Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsii_GRE.doc
Скачиваний:
287
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.05 Mб
Скачать

Лекция V Индустриалды-инновациялық даму – мемлекеттік экономикалық саясаттың негізі

§1 Экономиканың негізгі құрылымдары және оны қайта құру мәселелері

Экономиканың құрылымы дегеніміз шаруашылық жүйесінің барлық элементтері арасындағы тұтастықты қамтамасыз ететін пропорциялар мен қарым-қатынастар жиынтығы. Экономиканың динамикасы мен құрылымы – екі негізгі және өзара байланысты категориялар болып табылады. Бір жағынан экономиканың консервативті құрылымы жағдайындағы экономикалық өсу шаруашылықтың тиімділігін арттыра қоймайды. Екінші жағынан қалыптасқан пропорциялардан экономиканың жаңа, мейлінше прогрессивті құрылымға өтуі қажетті құрылымдық өзгерістерді анықтайтын салалар дамуының жоғары қарқыны негізінде ғана мүмкін болады.

Әкімшіл-әміршіл жүйе жағдайында қалыптасқан экономикаға құрылымдық бей-берекет өзгерістер, өңдеуші өнеркәсіптегі бәсекеге қабілеттіліктің төмендігі, монополизм деңгейінің жоғарылығы тән болатын.

Қазақстанда орныққан рыноктық экономика критерилеріне сәйкес экономикалық құрылым объективті түрде мемлекеттің рөлін күшейтеді, сөйтіп одан белсенді құрылымдық өзгерістер саясатын жүргізуді талап етеді.

Экономика құрылымын қайта құру жөніндегі мемлекеттік саясат қазіргі жағдайларда әлеуметтік бағдарланған, тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті рыноктық экономика жасауға бағытталуы тиіс. Мұндай құрылым әлемдік шаруашылықпен тығыз байланыста және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызмет атқаруы қажет.

Экономика құрылымы көпжақты түсінік болғандықтан оны шаруашылық жүйесі элементтерінің арақатынасын сипаттайтын әртүрлі көзқарастар тұрғысынан қарастыруға болады. Экономика құрылымы қоғамдық еңбек бөлінісі, ғылыми-техникалық прогресс, адамдар қажеттіліктерінің өсуі және күрделене түсуі, сыртқы экономикалық факторларды ескеру сияқты ұзақ мерзімді үрдістердің әсерімен қалыптасады.

Енді негізгі экономикалық құрылымдарды қарастырайық.

  1. Экономиканың функционалдық құрылымы.

Өндірістің түпкі мақсаты халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру оның өмір сүру деңгейін жоғарылату болып табылады. Осы тұрғыдан келгенде жалпы ішкі өнімді пайдалану бағыттары бойынша экономика құрылымы үш элементтен тұрады. Бірінші элемент ағымдағы қажеттілікттерді, яғни материалдық игіліктер мен қызмет көрсетулерді түпкі тұтыну шығындарын сипаттайды. Екінші элемент қажетті дамуды ұстап тұру және жоғарылатуға жатады және ол үдемелі ұдайы өндірісті жүзеге асыратын ұлттық экономикадағы жалпы қорланудың қалыптасуымен байланысты. Жалпы ішкі өнімнің үшінші құрылымдық элементі тауарлар мен қызмет көрсетулердің таза экспортын көрсетеді.

  1. Экономиканың салалық құрылымы. Мұның өзі саланың жалпы ішкі өнімдегі, негізгі өндірістік қорлардағы, жұмыспен қамтылғандардың санындағы үлесі түрінде анықталады. Құрылым қоғамдық еңбек бөлінісі, салааралық және ішкі салалық үрдістердің әсерімен қалыптасады. Ішкі салалық үрдістерге ішкі шикізаттық база, орны толмайтын ресурстардың шектеулілігі жатады.

Ұлттық экономиканың ірілендірілген салалық құрылымының құрамына отын-энергетикалық кешені (О.Э.К.) аграрлық-өнеркәсіптік (А.Ө.К.) т.б. кешендер сияқты негізгі құрылымдар кіреді.

  1. Экономиканың технологиялық құрылымы. Бұл құрылым өндірістің технологиялық базасын анықтайтын біртекті технологиялық жиынтықтардан қалыптасады және заттардың, энергияның, сондай-ақ ақпараттың өңделу деңгейін айғақтайды. Әлемдік шаруашылықтағы технологиялық революция жағдайында бірқатар басым бағыттар бойынша Қазақстанның артта қалуы экономиканың технологиялық құрылымын жаңартудың өзектілігін алға тартады.

