Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AMRINA_RK_EKhT.docx
Скачиваний:
128
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
187.39 Кб
Скачать
  1. Туризм әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде. Туризм дамуына әсер етуші факторлар.

Туризм — туристтердің қажеттілігін материалдық және материалдық емес түрде қанағаттандырушы экономиканың өндірістік емес сферасы. Туризм өнімі — бұл өзінде транспорттық, қонақ үй шаруашылығы, сауда, экскурсиялық, спорттық, комуникабельді, сауықтыру қызметтерін біріктіруші қызметтер жыйынтығы болып табылады.

Мамандар туризмнің дамуы тікелей елдің экономикасының және әлеуметінің дамуына тәуелді деген қорытындыға келді. Жақсылап зейін қойып қарасақ, туризм саласының дамуына әсер етуші бірнеше факторларды бөліп қарастыруға болады.

Саяси факторлар. Мемлекеттегі тұрақты саяси жағдай- туризмнің дамуының алғышарттарының ең бастысы деп айтса болады. Сонымен қатар, туризмнің дамуына осы мемлекеттің басқа мемлекеттермен орнатқан байланыстары мен қатынастарыда әсер етеді.

Экономикалық фактор. Дамыған елдердегі өмірдің жоғары деңгейі сол ел азаматтарына туристік саяхаттарға көп қаржы бөлуге мүмкіндік береді.

Туризмге сыртқы экономикалық іс-шаралар, әлем экономикасындағы интеграциялық және жаһандану үрдістері қатты әсер етеді. Осындай үрдістер аймақтың іскерлік белсенділігіне әкеледі, соған сәйкес бизнес туризмнің дамуына әкеледі.

Әлеуметтік-демократиялық фактор. Туризмнің дамуына халық санының өсуі әсерін тигізеді, әсіресе қалалық жерде. Қаладағы өмір ағыны ауылдағыдан қарағанда өте бетесті болып келеді. Осыған байланысты қалалық тұрғындар үшін туризм жан-дүние тепе-теңдігін әкелуі мүмкін.

Мәдени фактор. Бұл факторға адамдардың басқа елдің мәдениетінғ тарихын, өмірін зерттеу кезінде пайда болатын мәдени, білім, эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруды жатқызамыз.

Ғылыми-техникалық прогресс. Қазір ғылыми-техникалық прогрестің арқасында жоғарғы екпінмен алыс арақашықтықты аз уақытта жүріп өту; қызмет көрсету деңгейінің жоғарылауын байқаймыз. Транспорттарда туристтердің жайлылығы үшін жағдайлар жасалуда.

Қазіргі кездегі компьютерлік технологияның ілгері дамуын назардан тыс қалдыруға ьолмайды. Дамыған технологиялардың арқасында турист туристік өнімді онлайн түрде сатып ала алады, әртүрлі тарифтерді ала алады. Алдағы дамуды жаңа технологиялардың көмегінсіз елестету мүмкін емес.

Туризмнің дамуы бұқаралық-ақпараттың құралдар дамуымен тығыз байланысты. Аумақтың ақпаратпен қамтамасыз етілуі адамдардың кай жерге барып демалуға болатындығы туралы ақпараттандырады және туристтер санын көбейтеді. Бұқаралық-ақпараттық құралдар нақты бір жердің туризмі емес, жалпы туризмді жарнамалауға көмектеседі.

Жалпы әлемде туризм жақын он жылдықта елдің ең жұмыс орны көп қайнар көз болып қала береді. Зерттеушілер үрдісті жалғастырып, туристік өнімді әртүрлі қажеттіліктерге байланысты бөлуді жоспарлайды.

  1. Туристтік өнім түсінігі.

Туристік өнім – тұтынушылар сұранысымен анықталатын туристік қызмет көрсету түріндегі қоғамдық еңбек түрі. Туристік өнім түрі ретінде барлық туристік қызмет түрелерін алуға болады.

Туристік өнім – саяхат барысында туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруға жеткілікті туристік қызмет көрсетулер жиынтығы

Туризмдегі жетістіктердің нәтижесі туристтік өнімге байланысты болады. Негізінен туристтік өнім-барлық қызметтер, туристтердің талғамын ақылы түрде орындалатын қосымша қызметтер болып келеді.Мұндай қызметтерге қонақ үй, транспорттық, экскурсиялық, аудармашылар және т.б. қосымша қызметтер жатады.

