және қызмет көрсетулерге тікелей тапсырыс беруші ретінде көрінеді

  9. Бағдарлама - экономиканы мемлекеттік реттеу формасы ретінде елдің әлеуметтік экономикалық мақсаттарына сәйкес даму бағыттарының перспективасы

  10. Болжау- елдің әлеуметтік экономикалық дамуының қайсыбір бағыттары туралы ғылыми негізделген түсініктер жүйесі

  11. Экономиканы мемлекеттік реттеудің жалпы әдісі - бұл реттеу методологиясы, яғни таным әдістері, жүйелілік әдісі, қоғамдық ұдайы өндіріс әдістері және т.б.

  12. Экономиканы мемлекеттік реттеудің жекеленген әдістері - статистикалық, экономикалық- математикалық т.б. әдістер

  13. Экономиканы мемлекеттік реттеудің арнайы әдістері - баланстық, мақсатты-бағдарламалық, және нормативтік әдістер

  14. Мемлекеттік реттеудің тікелей әдістері - мақсаттарды анықтау, тапсырыстар беру, келісім-шарттар жасау, құқықтық-әкімшілік шектеулер қою, тыйым салу, қадағалау әдістері

  15. Мемлекеттік реттеудің жанама әдістері - тауар-ақша тетіктері арқылы рыноктық шаруашылықтың «ойын ережелерін» жүзеге асыру (салық салу, бағаларды реттеу, жеңілдіктер, пайыздық қойылымдар және т.б.)

  16. Экономиканы басқару және реттеу - басқару субъектісінің объекті іс- әрекетін субъектіге қажетті арнаға бағыттау болса, реттеу- басқару бағыт беретін экономикалық объектінің, қызметін түзету, дәлдеу, икемдеу және т.б.

  17. Экономикалық өсу- жалпы ұлттық өнім (жұө), жалпы ішкі өнім (жіө), ұлттық табыс т.б. сияқты макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасы сипаттайтын ұлттық шаруашылық дамуындағы оңды қозғалысты көрсететін сандық сипаттағы категория

  18. Экономикалық даму - ел экономикасын негізінен сапалық тұрғыдан сипаттап, оны жан басына шаққандағы ұлттық табыс өндірісімен анықтайды

  19. Экономикалық саясат - бұл мемлекет, ел үкіметі жүргізетін экономикалық іс- әрекеттердің басты желісі

  20. Мемлекеттік экономикалық саясаттың әмбебап мақсаты - бүкіл ұлттық шаруашылық көлемінде әлеуметтік- экономикалық тиімділіктің жоғары деңгейіне жетуді қамтамысыздандыру

  21. Фискалдық экономикалық саясат - мемлекетке қажетті ақша қаражаттарын жинақтау, бөлу және көзделген шараларға жұмсау іс- әрекеттері

  22. Монетарлық экономикалық саясат - мемлекеттің тікелей немесе ұлттық банк арқылы ел аумағындағы ақша массасы мен ақша айналымын реттеу

  23. Экономиканың функционалдық құралымы - ағымдағы қажеттіліктерді, қажетті дамуды ұстап тұру және жоғарылатуды, тауарлар мен қызмет көрсетулердің таза экспортын көрсетеді

  24. Экономиканың салалық құралымы - саланың жалпы ішкі өнімдегі, негізгі өндірістік қорларда, жұмыспен қамтылғандар санындағы үлесін анықтайды

  25. Экономиканың технологиялық құрылымы - өндірістің технологиялық базасын анықтайтын біртекті технологиялық жиынтықтар заттардың, энергияның, ақпараттың, өңделу деңгейін анықтайды

  26. Өңірлік құрылым - өндіргіш күштерді орналастыру дәреже,деңгейін анықтайтын құрылым

  27. Әлуеметтік-экономикалық құрылым - меншік формасына тәуелді құрылым. Рыноктық экономика шарттары бойынша меншік формаларының көптүрлілігі мемлекеттік және жеке меншік арасалмағын түбегейлі өзгертті

