Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AMRINA_RK_EKhT.docx
Скачиваний:
131
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
187.39 Кб
Скачать

31. Туризмдегі қауіпсіздік

Қауіп – зардап, жарақат немесе басқа зиян әкелетін материал немесе жағдай.

31. Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шараларға саяхаттары, жарыстарды ұйымдастыру, даярлау және өткізу шаралары жатады: қатысушылар мен жетекшілердің көп қырлы дайындығы, маршруттарды, жарыс, жаттығу орындарын дайындау, туристік топтардың материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыздануы, туристік консультацияларды, тексеру мен бақылауды ұйымдастыру, жәрдем беру, іздеу-құтқару жұмыстарын өткізу.

Қауіп-қатер себептері шартты түрде төрт топқа бөлінеді:

1 топ: табиғи қауіп-қатерлер;

2 топ: материалдық-техникалық қамтамасызданудың қателіктері мен жетіспеулігі;

3 топ: саяхатты дұрыс ұйымдастырмау;

4 топ: медициналық сауатсыздық, тәжірибе мен тактикалық-техникалық дайындықтың жетіспеуі, тәртіпсіздік.

Табиғи қауіп-қатерлері:

  •           жер сілкінісі, қар мен тас көшкіні, мұз бен қар кертпештердің құлауы, мұздағы жарықтар, сел, тау өзендері;

  •           ауа райының қолайсыздығы – жел, найзағай, ауа температурасы мен ылғалдылығының шұғыл өзгерісі, жауын, қар, күн сәулелері, қараңғылық.

32. Туристік кәсіпорындағы ақпараттық технологиялар

Туристік фирма жұмысын ұйымдастыру кезінде маркетинг ақпарат ең маңызды болып табылады.  Ақпарат – маркетинг зерттеулері барысында жиналған мәліметтердің жиынтығы. Жақсы ақпарат келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:

  1. бәсекеде басымдылықты алу;

  2. шығын қаражатының қауіп-қатерін төмендету;

  3. ішкі және сыртқы ортаны бақылау;

  4. стратегияны дұрыстау;

  5. нарық жағдайын бағалау;

  6. тұтынушылардың жарнамаға деген сенімін арттыру;

  7. тиімділікті көбейту;

  8. фирманың өз жұмысын дұрыс бағалау.

Маркетинг шараларды орындауға керек ететін барлық ақпарат жиынтығынмаркетингтік ақпараттық жүйе деп атайды. Маркетингтік ақпарат жүйесі – туристік мекеменің ішкі және сыртқы жағдайын сипаттайтын мәліметтерді жинау, жүйелеу, бағалау және оларды қолдануды қамтамасыз етеді. Ол мынадай шағын жүйелерден тұрады:

  • ішкі ақпарат;

  • сыртқы ақпарат;

  • алғашқы ақпаратты жинау;

  • ақпаратты талдау.

Маркетинг жүйесінде ақпараттарды құрастыру мен пайдаланудың негізгі қағидалары:

-ақпараттың өзектілігі;

-ақпараттың дəлме-дəлдігі;

-мəліметтердің релеванттілігі;

-алынған ақпараттың толық бейнелеуі;

-мəліметтердің мақсаттылығы;

-ақпараттың біртұтастығы жəне сəйкестігі.

Маркетинг ақпараттың тұрақты, ауыспалы, эпизодикалық түрлері.

Тұрақты ақпарат тұрақтылықты, яғни маркетинг ортасының ұзақ уақыт өзгермей тұруын көрсетеді.

Айнымалы ақпарат  маркетинг жүйенің нақтылы сандық және сапалық сипаттамаларын көрсетіп тұрады.

Эпизодикалық ақпарат керекті жағдайда ғана қалыптасады, мысалғаөнім бағасының өзгеруіне анализ жасағанда немесе жаңа бәсекелестер туралы қосымша мәліметтер жинағанда.

