Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsii_GRE.doc
Скачиваний:
287
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.05 Mб
Скачать

§3 Инвестициялық үдерістер белсенділігін арттырудағы мемлекеттің рөлі

Рыноктық қатынастарға негізделген экономикада мемлекет инвестициялық ресурстар мен үдерістерді басқару мен пайдалануда, инвестицияны қалыптастыру мен реттеуде екі бағыттағы шаралар жүйесін қолданады:

  1. салалар, аймақтар және бағдарламалар мен жобалар бойынша бастауы мемлекеттік бюджет, жергілікті бюджет, бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар, арнайы мемлекеттік даму бюджеті болып табылатын мемлекеттік инвестицияларды қалыптастырып, бөлу жолымен.

  2. инвестициялық қызметті құқықтық реттеу, инвестициялық үдерістерді ынталандыру, ел ішінде қолайлы инвестициялық ахуал жасау, шетелдік капиталдың келуіне көмектесу және ішкі инвестициялық көздерді тарту арқылы.

Инвестициялық үдерістерге мемлекеттік әсер етудің бірінші бағыты бойынша бюджетті, бағдарламаларды, инвестициялық жобаларды қалыптастыратын биліктің заң шығарушы және атқарушы органдары анықтаушы рөл атқарады. Бұлар мемлекеттік инвестициялар көлемін, инвестициялық ресурстарды бөлу және қайта бөлуді жүзеге асырады.

Екінші бағытта қаражатты экономикаға, өндіріске, кәсіпкерлікке инвестициялауға отандық және шетелдік инвесторларға (банктер, қаржылық ұйымдар, корпорациялар, тұрғындар) түрткі ретінде мемлекеттің құқықтық және ынталандыру әсері іске қосылды.

Экономика мен әлеуметтік сфераны орталықтандырылған мемлекеттік реттеу бұрын тегін бюджеттік қаржыландыру және кредиттеу түрінде жүргізілетін. Қазақстанда рынок пен рыноктық қатынастардың қалыптасуы жағдайында әлеуметтік сфераны қайтарымсыз мемлекеттік инвестициялаудың үлесі арта түседі де, экономиканың өндірістік секторын инвестициялауды мемлекет қайтарымды несиелік негізде жүзеге асыратын болады. Экономиканың қарымды (нақты) секторына капитал салушы инвесторларға кепілдіктер беруде мемлекеттің рөлі арта түседі. Дегенмен, ірі инвестициялық жобаларды іске асыру бағытындағы отандық және шетелдік инвесторларды мемлекеттік кепілдендіру деңгейінің төмендігі байқалып-ақ қалды.

Жекеменшік, әсіресе шетелдік капиталды Қазақстан экономикасына тартуды мемлекеттік қолдаудың тиімді формасы ретінде инвестицияларды несиелендіруші банктерге, қаржылық және басқа да ұйымдарға мемлекеттік мүлікті кепілге қоюды атауға болады.

Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеуде даму қоры деп аталатын мақсатты инвестициялық қорды ерекше атауға болады. Бұл қор инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру үшін құрылған.

Инвестициялық жобаларды талдап, жасауға және қолдауға мемлекеттің қатысуы ісінде ерекше маңызы бар бағыт ретінде инвестициялық үдерістерді белсендіре түсудегі мемлекеттің әсерін атап айту керек. Анық арнаулы бағыты бар, экономикалық объектіні тұрғызу мен жаңғыртуға бағдарланған инвестицияларды жобаға салым деп атайды. Бұл жерде «жоба» сөзінің екі түрлі мәні бар. Бір жағынан, бұл сипаттау, есептеу, кескіндеу түріндегі объектінің идеясы, бейнесі. Екінші жағынан, экономикалық мағынасында жоба – бұл іс-әрекет бағдарламасы, нақты әлеуметтік-экономикалық ой-пікірді жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жиынтығы. Экономикалық инвестициялық жобалар ең алдымен объекті құрылысымен, тауарларды өндіріп, сатумен, өндірісті жаңартумен, жаңа технологияларды игерумен, әлеуметтік мәселелерді шешумен, табиғатты қорғаумен, шикізатты шығарумен байланысты.

Түптеп келгенде, барлық экономикалық жобалар мен бағдарламалар инвестициялық болып табылады, өйткені олар салымдарсыз, капитал келтірусіз, инвестицияларды пайдаланусыз жүзеге аспайды.