Әлемдік экономикалық ғылымға өзіндік үлес қосқан И.Шумпетер, Н.Д.Кондратьев т.б. ғалымдардың зерттеулері әлеуметтік-экономикалық даму ұзақтығы әртүрлі ұдайы өндірістік циклдар бойынша жүзеге асатындығын көрсетті. Ұзын толқынды циклдар ескірген технологиялық жағдайлардан прогрессивті технологиялар үстемдігіне бірте-бірте өтумен байланысты.

Экономикалық ғылымда индустриалды және постиндустриалды дәуірлерде бірін-бірі алмастырған негізгі бес технологиялық укладтың (кезеңнің) сипаттамалары берілген.

Қазіргі кездегі бесінші кезеңнің басымдығы тұсында анықтаушы компоненттерге микроэлектроника, бағдарламалық қамтамасыз ету, есептеу техникасы, ақпараттық қызмет көрсету, ғарыштық байланыстар т.б. жатады.

Дамыған, заманауи экономиканы бүгінгі күнде ақпараттық экономика деп атайды. Қазақстан экономикасы құрылымында шикізаттық бағыттан жоғары технологиялық экономикаға өту жүзеге асуы тиіс.

  1. Өңірлік құрылым. Бұл құрылымды өндіргіш күштерді орналастыру іс-әрекеттері айғақтайды. Өңірлік пропорциялар аумақтық еңбек бөлінісі, өңірлердің ресурстық әлеуетін пайдалану, тарихи дәстүрлер сияқты негіздерден байқалады. Өңірлік құрылымды көп жағдайда салалық құрылым анықтайды. Елдің өңірлік құрылымындағы орнын анықтайтын жиынтық көрсеткіш жалпы өңірлік өнім көрсеткіші болып табылады.

  2. Әлеуметтік-экономикалық құрылым. Аталмыш құрылым меншік формасына тәуелді. Рыноктық экономика шарттары бойынша меншік формаларының көптүрлілігі мемлекеттік және жеке меншік арасындағы үлес салмағының түбегейлі өзгерістеріне алып келеді.

  3. Капиталды шоғырландыру, кооперациялау және орталықтандыру үрдісін көрсететін құрылым. Шартты түрде мұны «көлемдік құрылым» деп те атауға болады. Бұл құрылым өндірістің жалпы көлеміндегі шағын, орта, ірі кәсіпорындардың, қаржылық-өнеркәсіптік топтардың үлесін сипаттайды. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарындағы бірігу, ірілендірулер трансұлттық корпорациялардың әлемдік әсерін күшейте түсті. Шаруашылық іс-әрекеттерінің интернационалдануы қарқыны артып келеді. XXI ғасырдың басында әлемдік экономика «жаһандану» деп аталатын үрдістердің өсе түскен әсерін сезінуде. Ұлттық экономиканың құрылымын болжаудың және реттеудің, сондай-ақ сараптаудың негізгі әдісі баланстық (теңдестіру) әдісі болып табылады.

Баланстық әдістің дамытылған түрін салааралық баланс деп атайды. Жоғарыда көрсеткеніміздей салааралық баланс сараптамалық есептеулерде, болжамдарда және жоспарлауда кеңінен пайдаланылады. Салааралық баланстардағы қажетті ақпарат және оның нәтижелері мынадай мүмкіндіктер береді:

  1. Салааралық баланстарды экономиканы сипаттайтын модель ретінде және ұлттық экономика дамуының қарқыны мен пропорциялары бойынша болжамдық есептеулер әдісі ретінде қарастыруға болады. Салааралық баланстар салалар бойынша нақтыланған үдемелі ұдайы өндірістің жан-жақты схемасы болып табылады. Қоғамдық өнім құнының қалыптасуы процесі, оның орнын толтыру, тұтыну және жинақтау қорларына бөлу, жалпы ішкі өнімді жасау, бөлу, қайта бөлу процесі салааралық баланста тәптіштеле, нақтыланады;

  2. Жоспар, болжам, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талдап, жасау кезінде қоғамның түпкі қажеттіліктерін бастапқы пункт ретінде қабылдайды; мұның өзі қарқындылық және пропорцияларды болжау бойынша атқарылатын жұмысқа мақсаткерлік сипатын береді.