Туристтік өнім негізінен үлкен және кішкентай түрде қарастырылады. Кішкентай түрде- бұл нақты туристтік индубетия ( мысалы, қонақ үй өнімі,туроператор өнімі,транспорттық және т.б.)Үлкен түрі- бұл тауарлардың кешені және қызметі, турды ұйымдастырушы.

туристік өнім - саяхат барысында туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруға жеткілікті туристік қызмет көрсетулер жиынтығы; 

Туристтік өнімнің өзіне тән ерекшеліктері:

1. Туристтік өнім- қызмет көрсету мен тауарлар кешені

2. Туристтік өнімге деген сұраныс баға мен түсімге сәйкес болады, көбінде саяси және әлеуметтік жағдайларға байланысты болады.

3. Ереже бойынша, турист туристтік өнімді қолданбай туристік өнімді біле алмайды.

4. Туристтік өнім уақытқа және кеңістікке тәуелді болады.

5. Турисстік өнімнің тағы бір ерекшелігі оның икемсіздіінде.Қонақ үй, аэропорт, демалу орындары басқа жерге немесе басқа уақытқа аусытырыла алмайды.Олар уақытпен кеңістікке байланысты өзгере алмайды.

6. Туристтік өнім кәсіпорындарға байланысты пайда болады, әр кәсіпорын өзінің жұмыс әдісі, спецификалық қажеттіліктер және әр түрлі коммерциялық мақсатта болады.

7. Кішкентай қателіктердің әсерінен туристтік өнімнің жоғары сапаға жетуге үлкен кедергі жасайды, себебі туристтерге қызмет көрсетуде осындай «кішкентай» қателіктердің салдарынан сервис жөнінде теріс ойда болады.

8. Туристтік өнімнің сапасына сыртқы факторлар,форс-мажорлық жағдайлар (табиғаттағы жағдайлар,ауа райы, туристтік топтың адамдары және т.б)

Туристтік қызметтерден айырмашылығы туристтік өніт тауар қызметі болады.Туристтік өнімнің кең мағынасы- тауарларды жылжыту ,өткізумен айналысатын экономикалық жағдай.

Туристтік өнім- көптеген кәсіпорындардың жұмыс істеу нәтижесі.Ол келесі элементтерден тұрады:

- тур;

- тауар;

- қосымша туристтік-экскурсиялық қызметтер.

тур - белгіленген мерзімдер шеңберінде белгілі бір маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені;

Қосымша туристтік-экскурсиялық қызмет- қызметтер, ваучермен немесе путевкада қарастырылмаған қызметтер, туристтің талғамы бойынша қызмет көрсетеді.Оларға жататындар: жалға алу, телефон,поста, валюта айырбастау, қосымша тамақ,транспорт, заттардың сақталуы, көңіл көтеру орталықтары,видео, билеттерді алу,мини-бармен қолданы және сол сияқты.Бұл қызметтер туристердің қосымша ақы төлеуімен жасалады.

Туристтік өнім өзіне қосады: туристтік орталықтар,транспорт,трансфер, орналастыру қызметтері.

  1. Туризмдегі орналастыру және тамақтандыру. Туризмдегі транспорттық қамтамасыз етілуі.

Туристік қызметтерге:

  • Туристерді орналастыру

  • Туристік тамақтанумен қамтамасыз ету

  • Туристердің мәдени қажеттіліктерін қамтамасыз ету

  • Туристердің ғылыми және іскери қажеттіліктерін қамтамасыз ету

  • Сауда-сатық орындары

  • Спорттық- сауықтыру

  • Информациялық

тур - белгіленген мерзімдер шеңберінде белгілі бір маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені

туризмдегі қонақжайлық- бұл кәсіби талап етілетін, қонақтарды өз еліндегідей қабылдайтын,келген қонақтарды жақсы қарсы алатын өнер.

Пэкидж – тур предполагает жесткий, заранее спланированный (до контакта с клиентом) работ услуг, ориентированный на определенный вид туризма, а также на социальный класс туристов и их возраст.

Пэкидж – турдың қатал болуы, алдын-ала жоспарланған жұмыстар қызметі, туризмнің нақты бір түріне бағытталған ,туристердің жасы мен әлеуметтік жағдайына байланысты болатын тур.

Негізгі қызмет түрлері – бұл қызметтердің жиынтығы, турдың ішіне кіретін барлық қызметтердің тізімі. Негізгі қызметке кіретіндер: транспорттық қызмет, орналастыру, тамақтану және әр-түрлі бағдарламалар.

