Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsii_GRE.doc
Скачиваний:
287
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.05 Mб
Скачать

§4 Экономиканы мемлекеттік реттеудегі Корея Республикасының тәжірибесі

Мемлекеттік реттеуді жетілдіру - Корея Республикасының экономикалық тарихының өзекті мәселесі.Мемлекеттің ел экономикасы құрылымына кірігуі соншалықты, мемлекеттік механизм функцияларындағы өзгертулер бүкіл шаруашылық жүйесінің өміршеңдігіне тікелей әсер еткен болар еді. Сонымен бірге мемлекет пен жеке бастаманың байланыстары тарихи қалыптасқан, және оларды бұзу өте қиын және ауыр сипат алып, едәуір мәселелер туғызуы әбден мүмкін.

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Оңтүстік Кореяда қанат жайған капиталистік модернизация өзінің басталуында-ақ мемлекеттік реттеу жүйесін қалыптастырып ,жетілдірумен байланысты болды.

Корея Республикасы ұлттық шаруашылықты демократияландыру жолымен қаншалықты алға жылжыды? Бұл сұраққа жауап беру үшін мемлекеттің экономикаға араласуының негізгі әдістері мен формаларын қарастырайық. Оңтүстіккореялық мемлекеттік сектордың тағдыры толықтай алғанда Батыс Еуропа елдеріндегі ұқсас үдерістерімен сипаттас келеді. Бұрынғы жапондық және компрадорлық мүлікті тәркілеу нәтижесінде пайда болып, инфрақұрылым және ауыр индустрия кәсіпорындары объектілерінің құрылысы негізінде кеңейтіле түскен мемлекеттік сектор шетелдік көмек есебінен өзінің көлемін өткен ғасырдың 80-ші жылдарына дейін өсіріп,қалыптастырған еді. Аталмыш кезеңде оңтүстіккореялық ең ірі қаржы-өнеркәсіп конгломераттары – Чеболи жетіліп, экономикалық жағынан күшейе түсті.

Соңғы 20 жыл ішінде мемлекеттік кәсіпкерлік қызметтің басымдықтары едәуір өзгерістерге ұшырады. Өндірістік инфрақұрылымға күрделі салымдардан бастаған мемлекет одан кейінгі уақыттарда жаңа өнеркәсіп салаларының базалық кешенін құра отырып, тікелей өндірістік сфераға әсер ету мүмкіндіктеріне ие болды. Ал қазіргі кезеңде мемлекет өзінің бастапқы, табиғи функцияларына өнеркәсіптік өндірісті арттырып, жетілдіру үшін оңтайлы жағдайлар жасауды қамтамасыз етуге көшті.

Мемлекеттің тікелей кәсіпкерлік қызметтен біртіндеп бас тартуымен қатар оның қаржылық бақылауы функциясының күшейе түсуі үрдісі анық байқалды. Дамудың постиндустриялды кезеңіне аяқ басқан мемлекеттің экономикалық саясаты дәл осы бағытта айқын көрініс берді.

Мемлекет қаржылық институттарға бақылауды күшейту арқылы мемлекеттің экономикалық стратегиясын жүзеге асырды. Экономикалық және қаржылық либерализациялауға қатысты барлық өзгерістерді мемлекет талдап жасады және қабылдады. Эволюциялық сипаттағы бұл өзгерістермен қатар көптеген ескертулер мен түзетулер бірге жүрді. Сондықтан да шығар Корея Республикасына қайсыбір жағдайларда шаруашылық қызметтерін асыра мемлекеттендіру жалпы экономикалық болмысты бюрократизациялау сияқты кінәлар тағумен қатар жүреді.

Сонымен бірге, Батыс елдері мамандарының пікірі бойынша оңтүстіккореялық экономикалық саясат жеткілікті дәрежеде ашық емес, оны жасау мен қабылдау үдерісі бұрынғыша анық болмай отыр. Мұның өзін бұл елдегі мемлекеттік сектордың экономикадағы рөлінің басымдығымен және іскерлік белсенділіктің көптеген салаларының мемлекеттік қатаң бақылауда қала беруімен түсіндіруге болады.

Халықаралық менеджмент және даму институты дайындаған баяндама бойынша өндірістік өнімдердің әлемдік рыноктағы бәсекеге қабілеттігі көрсеткіші бойынша Корея Республикасы 31 - орында тұр. Баяндама авторларының қорытындысы - мемлекеттік сектор елдің бәсекеге қабілеттілігінің жалпы деңгейін төмендетіп отырған жайы бар.

Өткен ғасырдың 90-шы жылдарында оңтүстіккореяың экономика құлдырау кезеңін бастан кешірді. Мұның басты себебі ірі конгломераттардың қызметтері сферасының шектен тыс өсіп кетуі және олардың қаржылық осалдығы негізінде экономикалық тиімділігінің төмендеуінде еді. Жалпы, Корея Республикасының ірі капиталды мемлекеттік реттеуге көзқарасы екі сипатта болып отыр: бір жағынан ол өзінің іс-әрекетіне мемлекеттін араласуына қарсылық білдіреді, (атап айтқанда өзара қатынастарға ашықтық беру талаптарын пайдаланып), екінші жағынан бұрынғысынша дербес жобалар бойынша мемлекеттік қолдауға мүдделі.