  3. Салааралық баланс көрсеткіші негізінде техникалық прогресс бағыттары зерттеледі. Еңбек заттарының тікелей шығындары коэфициенттері, өнімнің капитал сыйымдылығы, қор сыйымдылығы және еңбек сыйымдылығы коэффициенттері сияқты салааралық баланс көрсеткіштерінде қоғамдық өнім өндірісіндегі және жекелеген салалар өніміндегі металл сыйымдылығы, электр сыйымдылығы және жағармай сыйымдылығы, химия сыйымдылығы сияқты көрсеткіштер өздерінің сандық мәнін табады. Салааралық баланс, сондай-ақ ұлттық экономика құрылымына өндірісті ұйымдастырудың әртүрлі формалары – мамандандыру, кооперациялаудың әсері байқауға мүмкіндік береді.

  4. Салааралық баланс салааралық байланыстардың салалық құрылымын негіздеу және болжау әдісі ретінде қолданылады. Салааралық байланыстардың өзгерістері жекелеген салалардағы өндірістің өсу қарқынындағы қажетті арақатынастарды объективті түрде анықтайтын шешуші факторлар қатарына жатады. Салааралық байланыстар механизмі ұлттық шаруашылық ресурстары құрылымындағы өзгерістерге сәйкес экономикалық дамудың әртүрлі кезеңдерінде өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер нақты салалардағы өнім шығарылымы артуының экстенсивті және интенсивті әдістерінің арасалмағын анықтайды.

  5. Салааралық баланстың нұсқалары қоғамдық өндірістің бірқатар құрылымдық түрлерін салыстыру арқылы экономиканың ең тиімді деген құрылымын таңдауға көмектеседі. Баланстың экономикалық-математикалық моделі стандартты бағдарлама жасауға және оны электронды машиналарда есептеуге мүмкіндік туғызады.

  6. Салааралық баланс өндірісті кеңейту үшін қажетті күрделі қаржыны есептеуге жағдай жасайды және сол қаржыны салалар және жылдар бойынша бөлуді қамтамасыз етеді.

  7. Салааралық баланстың көмегімен қажетті жұмысшы күшін анықтауға, ұлттық шаруашылық салалары бойынша жұмыспен қамту деңгейін болжауға болады.

  8. Салааралық балансты әртүрлі бағаларда талдап жасауға болады. Салааралық баланс бағалардың экономикалық негізделген деңгейін, құрылымы мен арақатыстарын жетілдіру үшін белгілі бір мүмкіндіктер береді.

  9. Салааралық баланс өңірлік байланыстарды, аумақтық еңбек бөлінісіндегі өңірдің орнын, өңір экономикасы дамуының кешенділігін сараптауға негіз бола алады. Салааралық баланстың өңірлік және өңіраралық моделдері өндіргіш күштерді ұтымды орналастыруды жоспарлаудың құралы болып табылады. Салааралық баланс шаруашылық іс-әрекетті динамикада сараптауға қолайлы жағдай жасап, соның негізінде көпнұсқалы антикризистік ұсыныстар даярлауға алғышарт рөлін атқарады.

Сонымен, салааралық баланс әдісінің көмегімен экономикалық құлдыраулар мен дағдарыстарды болжауға, сондай-ақ өндірістік, қаржылық және сауда дағдарыстарын шектеу үшін шаралар жүйесін қарастыруға болады. Ал, мұның өзі экономикалық өсу динамикасының болжамдылығын арттырады, сонымен бірге тұрақтылыққа қол жеткізуге жәрдемдеседі.

Салааралық моделдерді мемлекеттік секторда да, аралас экономикада да қолдануға болады.

Экономикадағы едәуір мемлекеттік сектор болған жағдайда көпсалалық сараптау мен болжаусыз бұл сектордың іс-әрекетін тиімді басқару мүмкін еместігі өзінен-өзі түсінікті болса керек.

Көпсекторлы моделдеу мен бағдарлаудың объектісі шаруашылық ресурстарының ауыспалы айналымын сараптау болып табылады.

Экономикалық ағындар параметрлері белгілі болған жағдайда мемлекеттік мекемелер материалдық және құндық ағындарды мейлінше дәлірек реттеуге қол жеткізеді де ұдайы өндіріс процессі шеңберіндегі капитал айналымын мүмкін болар кедергілерден сақтайды.

Аралас экономиканы реттеу кезінде мемлекет ең алдымен «шығын шығарылым» моделі шеңберіндегі «түпкі сұраныс», «инвестиция», «тұтыну», «үкіметтік сатып алулар» деп аталатын элементтерге әсер ете алатын болады. Тиісті реттегіштерді пайдалана отырып, мемлекет осы элементтердің әрқайсысының көлемі мен құрылымына өз ықпалын жүргізе алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]