Транспорттық қызметтер – 3 негізгі түрге бөлуге болады, туристерді тасу, трансверт, бағдарламалық транспорттық қызметтер

Орналасу қызметі – бұл туристік қызметтегі ең негізгі түр, нақты қонақ үйде туристтерді орналастыру. Туристерге қызмет көрсету, күтіп алу, шығарып салу, қабылдау, тіркеу қызметтері.

Туризм мақсатында қолданылатын транспорт үш түрге жіктеледі: құрлықтағы, су және әуе.

Құрлықтағы қозғалу құралдарының ішінде туризм мақсаты үшін автомобиль және теміржол транспорттарын қолдану ең үлкен қызығушылық көрсетеді.

Автомобильдік транспорт туризмде кеңінен қолданылады, өйткені туристерді «есіктен есікке дейін» жеткізуді қамтамасыз етеді.

Теміржол көлігі туристерді орташа қашықтықта жоғары жылдамдықпен ыңғайлы жағдайларда орташа бағаларда тасымалдауды қамтамасыз етеді.

Су көлігі құралдары: су асты (экскурсиондық су асты қайықтары) және су үсті (теплоходтар, круизды кемелер, теңіздік паромдар, яхталар) құралдары болып бөлінеді.

Әуе транспорт құралдарына әртүрлі транспорт құралдары кіреді: азаматтық авиация ұшақтарынан бастап экзотикалық әуе шарлары, дельтапландар сияқты құралдарға дейін.

Туризмде транспорттық қамтамасыз ету жүйесінде келесілер бөлініп көрсетіледі:

-туристік тасымалдаулар

-трансферт – туристерді күтіп алу-шығарып салуды қамтамасыз ететін транспорт құралдарын ұсыну.

-турлар бойынша бағдарламалық іс-шараларға транспорттық қызмет көрсету: экскурсиондық қызмет көрсету, бағдарламалық іс-шараларға шығу, маршруттар бойынша ауысу.

Тамқатану қызметі – туристік қызметтердің негізгі түріне кіреді. Тамақтанудың келесідей классификациясы болады: таңғы ас – бір реттік тамақтану; жартылай пансион – екі реттік тамақтандыру, әдетте таңғы аспен түскі ас немесе таңғы аспен кешкі ас; толық пансион – үш реттік тамақтандыру.

  1. Туризмді басқару органдары. ҚР-да туристік қызметті мемлекеттік реттеу.

Мемлекет туристік қызметті Қазақстан экономикасының басым салаларының бірі екенін мойындай отырып, келесі қағидаларға басшылық етеді:

1) туристік қызметке жәрдемдесе отырып, оның дамуына жағымды жағдайлар қалыптастырады;

2) туристік қызметтің басым бағыттарын анықтайды және қолдайды;

3) Қазақстан туралы туризм үшін жағымды мемлекет деген түсінік қалыптастырады;

4) қазақстандық туристерге, туроператорларға, турагенттерге және олардың бірлестіктеріне қолдау көрсетеді және қорғайды.

Туристік қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары:

1) азаматтардың демалуға құқықтарын, саяхат жасау кезінде қозғалу еркіндігін және басқа да құқықтарды қамтамасыз ету;

2)қоршаған табиғат ортасын қорғау;

3)туристерді тәрбиелеу, білім беру және сауықтыру мақсатындағы қызмет үшін жағдайлар жасау;

4) саяхат кезінде азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын туристік индубетияны дамыту;

5) жаңа жұмыс орындарын құру;

6) мемлекеттің және азаматтардың табысын арттыру;

7) халықаралық байланыстарды дамыту;

8) туристік көрсету объектілерін сақтау, табиғи және мәдени мұраны рационалды қолдану.

Туристік қызметті мемлекеттік реттеудің басым бағыттар ішкі, шығу, әлеуметтік және харекеттік туризмді қолдау және дамыту болып табылады.

Туристік қызметті мемлекеттік қолдау келесі жолдармен жүзеге асырылады:

-нормативтік-құқықтық актілер құру;

-ішкі және әлемдік туристік нарықтарда туристік өнімді жылжытуға жәрдемдесу;

-туристердің құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

-туристік индубетияда лицензиялау, стандарттау, туристік өнімді сертификаттау;

-ҚР-на кіру, ҚР-нан шығу және ҚР-ның аумағында болу ережелерін анықтау;

-туризмді дамытудың республикандық бағыттық бағдарламаларын дайындау және іске асыруға тікелей бюджеттік қаржыландыру;

-туристік индубетияға инвестициялау үшін жағымды жағдайлар қалыптастыру;

-салықтық және кедендік реттеу;

-жеңілдік несиелер ұсыну;

-туристік қызметті кадрлық қамтамасыз етуге көмектесу;

-туристік индубетия саласында ғылыми зерттеулерді дамыту;

-қазақстандық туристердің, туроператорлардың, турагенттардің және олардың бірлестіктерінің халықаралық туристік бағдарламаларда қатысуына көмектесу;

-картографиялық өніммен қамтамасыз ету;

-ҚР-ның заңнамасында көрсетілген басқа да тәсілдермен.