Көптеген оңтүстіккореялық экономистердің пікірі бойынша мемлекеттің шаруашылық өмірге тікелей араласуы бұрынғысынша сақталып отыр, бірақ тиімділігінің төмендеуі себебінен экономиканы сауықтыруға күш қуаты жетпейді. Бұл жағдайларда оңтүстіктің экономикалық топтары мемлекеттің монополиялармен ынтымақтастығы проблемасын келесі мәселелер бойынша шешуді ұсынады:

1. Экономика үшін не тиімдірек: бизнесті диверсификациялау немесе мамандандыру: мемлекет тәуекелдікті кепілдендіретін бизнес пе, жоқ, әлде дербес бизнес пе? Компания иемденушінің өзі басқаратын жүйе ме, жоқ әлде кәсіпқой менеджерлер басқаратын жүйе ме?

2. Монополиялардың іс-әркеттің жаңа сфераларына кірігуіне шектеулер қажет пе, әлде жоқ па?

Оңтүстіккореялық қоғам мемлекет өзінің функцияларын қайта қарауы тиіс дейтін көзқарасқа қолдау көрсетіп келеді. Мемлекеттің рөлі бюрократтық (кеңселік) және бақылаушы басқарушы бағыттан экономикалық өсуге, жауапкершілікті орталық және жергілікті билік органдары арасында тиімді және әділетті бөлуге бағдарланған көмекші бағытқа қарай ойысуы қажет.Жаңа міндеттерге сәйкес мемлекет жекешелендірудің барысы мен көлемін, сондай-ақ мемлекеттік сектор аясындағы кәсіпорындарды ұйымдастыру және менеджмент жүйесін реформалайтын болады. Мемлекеттік реттеуді осылайша реформалау қоғамдағы жемқорлықты кемітеді дегенде үміт бар.

Бірінші кезектегі міндеттер ішінде экономиканы басқарудағы үкіметтік әдістерді өзгерту, ұлттық шаруашылықтың барлық салаларында еркін сауда тәжірибесін қалыптастыру, банк жүйесін реформалау,атап айтқанда ірі корпорациялардың банктермен «ынтымақтасуы» практикасын жою; шағын және орта бизнесті кредиттеуді кеңейту; қоғамдық, мемлекеттік инфрақұрылым жүйесін жақсарту; жұмысшы күшін бөлудің қалыптасқан жүйесін қайта қарау; техникалық және гуманитарлық кадрлар даярлаудың теңдестігіне жету мақсатында білім беру жүйесін реформалау және т.б

Өткен ғасырдың соңғы жылдарында экономиканы басқарудың рыноктық жүйесінің кеңейе түсуі жағдайында мемлекеттік реттеудің оңтүстіккореялық концепциясы тек қана тиімділігі бойынша емес, сонымен қатар өміршеңдігі бойынша да қатал сыннан өтті. Бір топ Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде кенеттен болған қаржылық дағдарыс Корея Республикасының экстравертті (сыртқа бағдарланған) экономикасына тікелей әсер етті.

Экспорт( ұлттық экономика өсуінің негізгі қозғаушы күші) тиімділігінің төмендеуі проблемасына өз өнімдеріне сыртқы және ішкі рыноктарда төлем қабілеттері бар сұраныстың құлдырауы жағдайына төтеп бере алмаған бірқатар ірі монополиялардың күйреуі қосылды.

Өнімді артық өндіру мәселесі бірқатар заманауи өндірістерде ( автомобиль жасау, кеме жасау, электрондық өнеркәсіп және т.б) тауарлардың жатып қалуына, өте қажетті айналмалы құралдарға сұраныс төмендеп, оларды пайдалану қысқырды. Қаржылық жүйе едәуір дәрежеде мемлекеттің бақылауында болғандықтан рыноктық қатынастар ашық сұраныс және ұсыныс үдерісіне еркін кіріге алған жоқ. Өндіріс үшін қажетті қаражатты алудың қиындығы мен қымбаттылығы бүкіл экономиканы тығырыққа тірегендей болды.

Сондықтан жеке капиталдың үкімет алдына қойған рыноктық күштерді тиімдірек ынталандыру, елдің қаржы жүйесін тұрақтандыру, ірі қаржылық – өнеркәсіптік құрылымдарды күйреуден сақтандыру бойынша талаптары кездейсоқтық емес еді.

Корея Республикасының үкіметі бұл талаптарға түсіністік танытып, экономиканы мемлекеттік реттеуді жетілдіру мақсатында бірқатар шаралар жиынтығын қабылдады.

Олар:

  • шетелдік компаниялар акцияларын иемдену деңгейін жоғарылату;

  • құнды қағаздармен операцияларға салық салуды алып тастау немесе қойылымын төмендету;

  • пайдадан түсетін табысқа салықты жою немесе төмендету;

  • жаңа көмекші қорларды ашып, олардың қызметін жандандыру;

  • бағалы қағаздардың ішкі рыногы қызметінің тиімділігін арттыру және т.б.

Белгілі болғанындай Корея ұлттық экономикасын мемлекеттік реттеу мемлекеттің экономикага баса көктеп кіруі емес, керісінше, белгілі бір мақсаттарды көздейтін макроэкономиканың ең маңызды салаларына бағыттала отырып, тәртіптілік пен бақылауды тиімді жүзеге асыру болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]