Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AMRINA_RK_EKhT.docx
Скачиваний:
131
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
187.39 Кб
Скачать

72. Туристік кәсіпорыннның бизнес-жоспары

Бизнес-жоспарсыз мекеме болмайды. Кезкелген алғашқы үш ай мерзімінде банкротқа ұшыраған мекеме басшыларын қоспағанда өмірінде бір рет болсын бизнес-жоспар жасайды. Ол жай ғана парақты алып басты сызбалар бойынша өз идеяларын түсірсе де, бизнес-жоспардың алғашқы нұсқасы ретінде жоспар болып саналады.

Жоспар болашаққа іс-әрекетті болжауға мүмкіндік береді. Жоспар қаншалықты жақсы жасалса, соғұрлым жобаны жүзеге асыру кезінде күтпеген жағдайлар аз болады. Бизнесте кезкелген жетістікке жету – ол жақсы жоспардың нәтижесі. Сондықтан қандай да бір іс-әрекетпен айналысуды бастағыңыз келсе, нақты мақсаты бар, сол мақсатқа жету жолдары көрсетілген, әрбір үтір-нүктесіне дейін ойластырылғанжоспарыңыз болуы керек. Ал енді осы бизнес жоспардың не екенін негізгі бөлімде қарастырамыз.

Бизнес-жоспар – инвестициялық жобаның визиттік карточкасы. Ол инвесторға осы жобаға қаржы салу-салмау керектігін көрсетеді және қандай жағдайда оны жүзеге асыруға мүмкіндік бар екенін көрсетеді.

Бизнес жоспар кәсіпкерге келесідей сұрақтарға жауап береді:

– отандық немесе шетелдік нарыққа шығу үшін қандай өнім шығару немесе қандай іс-әрекет түрімен айналысу керек;

– ұсынылып отырған өнім немесе қызметке нарықтық сұраныс қалай болады және ол қалай өзгеріп отырады;

– бизнес жобаны жүзеге асыру үшін керекті ресурс және оның мөлшері қандай?

– қажетті шикізат қанша тұрады және тұрақты серіктестерді қайдан табуға болады?

– өндірісті ұйымдастыру үшін жалпы кететін шығын мөлшері;

– жалпы түсетін пайда және оны бизнес жобаның мүшелері арасында қалай бөлу керек;

– өнімнің немесе қызметтің нарықтағы бағасы қалай қойылады және оған бәсекелестердің әсері;

– бизнес тиімділігінің көрсеткіштері қандай және оны қалай көтеруге болады?

Бизнес-жоспар – болашақ бизнес жобаның немесе бизнес кәсіпорынының барлық жағын сипаттайтын немесе нарықта жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның іс-әрекетіне бағытталған, мекеме кездесуі мүмкін жағдайларды және оларды шешу жолда­рын көрсететін жоспарлы құжат.

Бизнес-жоспар – ағылшын тілінде «bisness» табыс табуға бағытталған нарықтық келіссөздер жүргізу бағдарламасы, кәсіпкерліктегі амалдар мен тәсілдер жиынтығы. Бизнес-жоспарды жасауда ең бастысы – мақсаттар мен міндеттерді нақты анықтап алу. Бизнес-жоспар компанияның өз күшімен немесе арнайы маманданған мекемелердің көмегімен жасалады. Олар: сауда палаталары, салалық ассоциациялар немесе қорлар, консалтингтік компаниялар.

Бизнес-жоспардың көлемі мақсатқа байланысты, жоспардың нәтижесі мақсатқа жету болып табылады. Жалпы ереже бойынша бизнес-жоспар бірнеше жылға (3-5 жылға) жасалады, ал бірінші жылдың жоспары нақты жоспардың құжаты ретінде маңызды.

Кәсіпкерлік тәжірибе бойынша да, ғылыми әдебиеттерде де бизнес-жоспардың құрылымы мен мазмұнына біртекті нұсқаулар жоқ, себебі әрбір бизнес-жоспардың мақсаты, кәсіпкердің таңдап алатын өндіріс саласы, ұйымның даму стратегиясы әртүрлі, әрқайсысының өз ерекшеліктері болады.

Кәсіпкер жеке өзінің ісіне бизнес-жоспар дайындау кезінде мынандай бөлімдерді қарастыру керек:

  1. Ұйымның жалпы сипаттамасы (Резюме).

Бұл бөлім барлық басқа бөлімдерді дайындап болғанан кейін дайындалады. Негізгі бағыт – анықталған мақсат және стратегияға жету жолдары.

  1. Тауардың сипаттамасы. Бұл ұйымның ең маңызды іс-әрекеттерінің нәтижесі. Жұмысқа кірісер алдында кәсіпкер өндіретін тауары мен көрсететін қызметтері туралы тұтынушыларға анық, жан-жақты толық сипаттма беруі керек.

  2. Тауар өткізу нарығы.