ҚР-да туристік қызметтің координациялығын туризм саласындағы атқарушы орган жүзеге асырады.

Мемлекет, ҚР-ның «Туристік қызметтің негіздері туралы» Заңында алғаш рет айтылғандай, туристік қызметті Қазақстан Республикасының экономикасында болашағы бар сала ретінде мойындап, туристік қызметтің дамуына жағымды жағдайлар жасауға көмектеседі; туристік қызметтің басым бағыттарын анықтайды және қолдайды; Қазақстан Республикасын туризмді дамыту үшін жақсы мемлекет ретінде қалыптастырады; қазақстандық туристерді, туроператорларды, турагенттерді және олардың бірлестіктерін қолдауды және қорғауды жүзеге асырады.

Туризмнің нормативті-құқықтық базасының негізгі құжаттарының тізімі: ҚР-ның Азаматтық кодексі, ҚР-ның «ҚР-да туристік қызметтің негіздері туралы» Заң, «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» , «Стандарттау туралы», «Өнімдер мен қызметтерді сертификаттау туралы»; ҚР-ның Үкіметінің қаулысы «Халықаралық туристік қызметті лицензиялау туралы», «ҚР-да қонақүйлік қызметтерді ұсыну ережелері».

  1. Туризмдегі стандарттау. Туристік қызметтерді сертификаттау.

Туризм қызмет көрсетуге сертификатты сертификаттау органдары береді. Сертификаттау органының өзі Қазақстан Республикасы аккредитациясынан және ҚР МС 3.5 талаптарынан өтуі міндетті. Сертификат заңды актілерін және нормативтік документтердің талаптарына сай актіледі, яғни бұлар адам өмірінің қауіпсіздігі, туристердің денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау, туристік және заттарының қауіпсіздігі, функционалды қызмет көрсетудің орындалуы, тура немесе уақытты орындалуы. Егерде көрсетіліп жаатқан қызмет, НҚ сай болмаса, шағымданушы құжаттарды жинап ҚР заңды тұлғаларына жібереді.

Туристік қызмет көрсетудің сертификациясында қызмет көрсетудің мінездемесі, қызмет көрсетудің шарттары және баға беру әдістері болу керек. Рұқсат етіледі:

*Идентификациялық қызмет өткізу. Соның ішінде КПВЭД классификациялық группаға тиісті екенін анықтау. Яғни техникалық құжаттармен функционалдық белгіленуі;

*НҚ бекітілген қауіпсіздік қызметінің сәйкестік талаптарын толығымен растау. Туристік қызметке сертификацияны жүргізу үшін;

*Сертификаттауға тапсырыс беру;

*Тапсырысты толығымен қарау және тапсырыс бойынша шешім қабылдау, соның ішінде схеманы таңдап алу;

*Сертификаттауға тапсырыс берушімен сертификаттау органының арасындағы келісім –шартты бекіту;

*Қарастырылған схема бойынша сертификаттау жұмысын жүргізу;

*Алынған жұмыстарының нәтижелері мен анализі және сәйкестік сертификатын беру келісімі қабылданады (одан кейін сертификат);

*Сертификат ҚР мемлекеттік реестрінде тіркеледі және тапсырушыға беріледі.

Арыз беруші сер–лық жұмысты жүргізу үшін сұранысын сертификациялық органға жібереді. Яғни бұл органның ҚР ГСС аккредитациясынан өткен болуға шарт. Сәйкестік сертификациясы жүргізілу кезінде тапсырысты НҚ жинағы толығымен болуы шарт. Сертификатттау органы ҚР СТ 3.5 белгіленген талаптар бойынша тапсырысты безендіреді. Тапсырыстың шегінің қабылдау уақыты – тапсырыс түскеннен кейін 2 жұмадан аспау, ал кіші кәсіпкерлік өкілдікке – аптада кем емес. Егер тапсырыс бойынша кері екенін қабылданса, сертификаттау органы тапсырыс берушіге сертификаттау жүргізу мүмкін еместігін хабарлануы келісім арқылы тапсырыс беруші шарт бойынша бір данасын сертификаттау органына жібереді. Осыдан кейін сертификаттау органы өз жұмысына кіріседі. Сол сәтте тапсырыстың болмай қалған кезінде стандарттау, метрология және сертификаттау уәкілетті мемлекет органға тапсырыс берілген сертификаттау түрі жіберіледі. Сертификаттау қызметі кезінде сертификаттау органдары қауіпсіздік және сапалы қызмет көрсету міндеттемелерінің сақталуы сарапшы бағалау арқылы жүргізіледі. Баға беру эксперттердің шешімі бойынша орындалады.

