Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AMRINA_RK_EKhT.docx
Скачиваний:
131
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
187.39 Кб
Скачать

27. Экскурсиялық қызмет көрсету. Экскурсиялық қызмет көрсетудің түсінігі мен тапсырмалар кешені.

Экскурсиялық қызмет - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарға танымдық мақсатта келуді ұйымдастыру жөніндегі кәсіпкерлік қызмет, ол туристерді орналастыру (түнету) жөніндегі қызметті көздемейді және жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімді қамтиды; 

Экскурсия (латын. excursio — серуендеу) — жеке тұлғаның өзі уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытта көріп тамашалауы. Сөз тұлғасы орыс тіліне XIX ғасырда енген. Басында бұл сөз «әскери шапшаңдық» деген мағынада қолданылып, кейін сөз мағынасы «серуенге шығу», «жорық», саяхаттау деген ұғымға ауысқан.

Экскурсияның 8 белгісі:

1. Экскурсияның ұзақтығы. Экскурсия 1 сағаттан 24 сағатқа дейін созылады. Уақыт академиялық сағат бойынша есептеледі. Ең аз уақыт алатын экскурсиялар — музей және көрме экскурсиялары. Ең ұзағы – қала сыртына жасалған экскурсиялар.

2. Экскурсанттардың болуы. Экскурсанттар саны негізінде 1 адамнан 50 адамға дейін болады. Кей кездері 70 адамға жетеді.

3. Жоғары маманды экскурсоводтың болуы.

Экскурсоводтар 4 категорияға бөлінеді:

  • 1-категориялы экскурсоводтар 1 тақырыпты біліп, 2-3 экскурсия жүргізуі керек;

  • 2-категориялы экскурсоводтар 2-3 тақырып біліп, 7-8 экскурсия жүргізу керек;

  • 3-категориялы экскурсоводтар 4-5 тақырып біліп, 15-20 экскурсия жүргізу керек;

  • 4-категориялы экскурсоводтар 10 тақырыптан артық біліп, жеке экскурсияларды жеке ұйымдастырады.

4. Экскурсия кезінде объектілерді көрсету.

5. Экскурсанттардың алдын ала жоспарланған маршрутпен жүруі.

6. Экскурсиялық объектілерді көрсетудің мақсаты.

7. Экскурсиялық құжаттар:

1) Экскурсиялық маршруттың сызбасы;

2) Экскурсия мәліметтері;

3) Экскурсоводтың портфелі7

8. Экскурсанттардың белсенділігі.

Экскурсия қызметтері:

1. Танымдық;

2. Ақпараттық;

3. Демалыс уақытын ұйымдастыру;

4. Тәрбие, сауықтыру және т.б.

28. Туроператор мен турагент арасындағы келісімшарттық қарым қатынастар.

Турагенттің туристік өнімді ұсынуы мен өткізуі туроператормен жазбаша нысанда жасалған, туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шарт негізінде жүзеге асырылады.       Туроператор мен турагент арасындағы туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шартта міндетті түрде туристік өнімді қалыптастырған туроператор туралы, туроператор мен турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттары туралы мәліметтер, туристік бағдардың сипаттамасы, туристік өнім туралы дәйекті ақпарат болуға тиіс.

Туристік сапарға шыққанда, адамдар өзіне көрсетілетін қызметтерден басқа да ерекшеліктерді іздестіреді. Біреулері ұзақ демалысқа шығып, курортқа барып демалып, денсаулығын түзеп қайтса, басқалары командировкаға барып, іскерлік келіссөздер жүргізіп, шартты келісімдер жасайды. Демек, туристер туристік өнімдерге мұқтаж немесе өзінің бизнесін ұлғайтуға мүдделі.

Туроператор мен турагент туристiк қызмет көрсетуге жасалған шарттардан туындайтын азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыруға мiндеттi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]