  28. Капиталды шоғырландыру, кооперациялау және орталықтындыру үрдісін көрсететін құрылым, немесе көлемдік құрылым - өндірістің жалпы көлеміндегі шағын, орта, ірі кәсіпорындарың, қаржылық-өнеркәсіптік топтардың үлесін сипаттайды

  29. Материалдық өндіріс сферасын реттеу - елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын,сыртқыэкономикалық байланыстар мен әлемдік шаруашылықтағы өзгерістерді кезең-кезеңімен дәлдеу және нақтылау

  30. Өндірісті диверсификациялау - түпкі өнімге деген сұранысқа байланысты өнеркәсіптік өндірісті әртараптандыру

  31. Мемлекеттің өнеркәсіптік саясаты - тұрлаулы экономикалық өсудің инновациялық-инвестициялық мәселелерін шешу

  32. Агроөнеркәсіпті мемлекеттік реттеу – ауыл шаруашылығы өнімдерін, шикізатты және азық-түлікті өндіру,өндеу және өткізу бойынша, сондай-ақ аграрлық секторды материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің экономикалық әдістері

  33. Антимонополиялық саясат - монополистер қызметіне тыйым салу, оларды рыноктан ығыстыру, ірі компанияларды мәжбүрлеу негізінде ұсақтау арқылы монополиялық үрдістерді жан-жақты шектеуге бағытталған саясат

  34. Табиғи монополиялар - объективті себептер бойынша рыноктық бәсеке әрекеті аумағынан тыс экономикалық қызмет сферасы

  35. Елдің бәсекеге қабілеттілігі - осы елдің тауарлары өткізілетін ішкі және сыртқы рыноктардағы үлесін ұстап тұруы мен кеңейтуі мақсатында басқа елдермен тайталасып, күресу қабілеттілігінің мүмкіндіктері

  36. Инвестициялар - бұл болашақтағы қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған кез келген қаражат.

  37. Инвестициялық үдерістерді мемлекеттік реттеу - орта және ұзақ мерзімді перспективада елдің экономикалық өсуін қамтамасыз ету.

  38. Өндіргіш күштерді орналастыру - елдің өндіргіш күштерін, яғни адамдар мен материалдық игіліктер өндірісін аумақтар мен аймақтар арасында ұтымды еңбек бөлінісі талаптарына сәйкес орналастыру.

  39. Аймақтардың өндіргіш күштерін мемлекеттік реттеу -Республиканың әрбір нақты субъектісінің аумақтық даму ерекшеліктерін ескеріп, олардың даму деңгейін теңестіру үшін қолданылатын шаралар жиынтығы.

  40. Әлеуметтік реттеу – уақыт пен кеңістік, атқарушылар мен ресурстар бойынша үйлестірілген жалпымемлекеттік, салалық және аймақтық дәрежеде әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған шаралар жиынтығы.

  41. Жұмыспен қамту концепциясы - өндіргіш, шығармашылық еңбекке азаматтардың қабілеті мен құқығын ерікті түрде пайдалануын мемлекеттік қолдау.

  42. Бюджеттік реттеу - заңнамалық түрде бекітілген мемлекеттік кірістер мен шығыстардың көлемі мен құрылымын анықтау, жұмсалу бағыттарын көрсету, олардың белгілі бір деңгейдегі теңдестірілуіне қол жеткізу.

  43. Салықтық реттеу - салық төлеушілер үшін салықтық жүктеменің оңтайлы мөлшерін іздестіріп, енгізу.

  44. Қаржылық реттеу - басқару органдарының елдің, аймақтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, сондай-ақ қаржылық үдерістерге, қаржылық қызметтерге, қаржы ресурстарына саналы әсері болып табылады.

  45. Мемлекетттік меншікті реттеу - мемлекеттік меншікті муниципалдық, жергілікті меншікке беру, меншік объектілерін аукциондар, конкурстар арқылы рынокта сату, жекешелендіру және ұлттандыру, айырбастау мен бөлу іс-шаралары.

  46. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу - басқа елдермен іскерлік ынтымақтастық және тиімді айырбас негізінде ел үшін пайдалы экономикалық жетістіктерге қол жеткізу болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]