Стандарттау – нормалар, ережелер және талаптар бойынша орнатылатын қызмет: оның мақсаты өнім қауіпсіздігін, жұмыс және қызметпен қоршаған ортаны, тұтынушының өмірін, денсаулығын және мүлігін қамтамасыздандыру; техникалық және ақпараттық сыйыстыру, сондай-ақ өнімдердің өзара алмасуын; өнім сапасын; ғылым, техника және технология деңгейінің дамуына сәйкес жұмыс және қызмет; өлшемдердің бірігуі; ресурс түрлерінің барлығын үнемдеу; табиғи және техногенді апаттардың туындау мүмкіндігін ескере отырып шаруашылық нысандарын қауіпсіздендіру; елдің қорғаныс қабілетін және мобильдік дайындығын қамтамасыздандыру.

Қазіргі уақытта стандарттау мақсаттары оның екі бірдей маңызын көрсетеді. Бір жағынан басты мақсаты – бұл қауіпсіздік бойынша міндетті талаптарды орнату, техникалық және ақпараттық сыйыстыру, сондай-ақ өнімдердің өзара алмасуы және шаруашылық нысандарының қауіпсіздігі, ал екінші жағынан — өнімнің тұтынушылдық көрсеткіші бойынша оның сапасын жоғарылату негізінен кепілдемелер жасау және ресурстарды үнемдеу.

Стандарттау бойынша нормативті құжаттарға Қазақстанның мемлекеттік стандарттары жатады; стандарттау бойынша нормалар, ережелер және кепілдемелер; ортаққазақстандық техника-экономикалық ақпараттарды топтастырушылар;салалармен кәсіпорындар стандарттары; ғылыми-техникалық, инженерлік және де басқа қоғамдық ұйымдардың стандарттары.

Туристік және қонақүйлік қызмет көрсету стандарттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесінің бір бөлігі болып табылады, ол жүйе туризм және қонақүйлік менеджмент саласында мақсаттармен тапсырмаларды анықтайды, негізгі ұстанымдарды және жұмыс ұйымдастырылуын, нормативті құжаттардың санатын, стандарттардың түрлерін және халықаралық ынтымақтастық бойынша негізгі шарттарды. Туристік қызмет көрсету өрісінің стандарттау мақсаты көрсетілген сапа деңгейімен және турөнімнің немесе жеке туристік қызметтің тұтыну қауіпсіздігін қамтамасыздандыру, туристік өнім тұтынушыларының мүдделерін нарықтағы ізгіліксіз бәсекелестіктен қорғау.

Халықаралық және отандық машықтануда стандарт деген сөз астында стандарттау бойынша нормативті құжат деп ұғамыз, ол келісім негізінде жасалады, маңызды сұрақтар бойынша мүдделі жақтардың басым бөлігінің қарсылық тудырмайтыны жайлы мінезделеді (өндіруші және тұтынушы), мақұлданған органмен бекітілген және қолдануға міндетті.

Стандарттың нысаны болып: қызмет көрсетудің қызмет көрсетуші өндіріс үдерісі, немесе оның қорытындысын стандарттауға жатады

Стандарттау бойынша нормативті құжаттарға ортақ қазақстандыру топтастырулар жатады, оларды жетілдіру және қолдану тәртібі Қазақстанның Мемлекеттік стандартымен бекітіледі. Стандартты жетілдіру кезінде халықаралық стандарттар ұйымымен қабылданған стандарттар ескертіледі және аймақтық стандарттар, Біріккен Ұлттар Ұйымының комиссиясының Еуропалық заңнама ережелері және басқа халықаралық ұйымдардың, сондай – ақ басқа елдердің ұлттық стандартары.