Сонымен, инвестициялық жоба – инвестициялық кезең ішінде табыс, пайда, оңды әлеуметтік әсер әкелетін экономикалық мәселені шешу бағдарламасы болып табылады.

Қазақстандық экономикада қалыптасқан жағдайларда әлеуметтік жобалар мен өндірістік жобаларды мемлекеттік қолдау өте маңызды. Техникалық-экономикалық бағдарланған жобалардың басым бағыттары келесідей:

  1. өндірісті технологиялық және материалды-техникалық жаңарту, негізгі қорларды алмастыру, жабдықтарды жаңғырту жобалары; мұның өзі өндірілетін өнім сапасын жоғарылатып, өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында қолға алынады;

  2. сұранысты мейлінше қанағаттандыру, өткізу рыноктарын кеңейту, табысты көбейту мақсатында өнімнің берілген түрін өндірудің өндіріс көлемі мен номенклатурасын арттыру жобалары;

  3. рынокқа кірігу, оның жаңа сегменттерін жасау, тұтыну өзгерістерін қанағаттандыру мақсатында жаңа өнім түрлерін игеру жобалары.

Қазақстанның орасан зор табиғи байлықтары концессиялар жасақтап жалға беру кепілдіктері негізінде сыртқы инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.

Инвестициялық үдерістерді белсендіру мақсатында мемлекеттік органдар мемлекеттік меншік объектілерін жалға концессияға тек ағымдағы табыстылығы үшін ғана емес,бұл объектілерге инвестиция келтіру мақсатында да беруі тиіс.

Инвестицияларды экономикалық өсу әлеуеті мол аймақтарда дамыту жобалары мен объектілерге салу өте маңызды, өйткені олар тізбекті реакция туындатып, өндіріске әртүрлі салалар кәсіпорындары тікелей және жанама технологиялық интеграция бойынша іс-әрекетке тартады. Инвестицияларды «өсу нүктесі» жобаларына шоғырландыру ішкі және сыртқы рыноктарда төлем қабілеті бар сұранысты қамтамасыз етіп өнім өндірісін өрлете түседі. Мемлекеттік инвестициялардың шектеулілігін ескеріп, олардың бір бөлігін салым қайтарымдылығы жедел жобаларға салу тиімді болмақ.

Инвестицияларды экономикалық тиімділігі, қайтарым мерзімі, экономикалық өсім көрсеткіштеріне бағдарлап тарту және орналастыру маңызды, бірақ бұны инвестициялық жобалар бойынша шешімдердің жалғыз бағыты деп айтуға болмайды. Инвестицияларды реттеуде мақсаткерліктің басқа арнасы маңыздырақ болуы әбден мүмкін. Бұл жерде әңгіме инвестициялардың әлеуметтік тиімділігі мен қоғамдық қажеттілігі туралы болып отыр.

Инвестициялардың белгілі бір бөлігі, әсіресе бюджеттен келетін бөлігі әлеуметтік сфераға, инфрақұрылым объектілеріне, қоршаған ортаны қорғауға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмсалуы тиіс. Бұл инвестициялардың қайтарымы ұзақ уақытқа созылар, бірақ олар міндетті, сондықтан оларды мемлекеттік реттеу қажет-ақ.

Шетелдік инвестицияларға мемлекеттің әсері туралы айтар болсақ, олардың көптеп келуі экономиканы инвестициялау көлемін арттыра түседі, бірақ шетелдік инвестицияға әуестеніп, қызығушылықтың қатерін де есте ұстаған жөн. Біріншіден, шетелдік инвестициялық кредиттер мемлекеттің сыртқы қарыздар көлемін ұлғайтады, оны атқару шығындарын көбейтеді, елдің басқа елдер алдындағы қаржылық тәуелділігін тереңдетеді. Екіншіден, ұлттық өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алуға жұмсалатын шетелдік инвестициялар ұлттық байлықтың бір бөлігіне иелік етіп, мемлекетті өз аумағында «жартылай қожайын» рөліне түсіреді.

Әрине, әлемдік экономиканың жаһандануы жағдайында бұл табиғи үдеріс болып табылады, дегенмен, «сақ болсаң, сақтаймын» деген жаратушы. Елге шетелдік инвестицияларды тартуда әрқашан оның артықшылығы мен кемшілігін безбенге салу жөн шығар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]