Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AMRINA_RK_EKhT.docx
Скачиваний:
131
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
187.39 Кб
Скачать

44. Әуе саяхаттарын жоспарлау ерекшеліктері. 13сурак

Туристік саяхаттарды ұйымдастыру шегінде туристік фирмалар мен авиакомпаниялар арасындағы байланыстың бірнеше формасы бар:

- авиакомпания агенттіліктері арқылы авиабилеттерді сатып алу мен орындарды брондау;

- брондау жүйесі арқылы авиабилеттерді сатып алу мен орындарды брондау;

- тұрақты авиалинияларда орындар квотасына байланысты авиакомпаниямен келісім шарт жасасу;

- өздерінің туристері үшін авиабилеттерді сатудағы агенттік тарапынан жұмыс жасау мен агенттік келісім;

- туристік тасымалдау үшін чартерлік авиарейстерді ұйымдастыру.

Туристік тасымалдаулардың учаскесін дұрыс әрі ыңғайлы етіп таңдау үшін, сонымен қатар туристік авиатасымалдауларға байланысты дұрыс келісім-шартқа отыру үшін авиакомпаниямен қарым-қатынасының барлық ерекшеліктерін, артықшылықтары мен кемшіліктерін білу қажет. Авиакомпаниямен агенттілік арасындағы келісім. Жалпы алғанда кейбір авиакомпаниялар өздерінің агенттері ретінде олармен орындар квотасына келісімі бар барлық туристік фирмаларды санайды. Алайда таза түрде агенттік келісім – бұл ағымдармен жұмыс жасау, яғни туристік фирма өзігінен авиакомпанияның авиабилеттерін (өздерінің туристері және жай сатылым үшін) сату бойынша агенттілігі ретінде шығуға мүмкіндік алғанда, саяхаттауға қажетті құжаттарды толтыру мен брондау процедураларын тездетуге және жеңілдетуге мүмкіндік береді. Туристік фирма авиакомпанияның «билеттерді сату кассасы» ретінде бола алады, яғни өзі билеттерді жазып бере алады және соған сәйкес арнайы компьтерлік жабдықтамасы және авиакомпанияның брондау жүйесіне кіру құқығы бар (мысалы, Габриэль у «Аэрофлота»). Бұндай авиабилеттермен жұмыс жасау түрі «авиабилеттер ағымымен жұмыс жасау».

Чартер (ұшақ арендасы). Чартерлік авиатасымалдауларды ұйымдастыру кезінде тапсырыс беруші мен авиакомпания маршрутты анықтап, онымен рейстің бағасы, екі жатың міндеттері қарастырылады және келісім-шарттың халықаралық ережелерге сәйкестігі анықталады. Одан кейін арнайы чартерлік келісім жасалып, онда келесідей мәселелер талқыланады:

- ұшақ түрі (маркасы);

- сатылымға орындар саны;

- ұшақтың арендасының бағасы;

- аэропорттағы келуі мен кетуін көрсететін маршрут;

- келісім-шарттың ұзақтығы (маусым, жыл т.б.);

- авиарейстерді жасау жиілігі;

- авиарейсті болдырмау немесе бас тарту мүмкіндігі мен мерзімі және сәйкес санкциялары.

Чартерлік бағдарламаның инициаторы ретінде көбінесе бір емес, бірнеше туроператор болады. Олар алдын ала өзара ұшулардың шарттарын талқылайды. Авиакомпаниямен ұшақты жалдау кезінде дұрыс қарым-қатынас болғанда келісім-шартқа сәйкес әр ұшудан кейін міндетті балансты орнатып бағасын төлеу карастырылады. Чартерлік рейстер жолаушылардың алдындағы тасымалдаушының міндеттері халықаралық Варшавалық конвенция талаптарына қарсы келмеу керек.

45. Туроператор және Турагент ұғымдарына анықтама берiңiз. Олардың айырмашылығына сипаттама.

Туристiк оператор – коммерциялық мақсаттағы туристiк өнiмдi жоспарлауға, өндiруге, жүзеге асыруға, Өткiзуге қатысатын туристiк нарықтың белсендi субъектiсi;

Туристiк операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) - қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар заңды тұлғалардың (бұдан әрi – туроператорлар) өздерiнiң туристiк өнiмдерiн қалыптастыру, ұсыну және туристiк агенттер туристерге өткiзу жөнiндегi қызметi;

Туристiк агент – туроператор мен тұтынушының арасындағы делдал фирма;

Туристiк агенттiк қызмет (турагенттiк қызмет) - қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрi – турагент) туристiк өнiмдi ұсыну және өткiзу жөнiндегi қызметi;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]