Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AMRINA_RK_EKhT.docx
Скачиваний:
131
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
187.39 Кб
Скачать

67.Қр Жеке кәсіпкерлік туралы заңы.

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124 «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңы жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыруына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерліктің  еркiндiгiн қамтамасыз  ететiн негiзгi құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді айқындайды.

Жеке  кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттік мүдделері мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау болып табылады.

Жеке кәсіпкерлік субъектiсi болып табылатын заңды тұлға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында   көзделген ұйымдық – құқықтық азаматтық заңнамасында көзделген  ұйымдық – құқықтық нысанда ғана құрыла алады

Жеке кәсіпкерлік  субъектiлерi шағын кәсіпкерлік субъектiлерiне,  орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне және iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жатқызылуы мүмкін.

Заңды тұлға құрмаған,  жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын дара кәсіпкерлер және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын,   жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын және   жыл бойғы  активтерінің  орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған    республикалық бюджет туралы   заңда белгiленген алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субьектілері болып табылады.

68.Қр Туристік қызмет туралы заңы.

Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы 2001 ж. 13 маусымдағы № 211-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы(2014.29.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

1-тарау. Негізгі ережелер

(1 - 7 баптар)

2-тарау. Туристік қызметті мемлекеттік реттеу

(8 - 14 баптар)

3-тарау. Туристік қызметті ұйымдастыру

(15 - 23 баптар)

4-тарау. Туристің құқықтары мен міндеттері, туристің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

(24 - 27 баптар)

5-тарау. Қорытынды ережелер

69.Туризмдегі сақтандыру жолдары. (Жауабы 30 сурак. Екеуи бирдей!!!!)

70.Туристік өнімді жылжытудағы келісімшарт түсінігі.

Туристік өнім тауар ретінде тұтыну қорымен, яғни пайдалылығымен немесе адамдардың белгілі бір рекреациялық қасиеттерімен сипатталады. Туристік өнімнің пайдалылығы оның субъект үшін құндылығымен анықталады. Сондықтан туроператор адамдардың көпшілігіне құнды туристік өнім шығаруы, ол өнім шығаруға индустриалды технологияларды да пайдалануға болар еді.

Турөнімді алға жылжыту үшін туризм саласында кең танымал келесідей маркетингтік әдіс- тәсілдерді қабылдау қажет:

  1. Ғаламторда өз бетінше іздеу

Қазіргі таңда батыс еуропалықтардың 50%-дан астамы өздерінің қажеттіліктерін ғаламтордан іздейді.

Облыстың туристік өнімі мен көрнекті орындары ғаламтор сайттарында жариялануы керек. Және тез қолжетімді, кәсіби, әдемі, танымал әрі тартымды ғаламтор парақшасында турөнімді жүзеге асыру барысындағы әріптестерге (қонақүйлер, турфирмалар) сілтемесі болуы қажет – тұтынушы тек толыққанды ақпарат алып қана қоймай, алдын ала орынды брондау қызметін қолдана алатындай болғаны жөн. Ғаламтор парақшасы әлеуетті тұтынушыларды қазақ және орыс тілінде ғана емес, ағылшын тілінде де ақпараттындыруы қажет. Бұл сайт тұрақты әрі үлкен жауакершілікті қажет етеді. Сайтта ақпараттарды жаңартып, хаттарға жауап жазу үшін бір кәсіби маманды жалдаған жөн.

71. Агенттік келісімшарт түсінігі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]