Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП конечная.docx
Скачиваний:
104
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.32 Mб
Скачать

2.3 Аспирациялық және пневмотранспорттық қондырғылар

2.3.1 Аспирациялық және пневмотранспорттық желілерді үйлестіру

Желдету – бұл бөлмеде қадағаланылатын ауаалмастыру процессі. Желдету қажетті тазалықты, температураны, ылғалдылықты және ауаның бір қалыпты ұстап тұру үшін арналған. Бөлме ішінде ауа алмастыруды қамтамасыз ететін қондырғыларды желдету қондырғылары деп аталады.

Аспирация (латыншадан aspiration – сору) – бұл қондырғыдан ауаны сол қондырғы сыртқы ортаға шаң шығармас үшін ваккум істей отырып сору.

Астық өңдеу кәсіпорындарында барлық өңдеу және сақтау технологиялық процесстері өте жоғары концентрациядағы шаң шығарумен жүреді, ал ол шаң концентрациясы өрт қаупіне алып келеді. Егер ол шаң сыртқа ортаға шығатын болса, ол қоршаған ортаға және адам денсаулығына қауіпті. Сол себептен желдетудің бұл өндірістерде маңызы зор.

Аспирацияның жақсы жобалауынан атмосфераның және адам өмірінің денсаулығы ғана емес, сонымен қатар еңбектің өнімділігі мен өнімнің сапасы да байланыс болады.[18]

Жобаланатын желдету қондырғылары келесілерге сай болуы керек:

  • жобалау ережелеріне және құрылыс нормаларының талаптарына; өндірістік кәсіпорындарының жобалануының санитарлық нормаларының талаптарына;

  • өрт қауіпсіздік ережелеріне;

  • еңбек қорғау және техникалық қауіпсіздік ережелеріне;

  • желдету қондырғыларын қолданудың техникалық ережелеріне.

Санитарлы – гигиеналық талаптарын және желдету қондырғыларын жобасын орындау үшін әр бір машинаға және бункерге аспирациялық жүйені орнату керек.

Желдету қондырғыларын беріктігін қамтамасыз ету үшін жобалау кезінде бір желіде 6 – 10 –нан артық емес сору нүктелерін, қондырғыларды жинаған кезде оларға жылы немесе суық ауаның түспеуін, қондырғыларды реттелетін режимдермен орнату керек.

Көлденең аймақтарда диаметрлері 100 мм – ден кем емес ауа құбырларын қолдануға болмайды.

Желдеткіштерді арнайы алаңдарда немесе төбелері жабық жерлерде орнатуға болады. Желдеткіштерді орнатқан кезде оның оң немесе сол жаққа айналатынын және қорабының алты түрлі жағдайда орналасуы мүмкіндігін ескеру керек. Жобалауда желдеткіш жұмыс істеген кезде пайда болатын шу мен дірілмен күресу жолдары көрсетілуі керек.[17]

Ауа құбырлардың жолын жүргізген кезде олар мына талаптарға сай болуы керек: ауақұбырлар қабырғаларға параллель және алып кету қондырғыларының саны аз болуы керек; желдету желісіне біртекті машиналарды жалғаған кезде симметриялық аймақтар жасау керек; көлденең жататын ауақұбырларын терезе деңгейінен жоғары орнату керек; тігінен орнататын ауақұбырларын терезеге қарсы орнатпайды, оларды қабырға арасына орнату керек; алып кету қондырғыларын радиуысы r = 1,5 – 2D болатын етіп қабылдау; үштік қосылу және ажырау жерлері бұрышы 450 артық болмайтындай етіп жасау керек.

Ұн және жарма зауыттарының көбінде пневмотранспорт қолданылады. Цех ішіндегі пневмо желілерді технологиялық процесстің жүруіне, өнімнің қозғалу коммуникациясына және технологиялық қондырғыларға байланысты жобалайды.

Өнімнің қозғалу коммуникациясына негізінде пневмпотранспорттық санын, сандық баланс негізінде олардың өнімділігін анықтайды. Цех ішіндегі пневмотранспотты жобалаған кезде төмендегілерге ұмтылу керек:

  • өнімтасымалдағыштардың минималды санына;

  • олардың ұзындығының қысқалылығына және олардың фасондық детальдарының аздығына;

  • технологиялық қондырғыларды тиімді және ыңғайлы, пневмотранспортты қолданатындай етіп орналастыру керек;

  • қондырғыларды шаңсыздандыру мақсатында пневмотранспорттарда максималды түрде ауаны қолдану.

Ұн зауыты үш бөлімнен, яғни дайындау, майдалау және дайын өнім бөлімі, тұратындықтан, әр бөлімнің аспирациялық жүйелерін есептеу бөлек схемалары бойынша жүргізіледі.

Астық өңдеу кәсіпорындарындағы желдету қондырғылары келесі мақсатта қолданылады:

  • технологиялық және транспорттық жабдықтарды шаңсыздандыру;

  • өнімдерді ауамен елеу кезінде жабдықтардан шаңды ауаны сору;

  • жабдықтардан ылғал мен жылуды шығарып алу;

  • қызметкерлерге қолайлы жағдай туғызу.

