Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП конечная.docx
Скачиваний:
101
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.32 Mб
Скачать

2.1.6 Өңделген өнімдердің қозғалыс коммуникациясы

Коммуникация деп технологиялық схемада көрсетілген машина, транспорттық механизмдер мен бункерлер өздігінен ағынды құбырлармен байланысқан және осы құбырлар арқылы дән және аралық өнім өтетін жүйені айтуға болады. Цех ішілік коммуникация – астық өңдеу кәсіпорындарын жобалауда маңызды бөлімдерінің бірі. Бұл бөлімде қондырғыларды қаншалықты дұрыс және ыңғайлы орналастыру керектігін есептейді, өйткені осы бөлімде вертикал және горизантал бағытта тарнспорттық қондырғыларды ұйымдастыру да қарастырылады.[12]

Ұн зауытының майдалау бөлімінің коммуникациясын алдын ала технологиялық, аспирациялық және ауатранспорттық қондырғыларды үйлестіргеннен кейін жобалайды.

Коммуникацияны дұрыс жобалау, әсіресе, ұн зауыттарында маңызды рөл атқарады, өйткені, бұл жерде қосымша тігінен өнім тасымалдағыш құбырларды максималды түрде қысқарту керек. Ең басты және минималды тігінен транспорттық құбырларға өнімді астыңғы қабатта орналасқан машиналардан үстіңгі қабатта орналасқан машиналарға тасымалдайтын құбырлар жатады. Қосымша тігінен немесе көлденең транспортты механизмдерді қолдану өнімді өздігінен ағынмен жіберу мүмкіндігі болмағанда ғана қолданылады.[13]

Майдалау бөлімнің негізгі тігінен транспортты механизмдердің санын (nВ) мына формула арқылы табуға болады:

nВ = nдр + nс + nшл + nр + nк.л + nо + nм.кр

Мұндағы, nдр - жармалау жүйелерінің саны (ірі және ұсақ); nс - сұрыптау жүйелерінің саны; nшл - қырғылау жүйелерінің саны; nр - ұнтақтау жүйелерінің саны; ұн бақылау жүйелерінің саны (сорт бойынша); nо - кебек үшін арналған құбырлардың саны; nм.кр - манка жармасы үшін норияның саны.

nВ = 4 + 4 + 2 + 12 + 1 + 6 + 2 = 31 дана

Қалған өнім тасымалдайтын тігінен транспорттық механизмдерді қосымша деп атайды. Қосымша транспорттық механизмдерді максималды қысқарту электр энергиясының аз шығындалуына мүмкіндік береді.

Цехішілік транспортқа гравитациялық, пневматикалық және аэрозольді түрлерді жатқызады. Гравитациялық транспортты ұн тарту және жарма зауыттарында кеңінен қолданылады. Оған өздігінен ағу, яғни осы құбырлармен дән, аралық және дайын өнімдерді тасымалдайтын құбырларды жатқызады.

Өздігінен ағу құбырларын көлденең қимаға түсу бұрышымен, қиманың ауданы мен пішінімен сипатталады. Ірілігі әр түрлі сусымалы өнімдерді тасымалдау кезінде өздігінен ағу құбырдың көлденең қарағанда көлбеу бұрышын үйкеліс бұрышынан үлкен етіп алады. Бұл өнімнің үздіксіз жылжып отыруын және құбырлардың бітелуіне жол бермейді.

Аралық өнімдерді тігінен бағытта механикалық транспорт – нориямен және пневматикалық транспортпен, яғни өнімтасымалдағыш құбырлармен тасымалдайды.

Дән мен аралық өнімдерді бір қабатта тасымалдау үшін көлденең бағыттағы шнектерді қолданады. Ситовекалық машиналарда байытылатын жармашықтарды шнектерде тасымалдауға болмайды. Себебі, жармашықтар шнекпен үйкелу нәтижесінде ұнтаққа айналады да, ал ситовейкалық машинада ол қалдықтарға сұрыпталынады. Сол себепті де манка жармасын ұсақтау бөліміне шнекпен тасымалдауға болмайды. Шнектердің орнына шынжырлы конвейерлерді қолданады.

Ұн тарту бөлімінде шнекті транспортты сирек қолданады. Ал дайындау бөлімінде шнектерді тазаланбаған дәнді бункерлерден шығару үшін, ылғалдағаннан кейін бөктіру бункерллердің алдында және олардан кейін қолданады.

Шнектерді әдетте қабаттың жоғарғы жағында және еденнен кемінде 2 м қашықтықта орналастырады. Пневматикалық және аэрозольді қондырғыларда қысымы жоғары ауаны қолданады. Бұл жерде өнім тігінен де көлденең де тасымалданады.[12]