Маркетинг ақпараттың демоскопиялық жəне экоскопиялық түрлері.

Демоскопиялық ақпарат  турист туралы мәліметтер жинау (жасы,жынысы, ұлты, әлеуметтік жағдайы, табыс деңгейі, жанұясының табысы және т.б.).

Экоскопиялық ақпарат  жалпы экономикалық жағдайлар, туризм нарығының жағдайы, туристік қызметтердің бағасы туралы мәліметтерді көрсетеді.

33. Дүниежүзілік туризм бойынша Манильдік деклорацияция.

1980 жылы 27 қыркүйек пен 10 қазан аралығында Манилада (Филиппины) болып өткен Дүниежүзілік туристік ұйымның туризм жөніндегі Дүниежүзілік конференциясында 107 мемлекеттің және 91 қадағалаушы делегацияның қатысуымен қарқынды дамып әрі өзгеріп отырған әлемдегі атқарар рөлінің барлық мағынасындағы нақты көрінісін айқындау үшін, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы елдер мен халықтар өмірінің экономикалық саласынан асып кеткен қызмет ретінде туризмді дамытудағы мемлекеттердің жауапкершілігін қарау,халықаралық жағдайды жақсартуға бағытталған барлық мемлекеттердің күш біріктіруінің арқасында халықаралық туризм бейбітшілік пен қауіпсіздік жағдайда дамитындығын ескере отырып, халықаралық ынтымақтастық пен достықты дамыту, адам құқығын сақтау, құрметтеу және барлық мемлекеттер арасындағы өзара түсіністік рухында, бүкіл дүние жүзінде әлемдік туризмнің бейбітшілікті қамтамасыз етуге себепкер болатын факторын ескере отырып, әлемдік туризмнің дамыған және дамып келе жатқан мемлекеттер арасындағы экономикалық айырмашылықты қысқартуға ықпал ететін жаңа халықаралық экономикалық тәртіпті орнатуға өзінің үлесін қосатындығына және экономиканың тез және қарқынды дамуын қамтамасыз ететіндігіне сене отырып, әлемдік туризмнің тек қана мемлекеттер арасындағы әділдік, тең тәуелсіздік, ішкі істеріне араласпаушылық және экономикалық және әлеуметтік жүйелеріне қарамастан олардың түпкі мақсаты барлық халықтардың адами тұрмыс жағдайын жақсарту болып табылса жоғарыда баяндалғандарды негізге ала отырып, төмендегілерді басшылыққа алуға және жариялауға келіседі:

34 Туризм бойынша Гаага декларациясы.

1989 жылдың 10-14 сәуірінде Гаага қаласында (Нидерланды) өткен Туризм жөніндегі парламентаралық конференция Нидерландтардың парламентаралық тобының шақыруымен Парламентаралық Одақпен (ПАО) және Дүниежүзілік туристік ұйыммен (ДТҰ) бірлесе отырып,

- жеке, сондай-ақ ұжымдық туристік саяхат, сапарлар және келулерді ұйымдастыру барлық елдердің мүдделеріне жауап береді, халықаралық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер арасында өзара түсіністік пен сенімділікті қалыптастыру, сондай-ақ бүкіл әлемде бейбітшілікті орнықтыру арқылы экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамытуға үлес қоса отырып,

- осы қызметті жүзеге асыру кезінде туризм саласын дамытудағы дамушы елдердің ерекше мәселелерін ескере отырып,

- 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқығының жалпы декларациясын, соның ішінде оның 24 бабын еске сала отырып, яғни: “Әрбір адамның соның ішінде шектеулі жұмыс уақытына және кезеңдік арқылы демалысты қоса алғанда демалуына және бос уақытқа құқығы бар”, сонымен бірге БҰҰ Бас Ассамблеясының 1966 жылы 16 желтоқсанда қабылдаған Халықаралық әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтар туралы пактінің 12 бабындағы “Әрбір адам өз елін қоса алғанда, кез келген елден кетуге еркі бар” дегенді ескере отырып,