Туризм және қонақ үй өрісіндегі стандарттау базасын қазіргі уақытта келесі заңдармен мемлекеттік стандарттар құрайды:

1) Туристік экскурсиялық қызмет көрсету сервисін стандарттау. Негізгі бағыт.

2) Туристік қызметтер. Жалпы талаптар.

3) Туристік экскурсиялық қызмет көрсетулер. Туристік қызметтерді жобалау.

4) Туристік экскурсиялық қызмет көрсету. Туристер мен экскурсанттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуін талап ету.

5) Тұрғындарға қызмет. Терминдер мен анықтамалар.

6) Қызмет сапасын қамтамасыз ету моделі.

7) Туристік қызмет. Орналастыру құралдары. Жалпы талаптар.

8) Қонақ үй классификация жүйесі және басқада орналастыру құралдары.

6.Туристік кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттері. Туристік кәсіпорын және оның құрылымы.

2001 жылдың 13маусымынан « Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы» Заңына сәйкес « туристік қызмет жеке және заңды тұлғалардың турисік қызметті ұсынуы».

Туристік кәсіпорындардың негізгі міндеттері саяхаттарды, жорықтарды, экскурсияларды ұйымдастыру және өткізу, өткізілетін іс-шараларға максималды азаматтар санын қатысуға тарту, туристерге жоғары сапада қызмет көрсете отырып өткізілетін іс-шаралардың танымдық, тәрбиелік, сауықтыру құндылықтарын қамтамасыз ету, сонымен қатар шаруашылық-қаржылық қызметтің және адамдардың қауіпсіздігін ұсынатын талаптарды сақтау.

Кәсіпорынның мақсаты оның тандаған туризм және көрсететін қызмет түріне байланысты анықталады.

Туроператорлық қызмет саяхаттарды, экскурсияларды қалыптастырумен, оларды дайындау және өткізумен байланысты; турагенттік қызмет туристік жолдамаларды сату және жолдық құжаттаманы дайындаумен айналысады; экскурсиондық қызмет экскурсияларды дайындайды және өткізеді.

Осы қызмет түрлерінің алдында тұратын негізгі мақсаттар:

-Қазақстан тұрғындарының рухани және интеллектуалдық деңгейін арттыру;

-халықтың кең тобын дене шынықтыру және спортпен белсенді айналысуға шақыру;

-шетелдік мемлекеттермен мәдени достық қатнастарды дамыту және нығайту;

-жергілікті халықта патриоттық сезімді ояту, шетелдік азаматтарға Қазақстан Республикасына деген сыйластықты арттыру;

-туристер мен экскурсанттарды табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыру;

-халықтың аз қамтылған әлеуметтік топтарын туризмге тарту.

Туристік кәсіпорынды құрудың формальді бөлігі барлық шаруашылық субъектілеріне бірдей: құраушыларды жинау, басшыны таңдау, құрушылық келісімшартты ресімдеу, әділет органдарында тіркелу, тіркелу картасын алу, статистика органдарында, салық инспекциясында, зейнетақы қорында есепке тұру және т.б.

Тәжірибеге сүйенетін болсақ турфирма құрылған кезде әдетте 3-4 адамнан тұрады, басшы, қаржылық қызметкер, 1-2 туризм бойынша мамандар.

Турфирманы құру құрылымының негізіне келесі қағидалар салынған: мақсаттылық, икемділік, қызмет және персоналдың минималды саны, жоғары біліктілік, өзараалмастырушылық, қойылған міндеттерді шешудегі экономикалық тәсіл. Әртүрлі қызмет түрлерін игерген туристік фирмалар қызмет санына сәйкес көлемдерін арттырады.

Егер туристік кәсіпорындар филиалдарын ашатын болса, өкілдіктер басқа қызмет түрлерімен айналысады, мысалы: агент ретінде билет сатумен, транспорттық тасымалдаулармен, туристік жабдықтар өндірумен, дүние-мүлік, бұйымдарды жалға берумен, қоғамдық тамақтандырумен, тұрмыстық қызметтер – ұйымдастыру құрылымы қосымша қызметтермен толықтырылады. Басқа жағдайларда жаңа лауазымдар пайда болуы мүмкін, мысалы, экономист, жоспарлаушы, психолог және т.б.

Туристік кәсіпорынның бүкіл қызметтік процессі басты басқару функцияларына сәйкес құрылуы керек: болжамдау, жоспарлау, ұйымдастыру, шешім қабылдау, ақпаратты жеткізу, ынталандыру және бақылау. Туристік кәсіпорын қызметінің табысты болуы үшін барлық функциялар маңызды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]