Кәсіпкерлік ұйым тұтынушалар үшін жұмыс істейтін, сондықтан сатып алушыларды анықтап, нарықты талдауы, өндірілген тауары мен қызметтері нарықтан “шығып қалмауы” жағдайын алдын-ала қарастыру керек. Әдетте ереже бойынша нарықты зерттеу 4 кезеңге бөлінетінін естен шығармау керек.

  1. Өткізу нарығындағы бәсеке.

Нарық сатушылар мен сатып алушылардың қарым-қатынасын көрсететін күрделі механизм. Сатушы ретінде көптеген коммерциялық ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер болуы мүмкін. Сондықтан бәсекелес кәсіпкерлердің іс-әрекеттерін алдын ала зерттеп, талдау қажет. Бұл бөлімде нарықтық конъюктураны талдау, нарықтық стратегия мен тактика, бәсекелестердің сипаттамасы көрсетілуі тиіс.

  1. Маркетингтік жоспар.

Бұл бөлімде кәсіпкер әріптестеріне және инвесторларға маркетинг жоспарын, оның негізгі элементтерін түсіндіруі тиіс. Әрбір тауар түріне арнайы жоспар болуы керек, сонымен бірге тауарларға байланысты нарықтық өзгерістер, жаңа тауар өндірісін дамыту мәселелері қарастырылып , осылардың барлық жиынтығы маркетингтік жоспар деп аталады.

  1. Өндірістік жоспар.

Бұл тек қана өндіріспен шұғылданатын кәсіпкерлер үшін қажет . Басты міндет Әріптестерге қажетті тауарды тиісті мөлшерде талап етілген сапада мезгілінде өндіретінін дәлелдеу. Яғни қажетті тауарды өндіру процесін, өндірісті ұйымдастыру. Бұл бөлімнің мәліметтері 2-3 жылға жоспарланады, ал ірі кәсіпорындар үшін 4-5 жылға есептеледі.

Өндіріс барысында қалай жүргізетіні, схемасы, шикізат қайдан келетіні, қандай өнім өндіріліп, қайда қашан жіберілетіні туралы нақты мәліметтер көрсетіледі. Сыртқы эксперттер нарық талабына сай технологиялық схеманы, еңбекшығынының азаю деңгейін, өнімдер ассортименті өзгерісіне баса көңіл аударады. Сондықтан өндірістік жоспарда өнім өндіру үшін өндірісті дамыту мәселелері толық көрсетілуі тиіс.

  1. Ұйымдастырушылық жоспары.

Бұл бизнес жоспардың бұл бөлімінде ұйымды басқару деңгейі, кәсіпкер мен ұйым мүшелерінің білімі, тәжірибесі, кәсіби мамандану деңгейлері көрсетіледі. Шағын кәсіпкерлікте әрбір маманның ролі мамандық деңгейі өте маңызды, сондықтан қызметкерлердің әлсіз және күшті жақтарын анықтап, нақты сипаттама берген дұрыс.

  1. Кәсіпкерліктегі тәуекелділік.

Бұл бөлімде кәсіпкерлік іс-әрекеттердегі мүмкін болатын қауіптерге тәуекелділік жағдайлары сипатталады, әртүрлі сыртқы және ішкі қауіпті жағдайлар мен оның зардаптарын жою жолдарын немесе алдын алу мәселелері қаралады.

Бизнес–жоспар дайындау кезінде кәсіпкерлік істердегі тәуекелділік жағдайларын басқару мәселелеріне айтарлықтай көңіл бөлінуі тиіс.

  1. Қаржылық жоспар.

Бұл бөлім ең қорытынды кәсіпорын іс-әрекеттерінің нәтижесін көрсететін бөлім болып табылады. Қаржы бөлімінде кәсіпкерлік іс-әрекеттердің даму стратегиясы, қаншалықты жүзеге асырылғаны көрінеді.

  1. Қосымшалар.

Қосымшаларда бизнес-жоспардың кейбір бөлімдерін нақтылай түсетін мәліметтер болады. Олардың құрамы мен мөлшері көздеген мақсатқа, бизнес ісінің мазмұнына байланысты.

Бизнес-жоспардың сыртқы бетінде бизнес-жоспардағы мәліметтердің кәсіпкерлік құпия екенін, сол істің иесіне ғана арналғанын көрсетуді ұмытпаған жөн.

73. Кәсіпкерліктің мәні және шығу тарихы.