- Халықаралық туризм және саяхат жөніндегі БҰҰ конференциясы (Рим,1963 жылғы қыркүйек)қабылдаған қарарлар мен ұсынымдарды және соның ішінде әлемнің әртүрлі елдерінде туризмді дамытуға жәрдем көрсету және халықаралық туризмге қатысты үкіметтік рәсімдерді жеңілдетуді ескере отырып,

- туризмнің ізгілік мәнін атап көрсеткен, барлық халықтардың жаңа сапалық қасиеті мен бейбітшілікті және халықаралық түсіністікті нығайтудағы туризмнің рөлін таныған және оны дамытудағы, әсіресе туризмнің мәні туралы әлем халықтарының хабардар болуын және адамзаттың құндылығы ретінде туристік ресурстарды сақтау және байыту, халықаралық экономикалық жаңа тәртіпке жауап беретін мемлекеттердің міндетін айқындап берген Әлемдік туризм жөніндегі Манила декларациясындағы және Акапуьлко құжатындағы,Турист кодексі мен Туризм хартиясында жазылған қағидаттарға сүйене отырып,

- “экономикалық дамуға, халықаралық өзара түсіністікке, бейбітшілікке, өркендеуге, жалпы сыйластыққа  және адам құқығын сақтауға және барлық адамдарды нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне айырмастан негізгі бостандықтарға үлес қосу үшін туризмді дамытуға жәрдем көрсету мақсатында”(ДТҰ Жарғысының 3 (1)-бабы) Біріккен Ұлттар Ұйымы мойындаған туризмді дамытудағы Дүниежузілік туристік ұйымның (ДТҰ) “орталық және шешуші рөлін”ескере отырып,

- туризмді жан-жақты дамытуға көптеген үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, атап айтқанда Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы  (ДДСҰ), Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім,ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі комитеті (ЮНЕСКО), халықаралық теңіз ұйымы (ХТҰ), Халықаралық азаматтық авиация ұйымы  (ХААҰ), Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі БҰҰ бағдарламасы, Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы (Интерпол) және Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы (ХЫДҰ) үлес қосады және осы ұйымдардың ДТҰ-мен тығыз байланыстағы ынтымақтастығының мәнін атап көрсете отырып,

- Адам құқығының жалпы декларациясында, Халықаралық әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтар туралы пактіде және басқа да халықаралық және өңірлік заңдық құжаттарда көрсетілген еңбек ету құқығына деген адамның табиғи қажеттілігін,негізгі құқығын,демалысқа,бос уақытқа,және кезеңдік ақылы демалысқа құқығын,сондай-ақ осы уақытты білім алу және саяхат жасау мақсатындағы,ішкі және халықаралық туризмнен алынатын игіліктерді алу мақсатындағы туризмнің рөлін салтанатты түрде растай отырып,

- 1925 жылы Гаагада өткен туристерді тасымалдаумен айналысатын ресми қауымдастықтардың Халықаралық бірінші конгресінде Халықаралық ресми туристік ұйымдар одағының негізі қаланды, ол 1975 жылы Дүниежүзілік туристік ұйым болып қайта құрылғандығын еске сала отырып,

- Туризм жөніндегі Гаага декларациясын халықаралық ынтымақтастықтың, халықтар арасындағы жақындасудың құралы және жеке ұжымдық дамудың факторы деп жариялайды,

- парламенттерді, үкіметтерді, туристік қызметке жауап беретін мемлекеттік және жеке ұйымдарды, қауымдастықтар мен мекемелерді, туризм саласындағы кәсіпқойларды, сондай-ақ туристердің өзін оның қағидаттарын, бұдан әрі қалай жазылса, солай ескеруге және өз қызметтерінде тұрақты түрде негізге алуға шақырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]