Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AMRINA_RK_EKhT.docx
Скачиваний:
131
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
187.39 Кб
Скачать

11.Бизнес-жоспарлаудың негіздері. Туристік фирмалардағы бизнес-жоспарларды жүзеге асырудың ерекшеліктері.

Туристік фирманы құруда болашақта тиімді бизнес жоспардың болуы шарт. Бұл фирманың қаржылық менеджментін реттеудің бірден бір жолы және ол бірнеше этаптан рет ретімен өткізіледі. Басты мақсаты фирманың нарөыта өз орын қалыптастыру жне жоғары нәтижеге қол жеткізу.

Жаңа фирманың бизнес-жоспарын әзірлеу сатылық әдіспен жүргізіледі, ал соңғы мақсат болып осы кәсіпорынды құру және оның инвестициялық бағдарламаларын жүзеге асыру саналады.

Жаңа кәсіпорын үшін бизнес-жоспардың бірінші құрамына жарғылық қызметтің негізгі түрін таңдау жатқызылады. Егер кәсіпкер туристік қызметті негізгі етіп алса, онда ол тағы 2 мәселені шешуі тиіс.

Республикалық немесе жергілікті деңгейде белгілі салықтық жеңілдіктерге ие, ұзақ мерзімге басым болатын қызметтің негізгі және қосымша түрлерін таңдау қажет, яғни бизнес-жоспарға алдымен тұрақтандырушы қаржылық факторларды және банкроттықтың алдын-алу факторларын кепілдендіру керек.

12.Автосаяхатты жобалау ерекшеліктері.

Туристерге қымет көрсетуге бағытталған автоқызметтер тізбегі келесі бағыттарды қарастырады:

1) Автобустық саяхаттар ұйымы;

2) Туристің өзінің жеке меншік көлігінде саяхат жасау ұйымдары;

3) автокөліктерді жалға беру.

Автобуспен саяхаттар. Халықаралық автобустық туризм - туризмнің жаңадан дамып келе жатқан түрі. Ол ХХ ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап дами бастады. Осы уақытқа дейін әр түрлі мемлекеттерде автобустар негізінде экскурсиялар, трансферт және жергілікті саяхаттар үшін пайдаланылды.

Шенген келісімінен кейін автобус тасымалдарының дамуында жаңа өзгерістер болды. 90 жылдары автобус туризмінің орташа жылдық өсімі 1,5% құрады.

Көлік минибетлерінің Еуропадағы конференциясы (1984ж) автобустық туризмнің негізгі үш түрін көрсетті:

  • Рейстік автобустармен саяхаттар;

  • Автобуспен топтық саяхаттарды жүзеге асыру;

  • Арнайы (чартерлік) рейстер.

Автобуспен туризмнің экскурсиялық түрі ретінде халықтың қол жетімді көлігі ретінде үнемі тұрақты дамып отырады. Оның көлемінің өсуі қазірге дейін анық байқалады. Автобустық турларының танымал түрлерінің бірі Еуропа қалаларына экскурсия танымдық мақсаттара 2-3күндік сапарлар. Танымдылық бойынша 2-ші орында Еуропа қалаларына экскурсиялық танымдық мақсаттарда 1-2 аптаға жалғасатын маршруттық турлар.

Автобустық турларды ұйымдастыру барысында басқа тасымалдаушылар сияқты маусымдық өзгерістер маңызды рол атқармайды. Автобустық турлар бүкіл жыл бойына ұйымдастырыла береді. Тек қана қаңтар және ақпан айларында сұраныс аз болады.

Мамандардың пікірі бойынша автобустық турлар нарығында бәсеке маршруттың әр түрлілігіне және қызмет көрсету сапасынан көрінеді.

Автосаяхаттың дайындалу кезеңі келесілерден тұрады:

  • маршрутты жасау

  • қозғалыс тізбегін жасау;

  • маршруттық құжаттарды реттеу.