XVIII – XIX ғ.ғ. кәсіпкерлік туралы ғалымдардың көзқарасын талдау арқылы, мынадай қорытынды жасауға болады бұл теорияда кәсіпкерлік, кәсіпкер қазіргі жағдайда да өз өзектілігін жоймаған, кәсіпкерлік, кәсіпкер ұғымдарының іргесі қаланған. Сонымен бірге зерттеліп отырған мәселе кең ауқымда қаралған. Ғалымдар өз еңбектерінде экономикалық қызметтегі кәсіпкерлердің ролі мен мазмұнына ғылыми – тәжірибелік анықтама берді. XIX ғасырдың басында кәсіпкерліктің экономикалық ұйымдастырушылық және психологиялық белгілерін бөліп көрсетті және олар кейінгі кезде негізгі функцияларымен тығыз байланыста жүзеге асуда. XIX ғ. өзінде – ақ ғалым - экономистер кәсіпкерліктің жаңашылдық аспектілеріне көңіл аударған. Бұл көзқарас XX ғасырдың екніші жартысында да өзінің маңызын жойған жоқ. Кәсіпкерлік пен кәсіпкерлердің маңыздылығы жайында кейбір ғалым – экономистердің пікірін талдайтын болсақ, америкалық ғалым Р. Хизрич пен М. Питерс XVIII ғасырда берген анықтамасында кәсіпкер – мемлекетпен алдын – ала құны белгіленген келісім жасаушы тұлға деген. Мұндай адам келісімді орындау барысында барлық шығынды өз жауапкершілігіне алады, егер келісімде көрсетілген мөлшерден аз шығын жұмсаса, артығы өзінде қалады .

Олардың пікірінше кәсіпкерлік туралы алғашқы тұжырымдама жасаған Ричард Кантильон (1680-1734), оның ойынша кәсіпкер дегеніміз тәуекелділік жағдайында әрекет етуші адам. Ж. Бодоның да пікірі көңіл аударлықтай: «кәсіпкер – бұл кәсіпорынның ісін жоспарлайтын, ұйымдастыратын және бақылайтын, яғни барлығына өзі жауап беретін тұлға» - деп анықтама береді.

Кәсіпкерлік теориясына айтарлықтай үлес қосқан француз ғалымы Жан Батист Сэй (1767-1832). Ол А. Смиттің «Халық байлығы» атты бағалы еңбегімен таныса келе, кәсіпкерліктің мәні мен функциялары туралы өзінің де пікірін білдірген. өзінің «Саяси экономия трактаттары» еңбегінде (1803) Сэй кәсіпкер тұлғасына аса көңіл аударып, келешекте кәсіпкер ұғымы экономикалық теория беттерінен түспейтінін атап өтеді. Ол өндірістің маңызды үш факторын (жер, еңбек, капитал) қоғам байлығының көзі екенін дәлелдейтін теориясын ұсынды. А. Смит бойынша кәсіпкер – жер өңдеуші болса, Сэйдың айтуынша, кәсіпкер - өнеркәсіпшіл. Ол кәсіпкерліктің жаңашылдық, белсенділігі жағына көбірек көңіл бөледі. Сэйдың бұл көзқарасын кейін И. Шумпетер, П. Друкер сияқты ғалымдар да бөледі. Қазіргі заманғы кәсіпкерліктің дамуы үшін XVIII – XIX ғ.ғ. ғалым – экономистердің тұжырымдамасының маңызы зор. Олардың айтуынша кәсіпкер дегеніміз – капитал иесі, өзінің ісініңиесі, оны басқарушы, меншік иесінің өз еңбегін жүзеге асыруы.

XX ғасырдың екінші жартысында көптеген батыс елдерінде кәсіпкерліктің өркениеттілігі артып, дами түсті. А. Каминка деген ғалым кәсіпкер деген – пайда келтіретін және іспен айналсатын адам деп көрсетті.

Революцияға дейінгі орыс ғалымы А. Петражицкий кәсіпкерді өз бетімен шаруашылық жүргізетін, кәсіпкерлік үшін барлық мүлікке тәуекел еткен, өз ісі үшін барлық байлығымен жауап беретін адам деп түсіндірді. Ал 30-шы жылдары белгілі америкалық кәсіпкер Генри Фордтың еңбегі жариялананды, ол 1953 К. Рендолдың «Еркін кәсіпкерлік кредосы» атты бағалы еңбегі жарық көрді. Шетел ғалымдарының экономикалық – ғылыми еңбектері 1970 жылдары жарияланды. Ал соңғы 15 жылда шыққан ғылыми еңбектер, кәсіпкерлік мәселелерін шешуде, кәсіпкерлік тәжірибесін шыңдап, кемшіліктерді жоюға зор көмегін тигізді.

Ал Друкердің ойынша кәсіакерлік – ғылымнан гөрі нақты іс-әрекетке жақын, ал іс-әрекетте, тәжірибеде жаңа өзгерістер мен жаңалықтар болуы керек.

Друкер Шумпетердің пікірімен қосыла отырып табысқа жету жолындағы төрт кәсіпкерлік стартегиясын ұсынды

  1. бірінші болып алға шығу;

  2. күтпеген жерден, шапшаң ұмтылу;

  3. экологиялық кеңістіктерді жедел тауып, орнын басу.

  4. өнімдердің нарықтық өндіріс саласының экономикалық сипатын анықтап, бағалау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]