Стандарттарға сай ауа құрамының шектік рұқсат етілген концентрация нормалары:

  • элеватордың жұмыс аумағында, диірменнің дән тазалау бөлімінде, тұқым тазарту және құрама жем зауытында 4мг/м3

  • диірменнің майдалау және қаптау бөлімінде, жарма зауытың ақтау -қаптау бөлімінде – 6мг/м3

Желдету қондырғылары келесі элементтерден тұрады: желдету баспанасынан, сору келте құбырынанан, ауа құбырларынан, шаң бөлгішінен және желдеткіштен.[18]

Шаң бөлгіштер мен желдеткіштің өзара орналасуына байланысты және шаң бөлгіштердің санына қарай желдету қондырғыларының әртүрлі схемалары қолданылады. Шаң бөлгіштер шаңды ауа қоспасынан және жеңіл қалдықтарды ажыратып алу үшін қолданылады.

Шаң бөлгіш типтері:

  • гравитациялық (шөктіру камералары)

  • инерциялық (циклондар)

  • сору жеңдік фильтр

  • фильтр циклон

Гравитациялық шаң бөлгіштер ауаны алдын ала дөрекі тазарту үшін қолданылады. Олардың тазарту деңгейі жоғары емес – 50-60%. Келесі циклондардың типтері кеңінен қолданылады: ЦОЛ, батареялық циклондар (БЦЩ және УЦ), бұлардың ауаны тазарту деңгейі сәйкесінше – 90, 95 және 98%-ды құрайды. Бұл циклондағы ауаның тазарту деңгейі ауаның циклонға кірер жердегі жылдамдығына байланысты. Бұл циклондар үшін тиімді кіру жылдамдықтары ұсынылады. ЦОЛ – 18м/с, БЦЩ – 16-18 м/с, УЦ – 10-12 м/с. Желдету және пневмотранспорт қондырғыларында ауаны жоғары деңгейде тазарту үшін сору жеңдік фильтрлері қолданылады. Бұл фильтрдегі ауаның тазарту деңгейі 98-99%-ға жетеді. ГН-БФМ фильтрлері келесі төрт типте шығарылады:

  • екі секциялы (тазалау беті 30м2)

  • үш секциялы (тазалау беті45м2)

  • төрт секциялы (тазалау беті 60м2)

  • алты секциялы (тазалау беті 90м2)

РЦИ типтегі фильтр циклондар жоғары өнімділіктегі жабдықтармен жарақталған ұн зауыттарындағы желдету және пневмотранспорт қондырғыларында ауаны тазарту үшін қоланылады.[17]

Желдету қондырғыларын жобалауды кәсіпорын ғимаратына барлық технологиялық және транспорттық жабдықтарды орналастырғаннан кейікн кіріседі. Желдету қондырғыларын жабдықтау кезінде келесілерді ескеру қажет:

  • технологиялық процестердің талаптарын

  • технологиялық жобалау нормаларын

  • технологиялық жабдықтарды пайдалану шарттарын

  • жобалаудың құрылыстық нормаларын және қағидаларын

  • техникалық қауіпсіздік ережелерін

Желдету жүйелерін үйлестіру кезінде келесі шарттар орындалу керек:

  • бір желдету желісіне бір мезгілде жұмыс істейтін машиналарды біріктіру

  • бір желдету желісіне біріктірілетін жабдықтар сапасы біркелкі болатын өнімдерді өңдеуі немесе тасымалдауы қажет

  • желдету желілерін жобалау кезінде вертикаль орналасқан ауа құбырларының саны максималды болуы тиіс.

  • желдету желісінің горизонталь учаскелері ғимаратының кұрылыстық конструкциялары мен паралель бір деңгейде жүргізілуі керек.

  • ауа құбырларының ұзындықтары минимальды болуы керек

  • ауа құбырларының қимасы дөңгелек болуы керек

Ұн зауыттарындағы желдету қондырғыларын жобалау ерекшеліктері сол бұл жерде қондырғыларды технологиялық принциппен орналастырады. Диірменнің майдалау бөліміндегі желдету жүйелерінде магистральды ауа құбырларында келесі жылдамдықтарды қабылдайды: вертикаль ауа құбырлары үшін 10 м/с, горизонталь ауа құбырлары үшін 12 м/с. Жарма зауытындағы желдету қондырғыларын жобалауды технологиялық принцип бойынша жүргізеді.[18]

Ұн зауытының майдалау бөлімінің аспирациялық желілерін құру кезінде жалпы және технологиялық талаптарды, қондырғылардың біркелкілілігін және шаңның сапасының әртүрлілігін ескеру қажет. Жобалау кезінде біркелкі машиналарды қосады. Цех ішілік пневмотранспорттармен жабдықталған ұн зауыттарында вентиляциялық желі саны шектеулі болады. Оларға қабылдау қондырғысы пневможабдықтармен жабдықталмаған машиналар мен механизмдерді қосады.

Ауаны шаңнан тазарту үшін сорғыш маталы фильтрлер қолданылады. Ситовейкалық машиналардан сорып алынатын ауаны ғана тарзарту үшін кейде УЦ маркалы циклоны қолданылады. Циклондарда тазартылған ауа атмосфераға жіберіледі. УЦ типті циклондар желідегі ауа шығыны арқылы таңдап алынады.

Өндіріс бөлмелерінде желдету жүйелерінің жұмыс істеу нәтижесінде вакуумды жою үшін және ауа алмастыру санын азайту үшін сыртқы ауаны беруді ұйымдастыру қажет. Бұл кезде сырттан берілетін ауаның параметрлері тұрақты болып, санитарлық нормаларға сай болуы керек: температура, салыстырмалы ылғалдылық, қысым, ауа құрамы.[17]