Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AMRINA_RK_EKhT.docx
Скачиваний:
131
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
187.39 Кб
Скачать

55. Туристтiк кәсiпорынның функционалдық құрылымы. Кәсiпорынды басқарудың ұйымдық құрылымдарының ұғымы және түрлері

Бұл құрылымдар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі құрылым шет ел нарығында турөнімнің сатылуы мен таралуын анықтайды. Сыртқы құрылым Қазақстан Республикасында броньдау, сапалы қызмет көрсету сонымен қатар шет ел туристерәне қызмет көрсету.

Туристтік агенттіктің функциялық құрылымы өзіне жүктелген мақсаттар мен міндеттемелермен анықталады.

- Жергілікті нарықта турөнімнің жылжуы. Турагенттердің сауда нарығындағы жарнамасы және оның жылжуы;

- Жергілікті шарттарға сәйкес турөнімнің бейімделуі. Қонақ үйдің броньдалуы, жолсапарларды ұйымдастыру;

- Клиенттермен қарым-қарынас. Мүмкін болатын тұтынушыларды іздеп оларға ұсынылып отырған тур өнім жайында ақпарат беру;

- Клиентпен келіссөздер. Келіскен жағдайда нақты мәліметтерді алу. Клиент өтінішін туроператорға растауға беру;

- Турөнімді сату. Броньдау растамасы келгеннен кейін клиенттен аванстық немесе тур өнімнің толық құнын алу, келісім шартты толтыру, виза мен мен загранпаспортты дайындау;

- Тур өнім үшін туроператорға берілетін құн. Сатылған тур өнім туралы туроператордық айлық есептік есеп беруі;

- Клиентті ақпараттандыру шет елге кету мерзімін, орнын, уақытын, рейстердің нөмірін, сақтандыру шарттарын және басқа да керек ақпараттарды жеткізу. ;

- Дат жұмыс. Шет елге кеткен туристердің қызмет көрсетудегі қанағаттанбауы мен өтініштерін қарап, оларға шараларды қолдану.

Жоғарыда айтылған қызметтерді орындау үшін туроператорлар мен турагенттіктер көрсетілген талаптарға сай өз құрылымдарын құруы қажет. Айтылған мақсаттарға басшылық туризм және сервис индубетиясы арасында, сонымен қатар мекемелер арасында да бөлінеді.

Кәсіпорынды басқару құрылымында сервис сферасы мен туризм ферасы ұқсас және тығыз байланысты түсініктер

Нақты құрылым басқармаларына әсер етеді:

- кәсіпорынның көлем және құрылымына сәйкес. Біріншісі басқарушылық құрылымның «жоғары» немесе «төмендігін», екіншісі функционалдық немес дивизионалдық түрін анықтайды.;

- технологиялық фактор. Адамды әрдайым қажет етпейтін, жалпыға бірдей автоматтандыру шарттарына сәйкес құрылымды басқару әлдеқайда жеңіл болады.;

- экономикалық фактор. Мысалы ұқсас түрлердің бір бөлімшеге топтастырылып жиналуы, басқару бірнеше орталыққа қарағанда бір орталыққа бағынуы, осылайша шығындарды біршама азайтуға болады;

- адами фактор – адамның әлеуметтік құрылымына және адамдар арасындағы қарым-қатынасқа байланысты. Егер кәсіпорында арнайы білімі бар мамандар жетіспесе, өзге бөлімше құру немесе лауазым алу, тіпті оларға нақты қажеттілікті түсінген жағдай да да жеткіліксіз;

- табиғи факторлар — географиялық немесе табиғи-климаттық. Мысалы, бөлімшелердің аумақтық ыдыраңқылығы, онық орталық басшылығынан байланыссыздығы, жұмыс шартының қысылшаң мінезі және т.б.

Ұйымдық құрылымды жетілдіруде 3 негізгі кзеңнен өтеді:

Бірінші кезең — кәсіпорын құрылымын анализдеу, шақыруды тағайындау, талаптарға сәйкес келу, сапасын сипаттайтын белгіленген бағалық өлшемге шаралардың қолдануы.

Екінші кезең — Кәсіпорын құрылымын жобалау.

Үшінші кезең — Кәсіпорын құрылымының тиімділігін бағалау.

Ақыр соңында жұмыс басқармасының өндірістік құрылымының жобасы оны жетілдіру бағыттарын түйіндейді, ұйымның басқару қызметіндегі тиімділіктің жоғарылығын санына байланысты ажыратады.

56.ҚР туризм индустриясын 2020 ж. дейін дамыту тұжырымдамасының мақсаттары. 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытудың негізі мақсаттары:

  • Қазақстан халқының өмір сүру деңгейін арттыру және туристік саланың мемлекет экономикасына үлесінің артуы;

  • Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының едәуір арту әлеуетін ескере отырып, экономикалық өсу мен инвестицияларды ынталандыру;

  • туризм индустриясы мен экономиканың сабақтас салаларында жұмыс орындарын құру, жалпы ішкі өнім мен экспорттың өсімі:

  • кәсіпкерлікті, оның ішінде экономиканың ілеспес салаларында ШОБ-ты және ауылдық аудандарды қоса алғанда, жалпы республика және өңірлер бойынша адами әлеуетті дамыту:

  • «жасыл экономика» қағидаттарын ескере отырып, қазақстандық қоғамның ауқымды әлеуметтік-экономикалық жаңғыруына ықпал ету болып табылады.

Туризм саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру және саланың даму шарттарын қамтамасыз ету үшін экономиканың басымдықты секторларының бірі ретінде қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешендерін құру және қазақстандық туризмді әлемдік туристік нарыққа ықпалдастыру қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]