13.Әуе туризмінің дамуы және әуе саяхаттарын жүзеге асырудағы келісімдер

Статистикалық мәліметтерге қарағанда соңғы кездері автокөліктермен салыстырғанда әуе көлігінің ролі жоғары. Бұл ұзақ қашықтыққа қысқа мерзімдік турларды ұйымдастыру мүмкіндігін береді. Бұның барлығы туристік бизнесте әуе тансымалына басты назар аударуды талап етеді. Ұшақтар – әлемдегі ең әйгілі транспорт түрі. Осы жерде туризмдегі әуе тасымалы туралы айтуға болады. Бұның бірнеше дәлелі бар:

  • біріншіден, әуе- ұзақ қашықтыққа саяхат жасау үшін ең тез және ыңғайлы транспорт түрі.

  • Екіншіден, қазіргі кезде әуе рейстерінің сервисі туристер үшін жағымды түрге ие.

  • Үшіншіден, әуе компаниялары тікелей жне халықаралық желі арқылы брондау және резервтеу жүйелерін жүзеге асырады және броньдалған әрбір орын үшін комиссиялық төлем төлейді.

Әуе транспорты әлемдік шаруашылықта ең аз және жоғары дәрежеде дамып келе жатқан сала болып табылады жне жылдан жылға бүкіл әлемдік көлік жүйесінде ролі артуда.

Қазір әлемде 1300- ден астам әуе компаниялары жұмыс жасайды. Орташа есеппен алғанда әуе рейстері арқылы жылына 1,5 млрд астам жолаушы тасымалданады. Халықаралаық әеу қатынасында 470-тен жоғары тасымалдаушылар бар, олардың 250-дейі халықаралық әуе рейстерін жүзеге асырады. Халықаралық әуе қатынасы қызметтерінде 1000-нан астам әлемдік әуе жайлар бар, олардың 650-і халықаралық әуе тасымалын жүзеге асырады.

Әлемдік тасымалдар саны бойынша ең ірі әуе компаниялары: американдық «Pelta Air Lines», «Pan Amerikan», «United», француздық «Air Frence», неміс «Lufthansa», британдық «British Airways» және т.б. Ресейдің ең ірі әуе компаниясы «Аэрофлот», Қазақстанда «Air Astana».

Авиакомпаниямен агенттілік арасындағы келісім. Жалпы алғанда кейбір авиакомпаниялар өздерінің агенттері ретінде олармен орындар квотасына келісімі бар барлық туристік фирмаларды санайды. Алайда таза түрде агенттік келісім – бұл ағымдармен жұмыс жасау, яғни туристік фирма өзігінен авиакомпанияның авиабилеттерін (өздерінің туристері және жай сатылым үшін) сату бойынша агенттілігі ретінде шығуға мүмкіндік алғанда, саяхаттауға қажетті құжаттарды толтыру мен брондау процедураларын тездетуге және жеңілдетуге мүмкіндік береді. Туристік фирма авиакомпанияның «билеттерді сату кассасы» ретінде бола алады, яғни өзі билеттерді жазып бере алады және соған сәйкес арнайы компьтерлік жабдықтамасы және авиакомпанияның брондау жүйесіне кіру құқығы бар (мысалы, Габриэль у «Аэрофлота»). Бұндай авиабилеттермен жұмыс жасау түрі «авиабилеттер ағымымен жұмыс жасау».

Чартер (ұшақ арендасы). Чартерлік авиатасымалдауларды ұйымдастыру кезінде тапсырыс беруші мен авиакомпания маршрутты анықтап, онымен рейстің бағасы, екі жатың міндеттері қарастырылады және келісім-шарттың халықаралық ережелерге сәйкестігі анықталады. Одан кейін арнайы чартерлік келісім жасалып, онда келесідей мәселелер талқыланады:

- ұшақ түрі (маркасы);

- сатылымға орындар саны;

- ұшақтың арендасының бағасы;

- аэропорттағы келуі мен кетуін көрсететін маршрут;

- келісім-шарттың ұзақтығы (маусым, жыл т.б.);

- авиарейстерді жасау жиілігі;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]